- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •20 Сурет. Асқорыту мүшелерінің орналасуы.
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілер
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері
- •Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы (гэра)
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазан және ұлтабар жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы (стеноз)
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан обыры
- •23 Сурет Асқазан қатерлі ісігінің рентгенограммасы.
- •10 Бейнелеме Ішек ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері
- •Созылмалы энтерит
- •Созылмалы жарасыз колит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бауыр және өт жолдарының ауруларында науқастарды тексеру әдістерінің бейнелемесі
- •Созылмалы гепатит
- •Бауыр циррозы
- •Вирустық цирроз
- •Алкогольдік (портальдік) цирроз
- •Билиардық цирроз
- •25 Сурет
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассызхолецистит
- •26 Сурет Созылмалы холециститтегі өт қалтасының деформациясы.
- •27 Сурет 28 сурет
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларында амск-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу
- •Әр адам келесі кепілдемелерді ұстаған жөн:
- •Тиімді тамақтану ережелері
Тексеру әдістері
Ас қорыту мүшелерінің ауруларында субъективті тексеру әдісінің маңызы өте зор. Ауырсынудың мінездемесі, тамақ қабылдаумен байланыстылығы, ұзақтығы, орналасуы, басқа мүшелерге әсері, диспепсия белгілері дерт анықтамасын жүргізуге көмек береді.
Ас қорыту ауруларында дерт анықтама жүргізгенде науқастың ауыз қуысын тексереді. Ауыз қуысын қарағанда қарайған тістеріне көңіл бөлу керек, өйткені тағам арқылы асқазанға қарайған тістерден жұқпа қоздырғыштары түседі. “Тіл – асқазан айнасы” деп ертеден бекер айтылмаған. Тілде ауруға тән өзгерістер кездеседі. Мысалы, асқынбаған асқазан ойық жарасында тіл таза және дымқыл, жедел гастритте уылған болады. Құрсақ қуысы жарақаттанғанда және өткір ұйқы безінің қабынуында тіл құрғайды. Науқасты жалпы қарағанда науқастың түрін, дене бітімін, іштің пішінін, кіндіктің түрін, терінің түсін, ылғалдығын, терідегі дақтарға, тыртықтарға көңіл аудару керек. Ішке сары су жиналғанда (асцит), бауыр ісінгенде, ішке ауа жиналғанда - іш көлемінің үлкейгенін байқауға болады. Осымен бірге күре тамырдың солқылдауына, тері астындағы, іш маңайындағы көк тамырдың варикозды кеңеюіне назар аудару керек.
Сипалау арқылы патологиялық өзгерісті анықтауға болады. Бұның екі түрі бар: бетті және терең. Сипалау В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско тәсілі бойынша жүргізіледі. Бетті сипалау арқылы ауырсыну аймағын анықтайды, ал терең түрімен мүшенің орналасуын, тығыздығын, көлемін анықтайды. Ішті сипалағанда науқас төсекте көлденең жатады, кейде түрегеліп тұрады. Сипалау әдісінің көмегімен қабырға астында пайда болған ауырсынуды, құрсақ тітіркенуін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда дерт анықтама жүргізгенде тыңдау әдісімен қолданады. Бірақ асқазанды тыңдаудың аса мәні жоқ. Тыңдауды сипалаумен бәрге асқазанның төменгі шекарасын анықтау ретінде пайдаланады. Бұл қарапайым әдіс болғанымен кейде дұрыс емес нәтиже береді. Қалыпты түрде іш қуысында тықылдату арқылы тимпанит дыбысы анықталады. Бауыр, көк бауыр ауруларының қатерлі ісіктерінде, іш шеменінде топас дыбыс естіледі.
Зертханалық тексеру әдістерін қолдана отырып ас қорыту мүшелерінің ауруларының белгілерін анықтауға болады. Нәжісті әртүрлі зерттеулерге тексеріп, асқазан және ішек қызметін анықтауға болады.
Мысалы, ішек қабыну ауруларында нәжістің құрамында сілекей, ірің болады, асқазан ойық жара ауруында нәжістің құрамында қан білінеді. Асқазан және ұлтабар сөлін тексере отырып, ас қорыту мүшелерінің сөл шығару қызметін бағалайды.
9 Бейнелеме Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері
Науқастың шағымдары |
байланысты, кезеңді, қарқынды, жайылмалы). 2. Лоқсу. 3. Құсу. 4. Кекіру. 5. Қыжылдау. 6. Тәбетінің бұзылуы. |
Ауру сыртартқысы |
|
Өмір сыртартқысы |
1. Ұлты. 2. Жағымсыз қылықтары. 3. Тамақтану тәртібі 4. Тұрмыс жағдайы. |
Науқасты тікелей тексеру |
Қарау
|
Сипалау |
Тықылдату |
|
-дене салмағының азаюы; -тіл өзгерістер; -іштің пішіні; -терінің түсуі. |
1.бауыр 2.көк бауыр. 3.асқазан. |
Асқазанның төменгі шегін анықтау
|
|
Қосымша тексерістер |
|||
Зертханалық |
Аспаптық |
||
1.жалпы қан анализі 2.асқазан сөлі 3.асқазан жуынды суының анализі. 4.құсық анализі |
1.асқазан рентгеноскопиясы 2.асқазан рентгенографиясы 3.фиброгастроскопия 4.биоптат алу |
||
Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысы мүшелерінің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканирлау әдісі арқылы анықтауға болады. Эндоскопия әдісі арқылы асқазан және ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын, қатпарлардың, шырышты қабаттардың бұзылысын, жараларды, ісіктерді анықтауға болады. Бояу заттарды қолдана отырып өт қалтасының өзгерістерін көруге болады (холецистография). Ішек жолдарын тексеру үшін ирригоскопия (тоқ ішекке бояу зат енгізіп, рентген сәулесімен қарау), колоноскопия (колоноскоп құралымен тоқ ішектің ішкі кілегей қабатын тексеру) әдістерін қолданады. Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісігін анықтау үшін тіннің гистологиялық тексерісін жүргізеді (биоптат алу).

1.
Ауырсыну (тамақ ішумен