Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7сынып.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қысқа мерзімді жоспар №47

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4. Қазақ ұлттық және зияткерлік ойындары.

Мектеп: Қадырғали Жалайыр атындағы №6 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Канапия Б.А

Сынып: 7А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зияткерлік ойындар.

Оқу мақсаттары

7.2.6.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана білу.

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.6 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу

Сабақ мақсаттары

Барлығы:Білім алушы қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын біледі.

Көбі: Білім алушы қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын біледі,түрлерін ажыратады.

Кейбірі: Білім алушы қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын біледі,түрлерін ажыратады,атаулларын атайды.

Жетістік критерийлері

Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды.

Тілдік мақсаттар

Ұлттық, зияткерлік стратегия, тактика, жүріс «Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау), «шахмат», «асық», «қазандық», «ақсүйек». рөлдер: ойыншы, төреші команда, қарсылас, шабуыл, қорғаныс ереже, бағалау, адал ойын

допты қағып алу, алып жүру және айырылып қалу «Белбеусоқ», «Көкпар», «Теңге алу»,«Соқыртеке»

Құндылықтарды дарыту

Білімалушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физики,музыка,биология

АКТ қолдану дағдылары

Планшет қолдану

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын ережеге сай ойнайды.

Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин

Дайындық бөлімі.

Білім алушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Оқушыларды суреттер құрастыру арқылы топтарға бөлу. Әр топ өз беттерінше жалпы дене жаттығуын жасайды.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.

Сабақтың ортасы

25мин

(Б,Т.ЖЖ,К) Тоғызқұмалақ ойыны.

Тоғызқұмалақ ойынын жақсы меңгеру үшін тақ, жұп сандарын үйрету тақ сандар (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21.... ) ашық жұп сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20....) жабық деп жазған жөн. Тоғызқұмалақ ойынын үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар – жабық отаулар деп аталады.

ОТАУЛАРДАН БАСТАП ЖҮРУ.

Тоғызқұмалақ ойыны басталарда, әр ойыншының тоғыз отауында тоғыздан 81 құмалақтары болады.

Ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез келген отаудан бастауға болады. Ол үшін ойыншы (ақ жағы) жүріс жасалатын отауда бір құмалақ қана қалдырып, басқаларын түгелімен қолына алады да, келесі отаудан бастап, әр- бір отауға өз жағының да, қарсыласының да қолындағы құмалақтары біткенше бір-бірден салып шығады. Сонда ең соңғы салынған құмалақ қарсыласының тақ санды құмалағы бар кез келген отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса, (2, 4, 6, 8, 10. т.с.с.) бұл жүріс табысты болып саналып, сол отаудағы барлық құмалақтарды өз қазанына салады.

Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүріп отырады. Қара жақтын мақсаты да қарсыласының тақ санды бір отауына өзінің қолындағы соңғы құмалағын түсіріп, жұп жасап, сол отаудағы құмалақтарды ұтып алу болып табылады. Осы тәртіппен жүріс алма-кезек ауыстырлып отырады.Егер жүріс кезінде ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың кез-келген бір отауына түсіп,сол отаудағы құмалақтар санын тақ жасаса (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13.т.с.с.) немесе, өз жағының отауларының біреуінде тақ жұбына қарамай келіп түсіп жатса, жай жүріс жасалады деп саналып, ол отаудағы құмалақтар ешбір қазанға алынбайды.

Тоғызқұмалақта ойнаушылардың алдарына қоятын негізгі мақсаты-кем дегенде өз қазанында 82 құмалақ жинап, қарсыласын ұтып шығу. Екі жақтың бірдей ұтуы, не ұтылуы мүмкін емес.

Ойын аяақталған соң ойыншылардың қазанындағы құмалақтардың соңы 81-ден болса, ойын тең ойын деп бағаланады. Тоғызқұмалақта тең ойын болуының басты шарты – екі жақтың да тақта бетінде, тұздықтарының болуы.

Оқушыларды екі топқа бөліп тоғызқұмалақ ойының ойнату

Үлкен бос ойын кеңістігі

Тоғызқұмалақ тақтайы және пішіндері (жұпқа). Ойын ережелері бойынша ақпарат:

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі:

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ арқылы бағалау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап. Деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім.

Бас бармақ жоғары / төмен» әдісі арқылы рефлексия жасалады.Кері байланыс. Әңгімелесу тәсілдерін қолдандым.Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.

Оқушылар сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтайд...Ойын ойнау кезінде бір-біріне адагершілік қабілеттерін таныта білді

.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Тексерілді:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]