Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК_1с.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65 Кб
Скачать
☆

Саяси партиялар мен бақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқор- лыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалып- тастыру болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабыл- дануда. «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқор- лыққа қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен оның пайда болуының алғышарттарын жою мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган.

Кеңестің міндеттері:

1) партияның, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ партияның консуль- тациялық-кеңесші институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттарын іске асыруды және орындау мониторингін қамтамасыз ету;

2) партияның өңірлік және аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің қызметін үйлестіру;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру,

4) сыбайлас жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық ісер ету тетігін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әртүрлі инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану;

5) азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу;

6) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс.

Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

– мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың лауазымдық тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу;

– олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын кемші- ліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету;

– әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру;

– азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты пайдалануының заңды және моральдық жауапкершілігі жағдайын қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тағы басқа да салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынасты байланыстыратын пәрменді құрал болды, олардың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетіледі.

Жастар арасында нысаналы жұмыс жүргізілуде. Патриоттық тәрбие және облыстық бағдарламаларды іске асыру мақсатында жұмысқа ҮЕҰ жастары тартылады. Жыл сайын көктемде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының қамқорлығымен еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік жастар мен «Студент ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жастар ұйымдарының арасында акция өткізіледі. Бұл акция барысында жоғары оқу орындарында сенім жәшігі орнатылып, Қазақстан студенттері Альянсы республикалық штабының сенім телефондарының нөмірлері басылады, студенттер арасында жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады.

БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігінің басты қағидаттарының бірі жариялылық болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның маңызды міндеті БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту, БАҚ-та өңірлерді, салаларды, ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік органдардың шешімдері мен олардың өкілдерінің нақты қызметін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін жариялау болып табылады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады. БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария сипат беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғамға қарсы әрекет үшін жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс

Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мүдделерін көрсетеді, азаматтардың толық және объективті шынайы ақпарат алу құқығын іске асырады. Ақпараттық орган мен мемлекеттік саясатты көрсетуші болатын газеттер, журналдар, сайттар әртүрлі проблемаларды айқындап және жария ете отырып, халықтың үлкен сеніміне кіреді.

Жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік

Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демок- ратиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабының 1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік құқығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде әкімшілік-деликт құқығы қаралады, оның дамуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты. Мұндай заңдардың негізіне, Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы, тікелей қолданыстағы заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын анықтайтын конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілік- құқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің, (бұдан әрі – ӘҚБТК) «Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды (2-тармақ).

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бірқатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар. Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады [8, 1-б. 25-бап]. Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтардан айырмашылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрқашан қасақана әрекет түрінде жасалады.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:

– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);

– мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап);

– заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап);

– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап);

– мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап);

– бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681-бап).

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы. Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті жағы және субъективті жағы. Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам [8, 26, 28, 30-34 баптар].

Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік және өзге де заңмен көзделген жауапкершіліктен оның есі дұрыс емес болуына байланысты босату үшін негіз ретінде тек сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы болуы мүмкін. Егер әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған оның адамның есі дұрыс емес екендігі белгілі болған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылуға жатады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 1-бабы 12) тармақшасы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мемлекеттік қызметшілер болуы мүмкін емес.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көрсетілген субъектілер сыбайлас жемқорлыққа байланысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді және өзге де әрекеттерді жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және өзге де көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодекс негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады, бірақ олардың мәртебесі туралы тиісті заң актілерінде белгіленген арнайы рәсімдер алдын ала сақталады. Алайда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сыйақы мәні (негізсіз баю) болып табылатын мүлікті тәркілеу көзделмеген.