- •Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор- лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
- •Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде.
- •Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде.
- •5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі
- •Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ерекшеліктері
- •Саяси партиялар мен бақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде
- •Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ерекшеліктері
Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған. Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады. |
Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құндылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады. Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды. болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді. «Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды». |
Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді. Халық нақылында: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін» деген сөз бар. Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді. Бұл ой халық даналығында көрініс табады: «Іскерге – нан, жалқауға – ұйқы», «Ағаш жемісімен, адам ісімен жақсы». |
Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде ерекше орын алады. Білім мен еңбек ажырамайды: еңбекпен білімге қол жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан Қазақстан этностарының дүниетанымында білім байлық, әлеуметтік капитал ретінде қабылданады: «Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады». Мақал-мәтелдердің басқа тобы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кеңдігі мен тереңдігі және оны әлеуметтік кесел ретінде қабылдау туралы дәлелдейді, халық оны мойындай отырып, оны айыптау арқылы онымен күресуге тырысады. «Балық басынан шiридi», «Құдайын ұмытқан» т.б. Абай былай деген: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды» (оныншы сөз). Отыз жетінші сөзінде ол осы екі қасиеттің – еңбек пен білімнің қаншалықты жоғары бағалатынын нақты айқындап береді: «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегілер халықтың мінезін, оның психо- логиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді. «Сондай-ақ халық ертегілерінде басты персонаж ретінде жануар- лар – жылқылар, түйелер, ешкілер, қойлар, бүркіттер алынады, қоғам- ның материалдық өмір жағдайларына байланысты. Үй жануарлары образында әдеттегідей, адам сияқты сөйлейді, халық аллегориялық нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды». Қасқыр персонажы көптеген ертегілерде дөрекі, қатал адаммен, қоян – қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен ұқсастырады. |
Ар-ождан, адалдық, сатылмаушылық – адамшылықтың, ізгіліктің негізі, ол қазіргі заманғы адамды тәрбиелеудің негізі болып табылады. Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай? Ол неден көрінеді?
Ұлттың салт-дәстүрлері сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы тұра алады ма, бұл үшін не істеу қажет?
Сыбайлас жемқорлықтың этностық тамыры, мәдени алғышарттары бар ма?
Біздің қоғамда ар-ұяттылық пен әдептілік қалай бағаланады?
Халықтың дәстүрлеріне құрметтеу сыбайлас жемқорлық көрінісі болып табыла ма?
