Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7сынып.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қысқа мерзімді жоспар №22

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2. Командалық спорт ойындары арқылы өзара әрекеттестік

Мектеп: Қадырғали Жалайыр атындағы №6 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Канапия Б.А

Сынып: 7А

Адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы ( төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігіӨҚН)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тактика спорт ойындарындағы тактикалық әрекеттер.

Оқу мақсаттары

7.1.2.2 Қимыл- қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір денежаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау

Оқу бағдарламасына сілтеме

1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды денежаттығуларын орындауда қолдану реттілігі.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушы қауіпсіздік ережелерді біледі

Түрлі жаттығулардың әдіс тәсілін және ережелерің түсінеді.

Көбі: Білім алушылар жұппен және топпен тиімді жұмыс істей алады..

Кейбірі: Білім алушылар ойындағы әр түрлі қозғалыс әрекеттерін біледі, өздері бір біріне үйретеді және бағалай алады.

Жетістік критерийлері

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді .

Жаттығуларды ретімен орындайды.

Тілдік мақсаттар

кері серпу, ұшып келіп ұру, допты беру допты лақтыру, қағып алу, алып жүру (қолмен/аяқпен), ұру қарсы тұру, шабуыл, қорғаныс тактика, проблема, шешім қауіпсіздік рөлдер және қалыптар: қорғаушы/шабуылдаушы, ойыншы, гол соғушы/қақпашы, орталық/бүйірлік, байланыстырушы дәлді орталық.

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір - біріне деген адал қатынас, бөтен пікірді қабылдау және өзінің көзқарасын білдіруге тәрбилеу

Пәнаралық байланыстар

Физики,геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Планшет қолдану

Бастапқы білім

Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту.Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі.

Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин

Дайындық бөлімі.

Білім алушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру. Аяққа толық отырып,қарапайым жүріс және қолды иық тұсынан айналдырып отыру. Жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру.Қосарланып жасау арқылы жалпы шынығу жаттығуларын жасау. Жүгіруден жүріске өтіп, жалпы дамыту жаттығуларын жасау және сергіту ойындары.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.

Кең алаң

Ысқырық,волейбол добы

Сабақтың ортасы

25мин

(С, Т) Командалар екі, үш немесе одан артық шеңбер түзіп орналасады. Әрбір шеңбердің ортасына қолына волейбол добын ұстаған ойыншы (орталық ойыншы) тұрады. Әрбір команда қарсылас команданың ойынын бақылайтын бір адамды таңдайды. Белгі бойынга орталық ойыншы рет-ретімен өз шеңберінде тұрған оқушыларға допты кез келген беру тәсілмен жібереді. Ол жауап беруді орындайды. Кезектілікті сақтап, шеңберде тұрғандардың барлығы берілістерді орындайды. Егер ойын аяқталғанға дейін орталық ойыншы допты барлық ойыншыларға беріп үлгерсе, ол доп берілісін екінші қатармен орындайды. Содан кейін орталық ойыншылар ауысады.

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі: Бірін-бірі бағалау

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі секіру жаттығуларында оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және үдерісін дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап. Деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру, тапсырмалардың орындалу дағдыларын тексеру.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Тексерілді:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]