- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •20 Сурет. Асқорыту мүшелерінің орналасуы.
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілер
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері
- •Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы (гэра)
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазан және ұлтабар жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы (стеноз)
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан обыры
- •23 Сурет Асқазан қатерлі ісігінің рентгенограммасы.
- •10 Бейнелеме Ішек ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері
- •Созылмалы энтерит
- •Созылмалы жарасыз колит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бауыр және өт жолдарының ауруларында науқастарды тексеру әдістерінің бейнелемесі
- •Созылмалы гепатит
- •Бауыр циррозы
- •Вирустық цирроз
- •Алкогольдік (портальдік) цирроз
- •Билиардық цирроз
- •25 Сурет
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассызхолецистит
- •26 Сурет Созылмалы холециститтегі өт қалтасының деформациясы.
- •27 Сурет 28 сурет
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларында амск-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу
- •Әр адам келесі кепілдемелерді ұстаған жөн:
- •Тиімді тамақтану ережелері
11 Бейнелеме Бауыр және өт жолдарының ауруларында науқастарды тексеру әдістерінің бейнелемесі
Науқастың шағымдары
|
1.Іштің ауырсынуы (мерзімі, бағыты, тамақпен байланысы) 2.Лоқсу, құсу, қыжылдау, кекіру, 3.Іш өтуі, іш қатпасы, тәбетінің бұзылуы. 4.Іштің кебуі, сары судың жиналуы. 5.Терінің сарғаюы, қышыну. 6.Арықтау, әлсіздену, ұйқышылдық 7.аузында ащы дәмнің сезінуі |
Ауру сыртартқысы
|
Себебі. Жүргізілген ем,оның нәтижесі Бастамасы Аурудың ағымы |
Өмір сыртартқысы
|
1. Тұқым қуалаушылығы 6.Аллергологиялық сыртартқы 2. Жағымсыз қылықтары. 3. Тамақтану тәртібі 4. Тұрмыс жағдайы. 5.Маманы, ұзақ уақыт дәрі-дәрмектерді ішуі
|
Науқасты тікелей тексеру
|
Қарау |
Сипалау |
Тықылдату |
|
1дене салмағының азаюы; 2.терінің, шырышты қабаттардың сарғаюы 3.алақанның сарғаюы 4тамыр жұлдызшылары 5асцит, теріде қасыған іздердің білінуі 6.іштің көк тамырларының білінуі
|
1.бауыр 2.көк бауыр. 3.асқазан. 4.ішек 5.өт қалтасы
|
1.іштің екі бүйірі 2.бауыр 3.көк бауыр
|
|
Қосымша тексерістер
|
|||
Зертханалық |
Аспаптық
|
||
1.Жалпы қан анализі 2.Биохимиялық қан анализі 3.Ұлтабардан сөл алу 4.Нәжіс анализдері
|
1.Іш қуысының рентгеноскопиясы -графиясы 2.холецистография 3.бауырды сканерлеу 4.іш қуысын ультрадыбыспен зерттеу 5.биоптат алу |
||
Созылмалы гепатит
Гепатит дегеніміз - бауыр торшаларының қабынуынан мүшенің диффузды өзгерістерге ұшырауы. Гепатиттің екі түрі болады: жедел және созылмалы. Жедел гепатит – жұқпалы ауру. Созылмалы гепатит – бірте –бірте дамитын түрі. Егер алты ай бойы жедел гепатитке қарсы жүргізілген ем тиімсіз болған жағдайда ол созылмалы гепатитке айналады. Созылмалы гепатитте бауыр торшалары қабынып, диффуздық және дистрофикалық өзгерістерге ұшырайды, бауыр қызметі бұзылады.
Этиологиясы. Вирусты гепатит А,В,С,Д,Е, құрт гелминттері, ішек ауруларының, токсикалық мәнбірлер, ішімдік гепатиттер, аллергиялық гепатиттердің әсерінен бауырда созылмалы қабыну дәрісі дамиды. Оның өзі уақытында әртүрлі диффузды, некротикалық және дистрофикалық өзгерістерге әкеліп соғады.
Патогенезі. Гепатит даму негізінде аутоиммундық дәріс маңызды роль атқарады. Вирус гепатоцитке еніп, зақымдайды, ағза оған иммунды серпіліс көрсетеді.Нәтижесінде бауыр торшалары зақымданып, функцияларын ажырайды.
Клиникалық бейнесі. Алғашқы кезде созылмалы гепатит белгісіз және баяу өтеді. Созылмалы гепатиттің барлық түрлеріне келесі синдромдар жатады: біріншіден астено-вегетативтік синдром. Науқастардың жалпы жағдайы нашарлап, еңбекке деген қабілеті төмендеп, әлсіздік пайда болады. Науқас оң жақ қабырға астының ауырсынуына, аузында ащы дәмнің пайда болуына, тәбетінің төмендеуіне, кекіру, іштің кебуіне, үлкен дәреттің өзгеруіне ( нәжістің кідіріп қалуына немесе іштің өтуіне), терінің қышуына, қызыл иектен, мұрыннан қан кетуіне шағымданады. Жалпы қарағанда терісінің түсі сарғыш, денесінде тамыр жұлдызшылары пайда болады. Гепатиттің клиникалық белгілерінің бірі – қаңсырау синдромы. Сипалау жүргізгенде бауырдың көлемі сәл ұлғайғанын, ауырсынуын, бауырдың тығыздануын, көк бауырдың үлкейгендігін байқауға болады (спленомегалия). Сырқаттың негізгі даму себептеріне байланысты созылмалы гепатиттің үш клиникалық түрі бар: вирусты (аутоиммундық), метаболикалық (алкогольді, дәрмектік), билиарлық (холестатикалық).
Созылмалы вирусты гепатит – вирусты жедел гепатиттен кейін дамиды, бұл үнемі қозып, емге бой бермей отыратын ауыр түрі. Сырқаттың бұл түрі тез арада бауыр шамасыздығына әкеліп соғуы мүмкін. Науқастың шағымдары: оң жақ қабырға астының сыздап ауырсынуы, әлсіздік, еңбекке деген қабілетінің төмендеуі, салмағының азаюы, тәбетінің төмендеуі, лоқсу, тамақ қабылдағаннан кейін іштің кебуі, дене қызуының көтерілуі және денесінің сарғаюы, мұрыннан, қызыл иектен қан кетуі, іш қуысына сары су жиналу (бұл белгіні асцит деп атайды). Белсеңді гепатитте жиі кездесетін объективті белгілерінің бірі - тамыр жұлдызшалардың және “бауырлы”, эритематозды (қызыл) алақандардың болуы. Сипалағанда оң жақ қабырға астынан бауырдың 5 - 7 см ұлғайғандығы сезіледі. Кейбір науқастарда буындардың ауырсынуы, гломерулонефриттің белгілері білінеді. Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоциттердің, тромбоциттердің мөлшері төмендейді, АлАТ, АсАТ мөлшерлері көтеріледі. Билирубин мен гаммаглобулиндердің мөлшерлері де көтеріледі.
Метаболикалық (алкогольді, дәрмектік) гепатит негізінде жағымды түрде өтеді. Сырқаттың ағымы толқын тәрізді (қайталанудан кейін ұзақ ремиссия байқалады). Әртүрлі жағымсыз мәнбірлердің әсерінен мысалы, ішімдік, дәрілерден улану, әртүрлі тағамдық улы жұқпалар сырқаттың қайталануына әкеліп соқтырады. Бауырдың алкогольмен улануы айқын білінеді. Науқастың жалпы жағдайы қатты өзгермейді, оң жақ қабырға астының ауырсынуы байқалады, сипалаған кезде бауырдың көлемі сәл үлкейген, дене қызуы субфебрильді түрде көтеріледі. Біртіндеп, әрине, уыттану белгілері айқындалынады. Зертханалық тексерісте қанда ақуыздың мөлшерінің азайғанын байқауға болады.
Билиарлық (холестатикалық) гепатит өт жолдарының дискинезиясының әсерінен туындайтын сырқат. Өт жолдары ісініп, өт жөнді жүрмей қалады. Осының әсерінен өт ұлтабарға түсудің орнына қанға түседі. Нәтижесінде уыттану белгілері пайда болады. Сырқатқа тән белгілер - көздің шырышты қабатының, терінің сары түске боялуы және терінің қышуы. Дене қызуы көтеріледі, науқас әлсізденеді, диспепсия белгілері байқалады. Осымен бірге бауырдың көлемі оң жақ қабырға астынан 1,5 - 3 см-ге ұлғайғандығын, тығызданғанын байқауға болады. Жалпы қан анализінде: холестерин, билирубин мөлшерлері көбейіп, ақуыз құрамы азаяды.
Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ көтеріледі, ақуыздардың мөлшері азаяды, қанның сары суында АсАТ, АлАТ (лактат, дегидрогеназа, сілті т.б ферменттердің мөлшерін) көрсеткіштері көтерілгенін көрсетеді. Тік (улы) билирубин мөлшері көбейеді. Бауырдың синтездеу жұмысы бұзылғаннан қанда альбуминнің, протромбиннің, фибриногеннің мөлшері азаяды. Бауыр торшаларының зақымдануы АлАТ, АсАТ көрсеткіштерінің көтерілумен сипатталады, Әртүрлі глобулиндердің фракциялары, иммуноглбулиндердің мөлшерінің көтерілуі қабыну дәрісін дәлелдейді. Сілті фосфатаза, холестерин, өт қышқылдары, билирубиннің көбеюі бауырдың өзектерінде өт тұрып қалғанын білдіреді. Дерт анықтамасын нақты қою үшін бауырға пункциялы биопсия, сканерлеу өткізеді, УДЗ қолданады, компьютерлік томография жүргізеді, бауырды контрастық затпен рентген арқылы тексереді .
Емі. Қатаң төсек тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. Науқас 3-4 апта ауруханада емделеді. №5 емдәм қолданады: құнарлы, майлы, қуырылған, ысталған тағамдарды жеуге тиым салу. Көмірсу, ақуыз және майдың қарым қатынасы – 1:1:5 болу тиіс. Жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек, алкогольді мүлде тоқтату керек. Созылмалы вирустық гепатитте қабынуды жою мақсатымен науқастың жағдайына байланысты және аурудың өту ағымына қатысты гормон препараттарын қолдану - 20,0 - 40,0 преднизалон. Зат алмасу дәрісін жақсарту мақсатында анаболикалық гормондарды дәрігердің нұсқауымен тағайындап және белгілі бір кесте тәртібімен беріледі (неробол, ретаболил). Бауыр торшаларын қорғайтын дәрі - дәрмектерді қолдану қажет - эссенциале, легалон, корсил, силибор. Иммунодепрессантты дәрі - дәмектерін қолданған жөн – мысалы, делагил. Вирустық гепатиттердің казіргі негізгі емі – интерферондар болып табылады. Уыттану белгілерін басу үшін парентеральдық детоксикация жүргізеді: көп мөлшерде дәрілік сұйықтықтарды енгізеді: глюкоза, гемодез, Рингер ертінділерін. Сонымен бірге В,С топтарындағы дәрумендерді қолданған жөн.
Болжамы. Сырқаттың түріне, ағымына және науқастың иммундық жүйкесіне байланысты.
Алдын алуы. Сырқаттың біріншілік алдын алуы вирустық А гепатитпен В гепатитің болдырмауы. Вирустық гепатиттің жедел түрін уақытында емдеп, тамақтану ережелерін сақтау болып табылады. Гепатитпен ауыратын науқастарды диспансерлік тіркеуге алып, жылына екі рет жалпы тәжірибелік дәрігері, гастроэнтеролог қарап отыру керек Зертханалық тексерістерге жалпы қан анализі, АЛТ, АСТ ферменттерін, билирубинді, холестеринді, ақуыз құрамын тексереді. Сонымен қатар науқасқа алдын алу ретінде күнделікті дұрыс тамақтануы, жағымсыз қылықтардан аулақ болуы, бауырға жағымсыз әсер ететін заттармен қарым-қатынас жасамауы, дұрыс тынығуы осы аурудың алдын алуындағы маңызды роль атқарады.
