Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уч. пос сыб. жем..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

6 Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының этникалық ерекшеліктері

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы № 986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған.

Осы уақытқа дейін біз сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет деп келсек, ендігі уақытта басты идеологиялық құжатымыз Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты  кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады.

Тіпті еліміздің жаңа Заңының атауы да бұрынғыша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес емес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» деп өзгертілді. Осы заңды жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде жаңа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Яғни, идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін белгілі бір этностық топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық тұрғысынан елдің біртұтас халқының мәдениеті мен ділдігі қарастырылды. Бұл тәсіл біртұтас ұлт - Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Алайда, Қазақстан сияқты көп этносты және көп конфессиялы қоғамда этносаралық ықпалдасу және саралау ретінде құндылықтар мен нормалар жүйесі қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік пен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде сақталатын әр алуандықты айқындайды.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл - азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел - толеранттылық елі сияқты құндылықтар.

Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау, әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген. Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған.

Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлылық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан. Аталған қасиеттер сол немесе өзге де дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады.

Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құндылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.

Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л.В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар, өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар.

Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын, ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі мінез-құлық нормаларына жатқызылады – «асар» және басқалар, олар достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді:

«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры»,

«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,

«Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,

«Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды»,

«Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,

«Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды»,

«Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары);

«Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы);

«Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады»

(орыс мақалы).

Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі. «Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме?

Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді.

Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.

Білім мен ілім көп этносты қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесінде ерекше орын алды. Білім аға ұрпақтан өскелең ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі.

Білім адам мен қоғамның табысты даму тәжірибесін көрсете отырып, маңызды ақпарат береді, ақырында оның дамуына белсенді ықпал етіп, қайтадан практикаға қайтып келеді.

Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде ерекше орын алады. Білім мен еңбек ажырамайды: еңбекпен білімге қол жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан, Қазақстан этностарының дүниетанымында білім байлық, әлеуметтік капитал ретінде қабылданады:

«Білім байлықтан жақсы», «Алтынды іздеме, білім алуға тырыс» (қазақ мақалдары);

«Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады», «Құс қанатымен, адам білімімен күшті», «Ілім тамыры ащы, ал жемісі тәтті (орыс мақалдары);

«Байлық таусылады, білім азаймайды», «Ақыл-ойдан артық байлық жоқ» (өзбек мақалдары);

«Ілім – алтын: шірімейді, ал байлық – қоқыс: шіріп кетеді» (күрд мақалы).

Мақал-мәтелдердің басқа тобы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кеңдігі мен тереңдігі және оны әлеуметтік кесел ретінде қабылдау туралы дәлелдейді, халық оны мойындай отырып, оны айыптау арқылы онымен күресуге тырысады. «Балық басынан шiридi» – «Рыба гниет с головы», «Адамды билік/тақ өзгертеді» – «Человека кресло/власть портит», «Құдайын ұмытқан» – «Бога забыл», «Иманы жоқ» – «Креста на них нет».

Парақорлықты, сатып алу, ұрлық жасау мен сатқындықты айыптауды жазушылар мен ақындардың шығармаларынан табуға болады. Оның жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады.

Үшінші қара сөзінде Абай былай дейді: «... әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық».

Одан әрі бесінші сөзінде халықтың әрекетсіздігіне қынжылады: «Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен... Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? <...> Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Осындай кәдімгі сыбайлас жемқорлықтың себептерінің бірі ретінде ұлы ақын кедейшілік және пайдакүнемдік пен атақ құмарлықтан көреді. Бұл жерде бір ғана жол бар – білім мен еңбек: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айырылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды» (оныншы сөз). Отыз жетінші сөзінде ол осы екі қасиеттің – еңбек пен білімнің қаншалықты жоғары бағаланатынын нақты айқындап береді: «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

Ашкөздік пен еңбексіз баюды айыптау, еңбек пен оқу-білімге шақыру алыс және көрші халықтардың батырлары туралы тарихты кеңінен тарату арқылы даладан далаға берілетін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегілердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психологиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді.

Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Қазақ елінде XVI ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның негізіне әдет-ғұрып құқығы енгізілді. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы XVIІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде «Жеті жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды. Т.М. Культелеевтің айтуы бойынша, сол кезде қазақтың әдет-ғұрып құқығы үш негізден тұрды: әдет-ғұрып, сот билерінің тәжірибесі және би съезд ережелері. Сол кезеңде Қазақстанда сот қызметін қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізінде хандар, сұлтандар және билер атқарған. Ханның сот талқылауы, соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды. Сот талқылау үшін ол «хандық» деп аталатын сыйақының белгілі сомасын алып отырған. Хан әдет-ғұрып құқығының негізінде соттаған, әдет-ғұрып құқығындағы ақтаңдақтарды өзінің құқық шығармашылық қызметімен ауыстырып отырды. Осылайша, ханның сот шешімі әдет-ғұрып құқығын толықтырды және құқықтың жаңа нормаларын құруға алып келді. Әдет-ғұрып құқығы бойынша, судьяларға тарту, сыбаға және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады. Сондықтан, феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан, қиындатқан. Д`.Андренің «Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында»: «Ордада әрбір сыйлы адам, лауазымды тұлға болса да, сыйлық алуына болады» деп көрсеткен. Осы жазбаның басқа нұсқасында, «мұндай тұлға сыйлық қабылдаудан бас тарта алмайды» деп айтылған. Қазақстанда құқық жүйесінің қалыптасуының келесі кезеңі, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруіне объективті әсер етті. Бұл Ресей отаршылдық саясатын бекіту және империя шекарасын кеңейту кезеңінен басталды. Ресейге қосылған кезеңде Қазақстанның сот құрылымы екі қосарлас жүйе ретінде қолданылып жүрді: - жергілікті ұлттық сот – билер соты, қазақтар арасындағы болмашы қылмыстық және азаматтық істерді талқылады. Олар әдет-ғұрып құқығы және шариғат негізінде әрекет етті; - жалпы империялық сот мекемесі - қазақтардың ерекше маңызды қылмыстық істерін және басқа халықтар өкілдерінің арасында туындаған барлық істерді талқылады. II Екатеринаның басқару кезеңінде парақорлық үшін санкция I Петр кезеңіндей қатал болмады. Осы уақытта билік органдарында сыбайлас жемқорлықтың таралуы көбейді. II Екатерина осы қылмысты жүзеге асырғаны үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Жазалау шарасының қаталдығы және кең қолданылуы қылмыстың бұл түрінің санын азайтпады. Сондықтан, Ресейде сұғанақтықпен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді. 1845 жылы Ресейге қылмыстық және атқарушылық жаза туралы Ереже қабылданды. 1903 жылы Ресейдің «Қылмыстық ережесі» әзірленді. 1885 жылғы «Қылмыстық және түзеу жазасы туралы ережелердің» лауазымды қылмыстары туралы барлық нормалары осы ережеге автоматты түрде көшірілді. Алайда, 1903 жылы Ереже заңды күшіне енген жоқ. Қайта құрудың революциялық сипаттамасы Ресейде капиталистік қатынастың дамуын тоқтатты. Патша үкіметінің барлық заңдары, соның ішінде қылмыстық заңдар 1917 жылы күшін жойды. 1917 жылы қазан айында мемлекеттік құрылыстың және басқару нысанының ауыстырылуы сыбайлас жемқорлық құбылысын алып тастамады. 1918- жылы 8-мамырдың «Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес үкіметінің бірінші құқықтық актісі болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады: Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 1980 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды. Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін қате түсіндірді. Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды: парақорлық; сұғанақтық; қорқытып алу; мемлекеттік мүлікті ұрлау. Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады. 1997 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты - мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды. 1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000 жылы 28 сәуір, 2001 жылы 8 маусым, 2001 жылы 12 шілде, 2002 жылы 9 тамыз, 2003 жылы 27 қыркүйек, 2007 жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді). Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан, онымен күрес жүргізу - жалпы ұлттық міндет». 2005 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Ал 2006 жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз. Бүгінгі таңдағы, сыбайлас жемқорлықтың мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей: 1. Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру; 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру; 3. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру секілді мәселелерді қарастырса, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймағанмен, біршама азайтар едік.