- •Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан
- •Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану)
- •Интегрированное обучение английскому языку и учебным предметам емц (информатика, физика, химия, биология, естествознание)
- •Ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдері
- •Кіріктіріп оқытуды ұйымдастырудың түрлері
- •Ағылшын тілі және информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологиялары
- •Ш. Жаңа сабақ
- •Сабақтың қорытындысын шығару және бағалау.
- •Үйге тапсырма беру кезеңі.
- •Жаңа сабақты пысықтау.
- •Жаңа сабақты бекіту.
- •4 Ағылшын тілі және информатика, физика, химия, биология мен жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Принципы и подходы интегрированного обучения английскому языку и предметам емц (информатике, физике, химии, биологии, естествознанию)
- •Формы организации интегрированного обучения
- •Педагогические технологии интегрированного обучения на уроках английского языка и иинформатики, физики, химии, биологии, естествознания
- •Приложение 2.
- •Приложение 3.
- •“ Black box ” и снова «Черный ящик».
- •4 Оценивание знаний учащихся при интегрированном обучении на уроках английского языка и информатики, физики, химии, биологии, естествознания
- •Заключение
- •Список использованной литературы
- •Содержание
- •Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану)
- •Интегрированное обучение английскому языку и учебным предметам емц
- •302 Шрифт Times New Roman. Усл. П.Л.18,8.
4 Ағылшын тілі және информатика, физика, химия, биология мен жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау
Оқытуды, соның ішінде мектеп оқытуындағы нәтижелерді бағалау кез- келген білім беру жүйесіндегі қажетті және мәнді элемент болып табылады.
Мектеп оқытуындағы нәтижелерді бағалау түсінігі өз құрамына оқушылардың оқу барысында қол жеткізген табыстарының табиғаты мен деңгейін, оқыту үдерісінің ақырғы нәтижесі мен белгіленген оқу мақсаттарының арасындағы ара қатынасты өлшеу, сонымен қатар оқытуды жетілдіру бойынша белгілі бір шешімдерді қабылдау үшін қызмет ететін үдерістер мен аспаптардың түрлілігін енгізеді.
Дәстүр бойынша оқушылардың мектеп жетістіктері айтарлықтай дәрежесінде оларға мұғалім нені және қалай оқытып отырғанына байланысты. Осы тұрғысында мұғалімнің таңдауы түскен оқыту әдістері стандарттармен, бағдарламалармен және мектеп оқулықтарымен белгіленген білімділік мақсаттарына, оқушылардың білім деңгейіне тәуелді. Онымен бірге оқыту нәтижелерінің сапасы айтарлықтай дәрежесінде кері байланыс әсеріне, мектеп оқуындағы нәтижелерді ұсынылған бағалауына тәуелді болып, одан өзге, білім беру жүйесіне инновацияларды енгізу бойынша шешімдерге әсерін тигізеді.
Бағаның әсері, басым жағдайда, оқыту, оқу үдерісінде және қоғам қажеттіліктерінде білінеді. Осылайша, бағалау мұғалім үшін маңызды әрі қажетті болып табылады, өйткені оқушылардың оқуында жеткен жетістіктері оқыту әдістемесін жақсартуға ықпал етеді. Алынған нәтижелер үнемі білім беру мақсаттарымен салыстырылып отыруы тиіс. Оқыту бойынша кез-келген бағдарламаны жоспарлауды оқу мақсаттарын нақты анықтаудан бастау қажет, ал нақты бағдарламаның тиімділігі оқушылардың белгіленген мақсаттарды іске асыру дәрежесіне байланысты.
Тиімді және объективті баға оқушының
ой өрісіне де оң өзгерістерін тигізеді.
Олар орындауға жататын тапсырманы терең
ойластырып алады; өз әрекеттері үшін
жауапкершілікті түсінеді; қанағаттанып,
қандай да жұмысты орындауда өз күшіне
сеніп, өзгелердің идеяларына түсуінушілікпен
қарап, құрметтей алады. Оған қоса,
өзін-өзі бағалауы арқасында оқушылар
өз әлеуетін жақсырақ білетін болады.
Бұл оқушылардың өзіне деген сенімін
арттырып, оларды жетістіктерін жақсартуға
түрткілейді. Мұғалім оқушыларға өзін-өзі
бағалауға қабілеттіліктерін
дамытуға, жеткен жетістіктерін оқыту
мақсаттарымен салыстыруға, жеке
бағдарламасын әзірлеуге және оқудағы
өзіндік ырғағын анықтауға көмектесуі
тиіс.
Бағалау жүйесі – мектептің білімділік кеңістігіндегі басты кіріктіру факторы, оқытудағы мәселелерді диганостикалаудың және кері байланысты орнатудың негізгі құралы [22].
Бағалау жүйесі дегенде мұғалім, оқушы және ата-аналар арасында білімділік үдерісінің табыстылығы жөніндегі бақылау-диганостикалық байланыстарды іске асырудың, сонымен бірге оқушылардың өздігінен анықтауды іске асыруының механизмін түсінеміз.
Бағалау және өздігінен бағалау жүйесі – бұл білімділік үдерісін өз бетінше реттеудің табиғи механизмы, бұл жағдай оның өзгеше маңыздылығын анықтай түседі.
Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар – қайсыбір оқу материалының қаншалықты табысты меңгерілгенін, қайсыбір тәжірибелік дағдының қалыптасуын анықтау мүмкіндігін, яғни оқушылардың жеткен деңгейін әлдебір оқу курсының негізіне салынған талаптардың белгілі минимумымен салыстырып тексеру.
Бағалау мақсаты – ең алдымен, оқушының дамуын және оның танымдық мотивациясын қолдау. Танымдық қызмет нәтижелерін бағалауда негізгі мектепке арналған оқытудың мемлекеттік бағдарламасының жалпы бөлімінде белгіленген ережелерді басшылыққа алады. Білімдер мен біліктердің танымдық қызметтің мақсатты нәтижелеріне сәйкестігі бағаланады: білім мен ұғыну (тану, аталым, мысал келтіру, сипаттама беру, тұжырымдау мен баяндау), практикалық қолданыс пен талдама біліктері (тәжірибелерді өткізу, қасиеттерін анықтау, өлшеу, ажырату, топтастыру, байланыстыру, нәтижелерін шығару, таңдау, шешім қабылдау, құрастыру, ресімдеу және ұсыну).
Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен ой өрісінің даму деңгейін ескерумен, оның ауызша жауап беру, жазбаша және/немесе тәжірибелік жұмыстарды жасау білімдері мен біліктері, тәжірибелік сабақтарға қатысуы бағаланады.
Оқу нәтижелері сөздік және/немесе санды бағалармен бағаланады. Жазбаша тапсырмаларды бағалауда, ең алдымен, жұмыстың мазмұны ескеріледі, бірақ онымен қатар бағалауда ескерілмейтін грамматикалық қателері түзетіледі.
Мінез-құлығы (қызығушылық білдіруі, мәнділігін, құндылығын түсінуі, қажеттіліктерін ескеруі, табиғаттағы жүріс-тұрысы мен ережелерді ұстануы) бағаланады.
Оқу нәтижелерін тексеру нұсқалары әртүрлі болып, оқытудың мақсатты нәтижелеріне сай келуі тиіс. Оқушы ненің және қашан бағаланатынын, бағалаудың қандай нұсқалары қолданылатынын және бағалау критерийлерінің қандай болатынын білуі керек.
Ағылшын тіліне және ғылыми-жаратылыстану пәндеріне кіріктірілген оқыту барысында оқушылардың білімін бағалау жүйесін қарастырып көрелік.
Келесідей бағалау жүйесін ұсынамыз (7-кесте).
7-кесте. Кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау түрлері
№ р/с |
Әрекеттің түрі |
1 |
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің терминдерін ағылшын тілінде білу |
2 |
Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика сабақтарында ағылшын тіліндегі терминдерді қолдану |
3 |
Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндері бойынша сөз тіркестері мен тұтас сөйлемдерді құрастыру |
4 |
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндері бойынша зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты тұжырымдарды ағылшын тілінде құрастыру |
5 |
Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндері бойынша ағылшын тіліндегі қатынастың түрлі жағдаяттарына қатысу және сөйлеу (диалог) нормаларын ұстану |
6 |
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндеріді игеру барысында тыңдалған/оқылған материалдың мазмұнын ағылшын тілінде айтып жеткізу |
7 |
Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндері бойынша аудиовизуалдық материалдың негізінде сөйлем құрау |
8 |
Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндерінің тақырыптары бойынша ағылшын тіліндегі оқу мәтінінің мазмұнын түсіну, осы мәтінді оқыту тіліне аудара білу |
9 |
Игеріліп отырған курстың ағылшын тілінде тыңдалған/оқылған материалының мазмұнын оқыту тілінде баяндау |
Осымен, ағылшын тілі және физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндерін кіріктірілген оқыту барысында оқушылардың білімдерін бағалау жүйесі:
ағылшын тіліндегі сөз қорын толықтыруға;
өз ойын және ақпаратты ағылшын тілінде ауызша жеткізе білу біліктерін дамытуға;
мұғалім мен оқушының сөзін, аудио/бейнетаспаны тыңдау, ағылшын тілінде тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну біліктерін қалыптастыруға;
зерделеніп отырған тақырып бойынша ағылшын тілінде оқылған мәтінді түсінуге;
қажет жағдайда ақпаратты жазбаша нұсқасында жеткізуге бағытталуы
тиіс.
