Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уч. пос сыб. жем..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

8 Әртүрлі салалардағы жемқорлық әрекеттер үшін моральдық-этикалық жауапкершілік

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өзінің жұмысындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде санайды. Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдаудағы бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ өте маңызды мәселе екені айқын. Және де бұл бағытта біз билік, оппозиция, тағы басқалар деп бөлінбеуіміз қажет. Өйткені, қоғамның әр мүшесі өзінің тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешу кезінде еріксіз сыбайлас жемқорлықтың ықпалын сезінетіні шындық. Қарапайым халық арасында еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюын тек биліктегі адамдардың ашкөздігімен ғана байланыстырамыз. Бір қарағанда пікір дұрыс сияқты болғанымен, қоғам өмірін бір ғана қырынан бағалау шындыққа қиянат әкелуі мүмкін.

Мәселенің этикалық жағын сөз еткенде, жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлық «әдепсіз мінез-құлық» деп саналады. М. Редердің пікірі бойынша адам парақор деп танылғаннан кейін ол моральдық тұрғыдан айыптауға ұшырайды. Мұның тікелей экономикалық салдары кез келген әдепсіз адаммен байланыс жасаудың бағасын түсіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр кезеңде әртүрлі сипатта болған. Оның мемлекет ұғымымен қатар өмір сүріп келе жатқандығына тарихи жазба деректер куә бола алады. Мәселен, ежелгі дәуірлер туралы анықталып жатқан тарихи зерттеулерге сүйенсек, кейбір сол уақытта дамыған мемлекеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария түрде күрес жүргізіліп, пара алатын шенеуніктер қала-мемлекет заңымен қудаланған. Дегенмен де, сыбайлас жемқорлық мәселесі тарихи уақыт шеңберін немесе ұлттық шекараларды мойындамайды. Ол барлық жерлерде, барлық кезеңдерде қоғамдасудың әртүрлі нысандарында орын алып отырған әлеуметтік індет. Оны түбегейлі жою мүмкін болмаса да қоғамдық бақылауды күшейту арқылы, атқарушы және заң шығарушы биліктердің ашықтық пен жариялылық принциптерін қолдана отырып, басқада қоғамға ортақ қағидаттарына негізделген күрес пен сот билігінің әділдігі арқылы ғана белгілі бір дәрежеде шектеп, жаппай көрініс беруін төмендетуге болады. Түрлі ұйымдардың деректері бойынша, Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жағынан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жағынан артта қалып қойған кейбір елдердің соңында келе жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресті зерттейтін халықаралық деңгейде мойындалған «Трансперенси интернэшнл» тәуелсіз ұйымының статистикасына сүйенер болсақ, соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 100 мемлекеттен кейінгі төмен орынды иемденуде. Ал өткен жылы еліміз одан да төмен орынға қалыптасып, сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің арасында жүрміз. Көптеген мемлекеттер түрлі рейтингтер бойынша төмендеу болса да сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстаннан алда тұрғаны рас.

Жемқорлық, сыбайластық лауазымды адамдардың өз қызметімен байланысты құқықтарын жеке бастың баюы мақсатында тікелей пайдалануы, сонымен қатар, лауазымды адамдар арасындағы ақшаға сатылғыштық, парақорлық. Сыбайлас жемқорлықтың орын алуына ықпал ететін факторлар әр алуан. Оны емдеудің бірегей іс-шарасын әлі ешкім жасап шыққан жоқ. Әлемдік тәжірибеге және онымен күрестің өз елміздегі тарихына көз жүгіртер болсақ, қоғамдағы әділдік ұғымы заңдылықпен қаншалықты сәйкес болса, сол қоғам жемқорлық секілді індеттен соғұрлым азат болатыны ақиқат. Сондықтан, көпшілік мойындайтын әділдіктің барлығы заңды және заңды нәрсенің бәрі әділ болмауы да мүмкін. Жемқорлықты ауыздықтап ұстап отырған еуропалықтар үшін әділдік пен заңдылық синоним ұғымдар. Бірақта әр елдің өзіндік ішкі ұлттық ой-пікір бейнесін ескермеуге болмайды.

Қазақстанның парақорлықпен мемлекеттік деңгейдегі күресіне тек 20 жылдан асып отыр. Дегенмен, еліміз экономика саласында бұрын-соңды болмаған табыстарға жетуі таңдаған жолымыздың дұрыстығын айғақтап, мемлекет, қоғам тарапынан ымырасыз ұстанымымызды нығайта түсуде. Сыбайлас жемқорлықтан неғұрлым «таза» мемлекеттер «жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» қағидасын ұстанады. Осы деңгейдегі күрес алдағы болашақтың міндеті болмақ, ал бүгінде сыбайлас жемқорлық атты қоғамдық індетті алауыздықтаудың заңдық және институционалдық Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді қалыптастыру жолдары негіздері, құралдары Қазақстанда толықтай қалыптасып, өз тиімділігін де дәлелдей бастады. Оның стратегиялық бағыты «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасында белгіленген. Ал осы жобаны талқылауға мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың барлық салалар өкілдері қызу араласуда.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктері мен жағдайларын болдырмауға әсер ететін бағыттардың бірі этикалық нормалардың талабын сақтауды қадағалауды күшейту. Адамгершілік құндылықтар туралы ертеректе айтылса да, Ш.Құдайбердіұлының сөздері әлі де маңызды: «Адамдарды еңбек етуге үйретіп, білім беру керек, алайда осының бәрі адам бойындағы жаман қасиеттерден арылуға көмектесе алмайды. Адамды тәрбиелеу барысында «ар ғылымын» міндетті түрде енгізу қажет. Бұл жөнінде ақылды адамдар ойлануға тиіс. Олар бұл теорияны барлығына міндетті пән ретінде дайындаулары керек. Жас кезден бастап адам бойында жоғары тәртіптілік, өзін-өзі сыйлау сынды қасиеттерді сіңіру арқылы тәрбиелеу керек. Сонда ғана адамзат пен адамды түзеу үміті оянады». Сондықтан, қарапайым адамдарға қойылатын талаптарға қарағанда неғұрлым жоғарылау, өзі-өзіне рухани-адамгершілік және саналы шектеу қою, сыбайластықтың деңгейін төмендетуде, саяси және әкімшілік этиканың маңызды аспектісі. Қатардағы азаматтардан гөрі, белгілі бір лауазымды иеленген саясаткерлердің немесе мемлекеттік қызметшілердің көбірек лауазымдық мүмкіншіліктері бар, сондықтан, дәл соларға тиісті шектеуліктер қойылады және олар өз-өздеріне шектеулік қоюлары тиіс. Іс жүзіндегі мүмкіншіліктердің барлығы бірдей оларға рухани қанағат тұрғысынан жарамды бола бермеуі тиісті. Бұл жерде материалдық артықшылық, жеке басына пайда түсіру үшін қызмет жағдайы мүмкіншілігін пайдалану немесе адамгершілікке жат пиғылдар туралы пайымдау емес. Ондай ап-айқын теріс қылықтар азды көпті қалың жұртқа түсінікті және әлсін-әлсін бұқаралық ақпарат құралдарында көрініп қалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделінің тұжырымдамасына» сәйкес 2013 жылдың 26 наурызынан бастап мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сыбайластыққа қарсы мінездемеленетін күрделі және кешенді өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы өзгерістердің басты мақсаттарының бірі болып конкурстық іріктеу, басқа да тағайындаулар жасалған кезде сыбайластық әрекеттерді болдырмау көзделген. Сонымен қатар, заңнамада мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеуліктерді нақтылау тетіктері заңдастырылған. Бұл жерде нақты айтуға болатыны, лауазымды тұлға өз-өзіне қойылатын шектеуліктерді ескере отырып өкілеттілік шеңберінде жасайтын түрлі іс-әрекеттерді моральдық тұрғыдан дұрыс пайдаланып және өзінің тәлім тәртіп ұстанымы шегіне байланысты таңдау жасауға назар аударуы қажет деп ойлаймыз. Басқалай айтқанда, билік заңды пайдалануда лауазымды тұлғаларға кең мүмкіншілік береді, бірақта заңмен белгіленген мүмкіншіліктер өне бойы моральдық көзқарас жағынан қолжетімді бола бермейді.

Сыбайлас жемқорлық адамзаттың алғашқы қарапайым қауымдастықтан өтіп, күрделі тайпалық қоғамдық бірлесулердің пайда болуы мен адамдардың әлеуметтік жікке бөліну үдерісінен бастау алады. Алғашқы қоғамдық бірлесулердің өмірге келуі адамдардың әлеуметтік жікке бөлінуі мен адамзат өміріндегі материалдық және құқықтық теңсіздіктің пайда болуына алып келгені белгілі. Соның салдарынан байлық иелері мен байлығы жоқтар арасында жаңа қарым-қатынастар пайда болған. Яғни тайпалық қоғам ішінде өктемдік жүргізуші топтардың көмегі мен рахымына ие болу үшін соларға тәуелді, кіріптарлардың оларға сый-сияпат көрсету мен тартулар жасау салт-дәстүрі пайда болды. Қоғамның даму сатысы биікке көтеріліп, мемлекеттің жетілу деңгейі өскен сайын бір кездегі қарапайым салт-дәстүрдің мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырап, қазіргі кезеңдегі келеңсіз құбылыс сыбайлас жемқорлық деңгейіне жеткені белгілі.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6 бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Әрқайсысы өз құзыреті шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдану қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметіне одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығы бойынша мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленіп, осы жөнінде тікелей міндет жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңда, сондай-ақ, өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкімшілік және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет. Осы бағытта агенттікпен cтратегияда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді назарға ала отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды түп-тамырымен жоюға бағытталған жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның аса маңызды рөлін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мәселесінде қызметінің түрі мен нысанына, әлеуметтік жауапкершілігіне қарамастан коммерциялық емес ұйымдар, заңды тұлғалар, саяси партиялар өкілдерімен, сондай-ақ, азаматтармен қабылдау қажеттігін мойындай отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы ашық келісім жасақталды.

Келісімнің мақсаттары мен міндеттері:

1. Осы келісімнің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

2. Келісімнің негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға коммерциялық емес ұйымдарды, заңды тұлғаларды, саяси партияларды, сондай-ақ, азаматтарды тарту;

2) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға негіз болатын себептер мен жағдайларды жою және болдырмау мәселесіне коммерциялық емес ұйымдардың, саяси партиялардың, сондай-ақ азаматтардың күштерін шоғырландыру;

3) азаматтардың құқығының және заңды мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді азайту.

Келісімнің мәні:

1. Аталған келісімнің мәні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі бойынша тараптардың ынтымақтастығы болып табылады.

2. Ынтымақтастықтың нысанына сәйкес, басқа да бағыттар белгіленуі мүмкін.

Ынтымақтастықтың бағыттары:

1. Осы келісімнің мақсаттарын, міндеттерін және мәнін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту бойынша ынтымақтастықтың келесі мақсатты топтары белгіленді:

1) жастар және жастар ұйымдары;

2) әйелдер және әйелдердің қоғамдық бірлестіктері;

3) бұқаралық ақпарат құралдары және журналистер;

4) коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде, құқық қорғау және кәсіподақ ұйымдары, заңды тұлғалар, саяси партиялар, сондай-ақ, азаматтар;

5) мәдениет қайраткерлері, кинематографиялық ұйымдар және кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға, таратуға, пайдалануға және оларға азаматтарды тартуға байланысты басқа да ұйымдар;

6) этномәдени және діни ұйымдар;

7) білім беру және ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері;

8) кәсіпкерлік субъектілері және олардың ассоциациялары (одақтар).

Келісімнің тараптары:

1. Министрлік осы келісім тараптарының бірі және мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ретінде, өзіне ынтымақтастықтың бағыттары бойынша қызметті үйлестіру жөніндегіміндеттемелерді қабылдайды.

2. Қол қоюшылар осы келісімге қосыла отырып, ынтымақтастықтың бір немесе бірнеше бағыттары бойынша өздеріне міндеттемелер қабылдайды.

Ынтымақтастықтың бағыттары, мақсаттары мен міндеттері:

Жастарды және жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

2) жастар мен жастар ұйымдарын мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру жұмыстарына тарту;

3) студенттік ортада және жоғары оқу орындарында жемқорлықтың көріністеріне ескерту бойынша бірлескен шаралар қолдану.

Әйелдер және әйелдер қоғамдық бірлестіктерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты – отбасында, оның ішінде, өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынас құндылығына тәрбиелеу және бойларын сіңіру.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) әйелдер және әйелдер қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға тарту, олардың өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудегі рөлін арттыру;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруде әйелдер қоғамдық бірлестіктерінің бастамаларын қолдау және жүзеге асыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бұқаралық ақпарат құралдарын және журналисттерді тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты - салалық заңнаманың және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерін, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын БАҚ-та кеңінен жариялау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар туралы азаматтарды уақтылы ақпараттандыру;

3) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық қызметтің тиімді тәсілдері мен әдістерін әзірлеуде күштерді біріктіру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға коммерциялық емес, оның ішінде құқық қорғау және кәсіподақ ұйымдарын, заңды тұлғаларды, саяси партияларды және азаматтарды тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты – еңбек ұжымдарында, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және басқа орган қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер алу процедураларын, мемлекеттік сатып алуларға қатысуларды түсіндіру.

Мәдениет қайраткерлерін, кинематографиялық ұйымдарды және кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға, таратуға, пайдалануға және оларға азаматтарды тартуға байланысты басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты – мәдениет, әдебиет және өнер туындылары негізінде, мәдени құндылықтарды енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) театр қойылымдары, сондай-ақ, көркем фильмдер арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз ету;

2) баспа, кітап шығару, радио тарату, теледидар және кинематография салаларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша бірлескен іс-қимыл қабылдау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға этномәдени және діни ұйымдарды тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты - Қазақстан халықтарының мәдениетіне сыбайлас жемқорлықтың жат құбылыс екеніне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, діннің жемқорлықты қабылдамайтындығын жариялау.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) Отан сүйгіштік және рухани-адамгершілік тәрбие;

2) «Мәңгілік ел» идеологиясының контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

3) түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

4) дін қызметкерлерін даярлау үшін кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын рухани (діни) білім беру мекемелері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу негіздерімен білім беруді ұйымдастыру.

Білім беру және ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты - білім беру мекемелерінде, сондай-ақ, ғылыми зерттеу мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу қызметін жандандыру.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлық профилактикасы және жемқорлықтың алдын алу саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру қызметін ұсынатын ұйымдарға әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

3) білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға кәсіпкерлік субъектілерді және олардың қауымдастықтарын (одақтарын) тарту:

1. Ынтымақтастықтың мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік басқарудың, бизнестің ашықтығын арттыру, бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру.

2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлық жағдай туғызатын себептерді бірлесіп анықтау және жою;

2) мемлекеттік қызметтер көрсетуге қоғамдық бақылауды күшейту және сапасын арттыру;

3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі бойынша ашықтықты қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу.