- •Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор- лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
- •Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде.
- •Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде.
- •5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі
- •Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ерекшеліктері
- •Саяси партиялар мен бақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде
- •Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалаушы құжат – БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды.
Азаматтық қатысу деп азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының олар тұратын мемлекет пен жергілікті қоғамды басқаруға қатысуы түсініледі. Азаматтық қатысу нысандары азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының мемлекеттік органдар шешімдерінің дайындалуына, қабылдануына және бақылауына қатысуы болуы мүмкін. Қоғамдық бақылау «мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды қоса алғанда, олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық институттар қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы болып табылады. Қоғамдық қатысу идеясы қоғамдық істерді басқару процесіне басқарушыларды тартуды немесе қосуды болжайды. |
Мемлекеттік органдар жұмысын қоғамдық бақылау демократияның базалық элементі болып табылады. Қоғам мемлекетке өкілеттіктер мен ресурстар бере отырып, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін барлық негіздерге ие. Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын қадағалауы. Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: – қоғамның жетілуі; – тәуелсіздік; – адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы; – мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің жариялығы мен ашықтығы; – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік қатынастар. |
Қоғамдық бақылау: 1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін бірыңғай басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген институттарын басқару нысандары ретінде болады; 2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету және осы мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі құралдарын білдіреді; 3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру мен біріктіру әдісі болып табылады; 4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап құқық бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер етуі мүмкін құқықтық жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік нормаларды орындаудың кепілі ретінде болады; 5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан жақты ажырамас өкілеттігі болып табылады |
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады: – мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау; – қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы; – азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы; – мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және сараптамалық органдарды құру. |
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары. Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары мыналар болып табылады: – қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған партияларға сенім білдіруден бас тартады; – ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби одақтар; – мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы бірлестіктер; – мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер; – сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар. Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды – ҮЕҰ) дамыту және сол арқылы олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін күшейту қажет. |
Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы» (2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру болды. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Бұл маңызды стратегиялық құжатта сыбайлас жемқорлыққа саясат тұжырымдамасы бекітілген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететін іс-шаралар кешені әзірленді. 2015 жылғы 18 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды |
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруды реттейтін мынадай үш негіз қалаушы заң қабылданған: «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V Қазақстан Республикасының Заңы. Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды; – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Қазақстан Республикасының Заңы. Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді;
|
Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның басым міндеттері мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігіндегі кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды, осындай кеңестер Астана, Алматы қалаларындағы және облыстардағы барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде құрылған. |
Қазақстанда қоғамдық бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып табылады деген қорытынды шығаруға болады:
2. Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды орташа кластың болмауы. 3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын танымдылықтың болмауы. |
