- •Мазмұны
- •1 «Жемқорлық» ұғымының теориялық –әдістемелік негіздері
- •2 Жемқорлыққа қарсы әрекет ретінде Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарын жетілдіру
- •3 Жемқорлық әрекет табиғатының психологиялық ерекшеліктері
- •4 Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
- •5 Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері
- •6 Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының этникалық ерекшеліктері
- •7 Жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік
- •8 Әртүрлі салалардағы жемқорлық әрекеттер үшін моральдық-этикалық жауапкершілік
- •9 Діни норма мен құндылықтар ретінде жемқорлыққа қарсы қоғам мәдениеті қағидалары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
5 Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық әрекет ретінде кең ауқымда таралуына себеп болып отырған - мемлекеттік қызметтегі азаматтар мен жастардың құқықтық мәдениеті мен патриоттық сезімдерінің төмендігі.
Тәуелсіз, егеменді, демократиялық елімізде құқықтық мемлекет құрудың негізі мектеп табалдырығынан басталады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі азаматтық қоғамды құру үшін қоғам азаматтарының парасаттылық, әділеттілік қасиеттерімен қатар, санасы мен мәдениетін дамыту негізінде құқықтық тәрбие беру бірден бір өзекті мәселе болып табылады. Оқушы жастардың құқықтық тәртібін дамыту үшін олардың құқықтық сауатын ашқан дұрыс.
Жалпыға құқықтық білім беру әрбір азаматқа кәсіби және қоғамдық міндеттерін орындау үшін өз құқықтарын қорғай алуды үйрету үшін қажетті білім алуға бағытталған. Оның мақсаты – азаматтарға құқықтық тәрбие беру, құқықтық білімді насихаттау. Құқықтық білімнің негізі мектепте салынады, сондықтан да, құқықтық тәрбие тек жалаң сөз арқылы емес, баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты әртүрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде іске асуы қажет.
Ал ЖОО келген жастардың құқықтық мәдениетті кәсіптік-теориялық білімдерімен қатар әртүрлі ғылыми-жобалар, студенттің өзіндік жұмыстары, диспуттар, ғылыми конференциялар тағы басқа нысандарын қолдана отырып жүргізудің маңызы зор.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да, құқықтық тәрбиені жалпы рухани-адамгершілік тәрбиесімен сабақтастықта жүргізілуін басшылыққа алу қажет.
2014 жылғы 6-тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Агенттіктің миссиясы:
• мемлекеттік қызмет;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
• мемлекеттік қызмет көрсету салаларында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен сауаттандыру саласында кешенді шаралар əзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша сұрақтар мектепке дейінгі оқу мен тəрбие жəне орта білім деңгейінде тиісті пəндердің типтік оқу бағдарламаларына қосылды.
Нəтиже ретінде оқушылар:
• Өзінің
жəне басқаның еңбегінің зейнетін
қадірлеу •
Адал
еңбекті өмірді жақсартудың басты құралы
ретінде қарастыру •
Бар
игілікті қоғам үшін қолдануға ұмтылу •
Əртүрлі
кəсіптердің маңыздылығын, олардың адамдардың
өміріне əсерін түсіну •
Мемлекеттік
қызметтің мағынасын, оның басты
құндылықтарын – адалдықты, тұрақтылықты,
отаншылдық пен Отанға қызмет етуді
түсіну •
Құқық
бұзушылықтарға қарсы келуге дайын болу
тиіс
Балабақшалардағы
жоғары топтар
(«Əлеуметтік
орта», «Таным» білім беру салалары)
-
Мектептегі бастауыш сыныптар
(«Дүниетану»
пəні)
Нəтиже ретінде оқушылар:
• Сыбайлас
жемқорлықты əлеуметтік қатер, кəсіпкерлікке
барьер ретінде қабылдау. •
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі
ережелерін білу (оның ішінде, əкімшілік
жəне қылмыстық заңнама). •
Кəсіптік
этика туралы басты түсінік болу. •
Мемлекеттік
қызметтің жəне сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылдың қағидаттарын білу. •
Қоғамға
жат, сыбайлас жемқорлық көріністеріне
қарсы келе алу тиіс.
Мектептегі
жоғарғы сыныптар («Адам.
Қоғам. Құқық» пəні)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша сұрақтар «Құқық негіздері» пəндерінің типтік оқу бағдарламаларына техникалық жəне кəсіби, жоғары білім деңгейлерінде қосылды.
• Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін
білу. •
Сыбайлас
жемқорлықтың болмысын, себептерін жəне
зардаптарын, сыбайлас жемқорлық
əрекеттің құрамын түсіну. •
Сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін
əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікті
ажырату. •
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қағидаттарын,
сыбайлас жемқорлықпен күресте көмектескен
тұлғалардың қолсұғылмаушылық кепілі
туралы білу.
Кəсіби
колледждердегі оқудың
бірінші/екінші жылы («Құқық
негіздері» жалпы білімдік
пəні)
• Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін
жалпылай алу •
Сыбайлас
жемқорлықтың болмысын, себептерін жəне
зардаптарын, сыбайлас жемқорлық
əрекеттің құрамын түсіну •
Жауапты
лауазымды тұлғаларға арнайы талаптарды,
мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тəртібінің жəне
этикасының қағидаттарын білу •
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
қағидаттарын, сыбайлас жемқорлықпен
күресте көмектескен тұлғалардың
қолсұғылмаушылық кепілі туралы білу. •
Сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтардың жəне
қылмыстардың,
сондай-ақ,
оларды істегені үшін жауапкершіліктің
ерекше өзгешеліктерін ажырату. •
Мемлекеттік
қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл органдар қызметінің
басты бағыттарын білу тиіс.
Жоғары
оқу
орындарындағы оқудың
бірінші жылы («Құқық
негіздері» жалпы
білімдік
пəні)
Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін, әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы, олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). Осы әрекеттер барысында олардың сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері қалыптасады.
Балаларға тікелей білім беру қызметін олардың қызығушылығына, даму деңгейіне сүйеніп, сондай-ақ, олардың жеке ерекшеліктері мен бастамаларын ескере отырып, құрылуға тиіс. Балалардың өз әрекетіне жауапкершілігі пайда болады, өйткені құқықтар мен міндеттердің нақты шегін айқындай алады. Құқықтық білімдерді өмірде қолдана отырып, балалар өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, өз құрбы-құрдастарымен және ересектермен жанжалсыз байланысуды үйренеді, үйдегі және қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс нормасын игереді.
Кіші мектеп жасындағы баланың елеулі тану қызығушылығын жандандыру, өз-өзіне сенімді болуына, ерік-жігерін, адамдарға қайырымды қатынас қалыптастыру, өзін жер шарының және өз елінің азаматы ретінде сезінуіне ықпал ету қажет.
Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру тиімділігі рухани тәрбиелеудің жалпы жүйесі аясында төмендегі жағдайларда іске асыру мүмкін болады:
балаларға адам құқығының ізгілік мәнін, оның міндеттерін, әрекет нормалар мен қағидаларын терең сезінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерінің кешенін пайдалану;
балалар тобының ізгілік сезімдері мен сыйластық қатынастарын көрсетуді ынталандыратын ахуал жасау;
педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік ұмтылыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету.
Балалар өз-өзіне сенімді болу, өзін-өзі сыйлау және басқаларды құрметтеу тұрғысынан тәрбиеленуі тиіс. Әрбір бала өзіне қажетті жағдайда жеңіл қолдана алатын өз құқықтарын, міндетін білуге тиіс.
Бүгінгі жас бала - ертеңгі белгілі бір маман иесі. Осыған орай алдымен өзі және жалпы адамның құқығына байланысты мынадай ауқымды білім, біліктерге ие болу керек.
Құқықтық сананың дамуы-адамның барлық өмірін дерлік қамтитын ұзақ, күрделі және қарама-қайшылықты үрдіс.
Бірақ көптеген көзқарастар, өмірлік ұстаным, мінез-құлық мотивтері балалық шақта қалыптасады.
5 - 8 - сыныптарда бастауышта алған құқықтық білімді жетілдіреді. Қазақстан Республикасы заңдары туралы жалпы мағлұмат алады, азаматтардың негізгі құқықтары және міндеттерімен танысады, қоғамдық жерлердегі ережелерді түсініп, талқылап, сақтайды. Оқушылардың саналы әрекеті қалыптасады. Тәртіп бұзушылыққа төзбеуді үйреніп, жеке жауапкершіліктері қалыптасады. Қоғам алдындағы жауапкершіліктері артып, құқық бұзушылық салдарынан арнайы мектептерге мәжбүрлеп жіберу мүмкіндігін сезінеді.
Құқықтық мәдениет қалыптастырудың құлықтық аспекті қоғамдық ортада қабылданған нормалар мен ұстанымдар болып саналады. Құқықтық мәдениеттің құлықтық аспектінің мазмұны мемлекет құрып отырған ұлт пен сол елде өмір сүріп отырған басқа да халықтардың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа өтіп, осы күнге жеткен бағалы халық әспеттеген мінез-құлық, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттің құнды үлгілері болу керек. Алайда заман өзгеріп, заң да өзгеріп отырған қазіргі заманда адамдардың мінез-құлқы да өзгеруде. Сол себепті, құлықтық нормалар саясатқа әсерін тигізіп, ол өз кезегінде мәдени, әлеуметтік білім және тұрмыстық өмірде де көрініс беруде. Сол себепті, осының барлығы әлеуметтік институттар арқылы реттеледі. Қалай десек те балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізінде мынадай құлықтық ұстанымдар жатады: адамға болған сый құрметі, адамды жоғары құндылық санауы, адамдардың кемшіліктеріне төзімділікпен қарау, жолдастық қарым-қатынас, түсінуге, қиын сәттерде көмектесіп, қолдауға даяр тұру сияқты адамгершілік қасиеттер.
Адамға және адамгершілік мұраттарға сену, әркімнің өзіне тән адамгершілік құндылығының болуы, өмірлік мақсатын адамгершілік құндылықтармен ұштастыру, адамгершілік мұрат жолында қызмет ету; өзіне талап қою және алдына қойған мақсатқа ұмтылу, өз міндетін атқаруға күш салу, қоғамның талаптарына бойұсыну және тәртіп сақтауға ділгірлік; «қолымен істегенін, мойнымен көтеруге» дайын болуы, өз іс-қимылы мен жүріс-тұрысына жауапкершілік, қателіктерін мойындау және түзетуге ұмтылу; Табиғатты адамзаттың «анасы» деп тану, жер бетіндегі барлық тірі жанға саналы түрде қамқор болу; Халқымыздың «өзіңе қандай жақсылық қаласаң, басқаларға да соны тіле» деген қанатты сөзін басты ұстаным ету, әділ, адал болуға, өзіне және басқаларға талап қоюда төзімділік ережесін ұстану, адамгершілік қағидаларын сақтап, әдептілік көрсету; «мықты болсаң нәпсіңді тый» деген ережесін ұстаным ету, барлық іс-қимылы, сұрау-талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруда өзін тежей білу.
Бұлар халық тәжірибесінен осы күнгі өмір талаптарынан туындаған негізгі құлықтық нормалар. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Конституциясын ашып қарасақ, заң баптары мен және қағидаларының негізінде осылардың жатқанын көреміз.
Құқықтық мәдениет дегеніміз – мемлекеттің құлықтық жүйесіне қатысты білім, негізгі заң нормаларын білу, оларды сақтауға ұмтылу, өз Отанының парасатты азаматтарының бірі болуға ұмтылыс.
Жастарға құқықтық тәрбие беру - ол жастардың қоғамдық, саяси және мәдени жағынан өсіп-жетілуін, олардың санасында жоғары адамгершілік қағидаларының орнығуын, әлеуметтік белсенділігінің артуын және рухани жағынан бай, жан-жақты қалыптасуын көздейді. Құқықтық тәрбие жалпыға бірдей заңдылықты белгілі мақсатпен және принциппен жүргізуді көздейді. Оның заңдылықтары мен мәнін ұғыну үшін тек теорияға көңіл бөліп қана қоймай, оның саяси, еңбек, адамгершілік тәрбиемен бірлесе жүргізілуі қажеттіліктерін ескеру керек.
Құқықтық білімнің жастардың санасын қалыптастырудағы орны ерекше. Сондықтан да, олар құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Жастарға қатысты құқықтық бағдарлама, түрлі кездесулер, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, семинар - тренингтер, жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер көрсетуге болады.
Балалардың бос уақытын ұтымды да пайдалы өткізуі үшін оларға жағдай жасалғаны жөн. Олар өздері қызығатын спорт секцияларына, әртүрлі курстарға қатысып, сауықтыру орындарында демала алады. Сонымен қатар, кітапханаларда өз білімдерін жетілдіре отырып, ақпарат алудағы жаңа технологияның жетістіктерін пайдалана алады. Құқықтық білім, тәрбие беруде мектептің, отбасы мен қоғамдық ұйымдардың әсері мол. Ата-аналармен байланыс неғұрлым тиімді болуы үшін оның әртүрлі жолдарын қолдану қажет. Ол үшін мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жасауы тиіс.
Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - деп атап көрсетілген.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар:
1. Мораль мен құқық мәселелеріне арналған лекциялар мен әңгімелер өткізу;
2. Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
3. Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;
4. Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру;
5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;
6. Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау;
7. 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау;
8. Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару;
9. «Жас заңгер» клубын ұйымдастыру;
10. Ай сайын «құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін» жүргізу.
Адамның саяси және адамгершілік көзқарасы мен ішкі нанымы құқықтық мәдениетінің «іргетасы» саналады. Төмендегі аталған жағдайлардың іргетасының қалай қаланғанына байланысты болады:
- құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу;
- заңға қатыстық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну);
- құқықтық норманы орындауға дайын тұру;
- заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда белсенділік көрсету.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән беру керек:
- жастар демократия негіздерін оқып-үйренулері тиіс;
- олар өз құқықтары мен міндеттерімен танысып қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек;
- қайырымдылық және зұлымдық, әдемілік және талғамсыздық, т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп отырулары қажет;
- құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті;
- заң туралы аса қызыға білгені дұрыс. Өйткені, құрғақ ақпарат оқушылардың миына жетпейді, жүрегін елеңдетпейді. Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр-түрлі шығармашылық нысандарды қолдану қажет.
Құқықтық мәдениет қалыптастырудың басты міндеттерін төмендегідей анықтауға болады:
- жастар заң және соған сәйкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу;
- мемлекет тарапынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылатынын білуі;
- заң нормаларын орындау, адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін білуі;
- күнделікті тұрмыста өзін дұрыс ұстауға ұмтылса осының өзі құқықтық мәдениеттіліктің белгісі екенін білуі және соған ұмтылуы керек.
Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Бұл болашақ жек тұлғаның тәрбиесін жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дәстүрлерінен бастау алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының бірінші тармағында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады», ал екінші тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап көрсетілген.
Отбасында баланың мінез-құлқының негіздері, оның қажеттіліктері, қызығушылығы қалыптасады. Сондай-ақ, Отанға, ата-анаға деген махаббат, үлкендерге құрмет, азаматтық, ұжымшылдық, жоғары жауапкершілікті сезім, еңбек етуге құштарлық, адалдық, қайырымдылық, сезімталдық, құқықтық тәрбиенің негізі болып саналатын жамандық пен күштеуге ымырасыздық сияқты рухани құндылықтар дамиды.
Жанұяның жасөспірімге тәрбиелік әсері тікелей және жанама түрдегі сипаттарда болады. Балаға құқықтық тәрбие берудегі жанұяның жанама түрдегі әсер етуі мыналардан көрінеді:
Жанұяның сандық құрамы;
Ата-анасының білім және мәдени деңгейі;
Ата-ананың бір-бірімен және жанұяның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қалыптасу деңгейі;
Ата-ананың жұмысбастылығы.
Құқық бұзушы көптеген жасөспірімдер баласы аз және толық емес жанұяда тәрбиеленген. Жастар арасында заң бұзушы әрекеттердің деңгейі ата-аналардың білімі мен мәдениет деңгейіне тікелей байланысты.
Жалпы жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі – мектеп пен ата-ананың кінәсі.
Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз.
Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.
Кез-келген баланың ең алғашқы тәрбиешісі - ата-ана, яғни, жасөспірімді сапалы тәрбиелеуге ықпал етуші негізгі субъект.
Жасөспірімді құқықтық тәрбиелеу ойдағыдай жүзеге асуы үшін тек жанұяның әсері аз болатынын ескергеніміз жөн. Сондықтан да, баланың уақыты көбіне мектепте өткендіктен мектеп пен жанұя тәрбиені сапалы жүзеге асыру үшін тығыз байланыста болулары қажет. Мектеп пен жанұя арасындағы қатынас ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар комитеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Кәмелетке толмағандар өз ата-аналарына қарап, олардың мінез-құлқына баға бере отырып, олардың идеясын және өнегесін қабылдайды.
Балаларды тәрбиелеу – құқықтық қана емес, адамдық және заңдылық міндет. Осымен байланысты балаларды қалай тәрбиелеу керек деген заңды сұрақ туады. Бала тәрбиелеу ісінде әр халықтың өзінде ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты әдістері бар.
Ата-ана өз баласын ең алдымен ұлттық дәстүрге, инабаттылыққа тәрбиелейтіні табиғи нәрсе. Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға да құқылы. Әлі жасы жетпегендіктен, әл-қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды.
Сондықтан, ата-аналар, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты.
Бұған заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады. Мұның мәнісі, ата-ана баласы үшін кез
келген мұқтажын жоқтауға молынан құқылы. Мұнымен ата-ана қамқоршы мен қарамағына алушыдан ерекшеленіп көрінеді.
Әке мен шешенің құқығы теңбе-тең. Сондықтан, екеуі де өзінің кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілі болып табылады. Ата - аналар өздерінің міндеттеріне былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе. Дегенмен, өкінішке қарай, өмірде басқа да жағдайлар кездесетіні жасырын емес. Тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді.
Тәрбиесіздік пен адамгершілікке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды. Қоғам, басқа адамдар да мұндай қылықтардан зардап шегеді. Мұның арты құқық бұзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар.
Сондықтан, өзінің борышын дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын шарасы болады. Кейбір сирек жағдайларда ата-ана өзінің ата-аналық құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмкін.
Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не?
Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік, әдептілік тәрбиесімен айналыспаса, оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен жалтарғандыққа жатады.
Екіншіден, мұндай жағдайда ата-аналар өздерінің құқығын теріс пайдаланған болып табылады.
Үшіншіден, егер ата-ана ылғи да ұрып-сабаса, қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып жіберсе, қадір-қасиетін қорласа.
Төртіншіден, ата-ана өзінің адамшылыққа жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе.
Бесіншіден, үнемі маскүнемдікке, нашақорлыққа салынса, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан айырады.
Құқықтық тәрбие мақсаты - оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет - қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
Құқықтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны - құқық бұзушылық әрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тәрбиедегі қолайсыз жайттарды) жою; Оқушылардың өмірі мен тәрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; Тәрбиеленушінің жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау.
Құқықтық тәрбие, сана-сезімінің қалыптасуы - жастардың өзін азамат есебінде сезінуіне көмектесу керек. Тек қана өз басы заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін қоғамның мүшесі, мемлекет пен қоғам ісіне белсене қатысатын азамат екенін түсіну керек. Тек сонда ғана құқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні барын байқаймыз.
Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте жалғастырылса, құқықтық сананың қалыптасуында табысқа жетуге болар еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының өзіне және басқа да азаматтарға байланысты тұстарын құқықтық нормалармен ұштастыра білуі; Алдымен Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде әр оқушы азаматтық кодекс және азаматтық құқықтың өз басына қатысты тұстарын меңгеруі; Жастар туралы заң және оның оқушы, студент жастарға қатысты тұстарын мазмұндық жақтан тарата отырып түсінуі; Құқықтық нормаларды және соған байланысты заңды және оның мазмұнын меңгеруі; Заң талаптарын орындамаудың салдарын талдай білуі; Заң талаптарын орындауды үнемі қаперде сақтауы және іс-әрекетінде оны ескеруі.
Яғни, жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру болып табылады, олар балалардың:
сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ, оны басқа қылмыс түрлерінен айыруға;
сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін уәжді ұғынуға;
сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі.
Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына бірте-бірте кірігу жүзеге асырылады. Студенттік жастар қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез қимылдаушы бөлігі. Нақ осылар келешекте өндіріс саласында да, басқару саласында да орындарды иеленеді және оның белсенді қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне еліміздің өсіп-өркендеуі мен прогрессивті дамуы байланысты болады. Жастардың сыбайлас жемқорлықты проблема ретінде сезінуі және мықты қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тиісті стандарттар мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады.
Құқықтық мемлекеттік құрудың міндеттеріне толық көлемде сай келетін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі рөлі жоғары білім беру жүйесіне тиесілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблема айқын әділетсіздік актілеріне сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін мемлекеттік білім беру мекемелерінде басқару қызметінің құқықтық және моральдық-этикалық аспектілерін зерделеуді көздейтін оқу пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті күшейту 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі ретінде көрсетіледі.
Білім беру бағдарламаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлықтың саяси, қоғамдық залалын, оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі. Сондықтан, студенттердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының келеңсіз салдарлары мен қалыптасатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным туралы студенттердің білімін толықтыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын (акциялар, қозғалыстар, тренингтер, пікірталастар, конференциялар) жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты жоғары оқу орындары қызметкерлеріне де, тікелей студенттердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс.
Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шешімдерді дербес іздеуіне және сыбайлас жемқорлық, оның себептері мен оған қарсы күрес әдістері бойынша өз пайымдарын таныстыруға, сондай-ақ, олардың жобалау қызметіне тартуға үлкен рөл берілуге тиіс.
Барлық жоғарыда көрсетілген мәселелерді қағидатты жаңа ұсыныстарға жатқызуға болмайды. Бірақ оқу-тәрбие процесі шеңберінде тиісті іс-шараларды жандандыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұғымдары мен бағыттары туралы базалық білім беретін теориялық және құқықтық мәселелерді зерделеу студент жастарды мемлекетіміздің заңын құрметтеу, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін қалыптастыру рухында тәрбиелеу үшін қосымша мүмкіндік береді, бұл айналып келгенде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық практикасын барынша азайтуға әкеледі.
Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз беріледі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас Отан» жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты серпін берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқандарды өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне негізгі сүйеніш жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен, «Қарсы» жалпы республикалық жастар қозғалысымен, «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық жастар қозғалысымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі.
Бүгінде «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері бүкіл ел бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде. Патриоттық, мәдени бұқаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жобаларын ойдағыдай іске асыру, қайырымдылық акцияларын өткізу, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу, мемлекеттік тілді дәріптеуге және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі нақты қозғаушы күш болды.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру – бұл тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
