- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •20 Сурет. Асқорыту мүшелерінің орналасуы.
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілер
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері
- •Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы (гэра)
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазан және ұлтабар жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы (стеноз)
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан обыры
- •23 Сурет Асқазан қатерлі ісігінің рентгенограммасы.
- •10 Бейнелеме Ішек ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері
- •Созылмалы энтерит
- •Созылмалы жарасыз колит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бауыр және өт жолдарының ауруларында науқастарды тексеру әдістерінің бейнелемесі
- •Созылмалы гепатит
- •Бауыр циррозы
- •Вирустық цирроз
- •Алкогольдік (портальдік) цирроз
- •Билиардық цирроз
- •25 Сурет
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассызхолецистит
- •26 Сурет Созылмалы холециститтегі өт қалтасының деформациясы.
- •27 Сурет 28 сурет
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларында амск-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу
- •Әр адам келесі кепілдемелерді ұстаған жөн:
- •Тиімді тамақтану ережелері
27 Сурет 28 сурет
Өт тас ауруының холецистограммалары.
Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз білінеді. Ұлтабар сөлін тексергенде құрамында холестерин кристалдарын табуға мүмкіндік береді. Холецистография әдісімен, ультра дыбыспен зерттегенде, рентген сәулесі арқылы тексергенде бауыр, өт өзектерін, өт қалтасының пішінін, олардағы тастың орналасқан жерін көруге болады.
Емі. Ұстама кезінде ауруханаға жатқызу. Ұстаманың жеңіл түрінде ыстық ваннаны қолдануға болады. Ондағы судың жылылығы 36 – 400 С болуы керек. Жиырылуды басу үшін спазмолитик дәрілерін қолдану: но – шпа, папаверин, платифилин. Ұстаманың ауыр түрінде жансыздандыратын дәрі – дәрмек түрлерін қолдану: баралгин, новокаин мен бүйрек маңайын бөгеу. Бұл дәрілер әсер етпеген жағдайда наркотик дәрілерін қолданады. Ілеспелі холециститте, холангитте қабынуды басу мақсатымен антибиотиктерді қолданған дұрыс: ципрофлоксацин, доксициклин, цефалоспориндер т.б. Дезинтоксикациялық ем жүргізеді: гемодез көк тамырға 200-400мл, 5% глюкоза ер-ін. Егер осы шаралар нәтижесіз болса хирургиялық ем ретінде ота қолдану қажет. Қазыргі кезде өт қалтасындағы тастарды ота жасамай ақ лазер аппараттың көмегімен майдалап ұсату арқылы емдеу әдісі қолданылады. Бірақ ол кез – келген аурудың тасын майдалап шығара алмайды. Оған тастың үлкендігі, қызметтік қасиеттері белгілі бір тәртіпке жауап беруі керек. Өт жолындағы тастарды эндоскоп аппараты арқылы шығаруға да болады. Ұстама арасындағы ем: №5емдәм тәртібі, жиі, аз мөлшерде тағамдарды қолдану. Емдік дене шынықтырулармен шұғылдану. Өт айдайтын дәрілерін қабылдау: аллахол, холензим, хологон. Сонымен қоса шөпті қайнатпалар мен тұнбаларды қолдану: құмшәй гүлдері. Тастарды ыдырататын дәрілерді қолдану: хенофалк, урсофалк. “Ессентүк”, “Сарыағаш” минералды суларын ішу. Курортты ем ұсынылады.
Алдын алу шаралары холецистит тегін дей.
Панкреатиттер
Жедел панкреатит дегеніміз – ұйқы безінің жедел қабынуы. Олардың бір екі пайызы ауруханаға өткір ішпен түскенде анықталады.
Этиологиясі және патогенезі. Жедел панкреатиттің негізгі себебі ұйқы безі өзектерінің обструкциясынан ұйқы безі сөлінің қысымы көтеріліп, бездің өзектері жарылып, осының әсерінен мүше тіні зақымдалады. Өзек жолдарының жарылу себебі 70 пайыз жағдайда өттің тас ауруы болып табылады. Сонымен бірге ішімдікпен улану, тамақты мөлшерден тыс ішу (әсіресе майлы және өткір тағамдар), өт тасы ауруының ұстамасы, он екі елі ішек және Одди сфинктерінің дискинезиясы т.б. мәнбірлер әсер етеді. Генетикалық мәнбірлерін де есепке алмауға болмайды, жедел және созылмалы панкреатит ауруы ұрпақтан ұрпаққа білініп келеді. Жедел панкреатит кейбір жағдайда аллергиялық серпілістен пайда болады.
Клиникалық бейнесі. Жедел панкреатиттің клиникасы әртүрлі: эпигастрий маңайындағы жеңіл ауырсыну ұстамасынан ауыр жағдайларда өлімімен аяқталуы мүмкін. Жедел панкреатиттің белгілері:
эпигастрий аймағында және сол жақ қабырға астында аяқ астынан ауырсыну ұстамасы пайда болады. Көбінесе бұл майлы тамақтан және ішімдіктен кейін болады;
құсық;
қан - тамырлар коллапсы;
дене қызуының көтерілуі;
гиперамилазурия.
Жедел панкреатит кенеттен дамиды. Эпигастрий аймағында немесе сол жақ қабырға астында арқаға берілетін ауырсыну ұстамасымен өтеді. Науқастың іші кебеді, азаптандыратын құсық болады. Жалпы тексергенде терінің бозарғаны көрінеді (тамырлар коллапсының нәтижесінен), жалпы улануда дем және жүректің жеткіліксіздігі, сонымен қатар денеде геморрагиялық бөртпелер білінеді. Осымен бірге уыттанудан дамыған шоктың белгілері көрінеді. Тамыр соғысы әлсізденіп жіп тәрізді болады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Біраз уақыттан кейін ауырсынуға дене қызуының көтерілуі қосылады. Жиі іштің кебуі, дәретінің көп уақыт болмауы, іштің жиі өтуі білінеді. Геморрагиялық панкреатитте іштің бүйірін тықылдатқанда экссудат анықталады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Дерт анықтамасының мағынасы қандағы және зәрдегі амилазаның артуы. Әсіресе зәрдегі амилазаның мөлшерінің көбеюі жедел панкреатиттің анық белгісі болып табылады. Кейде жедел панкреатитте гипергликемия және глюкозурия анықталады. Тез арада ультродыбыспен зерттегенде (эхография) асқазан асты безінің ісінгенін анықтайды.
Өтуі және асқынуы. Жедел панкреатит нәтижесінде ұйқы безінің жайылған абсцессі, көкбауырдың флегмонасы және тамырының қабынуы дамуы мүмкін. Жедел панкреатитте тамырлардың коллапсы, бүйрек бездерінің өлі еттенуі өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда жедел панкреатит созылмалы түрге ауысуы мүмкін.
Емі.
Жедел панкреатитте
науқасты хирургия бөліміне
жатқызу
керек. Емі көбінесе консервативті
түрде
өтеді.
Алғашқы 1 - 4 күнде
ашқарында
ем жүргізіледі,
асқазан сөлін асқазан сүңгісі арқылы
сорып алып
отырады.
Алғашқы
күндері
іштің жоғарғы бөлігіне суық басу керек.
Жиырылуды басу үшін ганглиоблокаторларды
және
спазмолитик дәрілерін қолданады.
Ауырсыну шогына қарсы 1%
-
1 мл промедол
ерітіндісін
күніне бірнеше рет тері астына енгізеді
(морфий
ерітіндісін
қолданбайды,
өйткені ол Одди сфинктерінің жиырылуын
күшейтеді). Омыртқа
арасын және бүйрек маңайын
бөгейді.
Сусыздануды
болдырмау үшін және ағзаның уыттануына
қарсы көк
тамырға және тері астына тамшылатып
изотоникалық натрий хлор ерітіндісін,
5% глюкоза ерітіндісін, қан сары суын
және қан алмастырушыларды
құяды
(тәулігіне 3 литрге дейін). Барлық
жағдайларда қанның электролиттік
құрамын және оның коррекциясын өткізіп
отыру керек. Сонымен бірге емдік шараларын
жүргізеді. Жедел
панкреатиттің емінде трипсин
ингибиторын (контрикал)
жеткілікті мөлшерде
көк тамырға тамшылатып
енгізу
маңызды роль атқарады.
Жұқпаның қосылуын
және
ұйқы безінің іріңдеуінің
алдын алу үшін
антибиотиктерді
қолданады.
1
- 3
күннен кейін науқастың жағдайы жақсарған
соң жұмыртқа ақуызын,
көкөніс шырындарын, сүт (ауыз немесе өт
сүңгісі арқылы) қолдануға рұқсат
етіледі. Кейін емдәмді біртіндеп
кеңейтеді.
Алдын алуы. Жедел панкреатиттің алдын алу үшін тамақ ішу және емдәм тәртібін сақтау керек, ішімдікке қатаң тыйым салынады. Асқазанның және 12-елі ішектің, өт жолдарының қызметін жөндеу мақсатымен жануарлық майын және ащы қосындыларды қолдануға болмайды. Ағзаға жағымсыз әсер ететін заттармен қарым – қатынас жасамау.
