- •Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор- лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
- •Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде.
- •Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде.
- •5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі
- •Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ерекшеліктері
- •Саяси партиялар мен бақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде
- •Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қазіргі заман жағдайында сыбайлас жемқорлық қылмыс жаһандық жалпы адамзаттық проблемаға айналды. 2003 жылы қабылданған БҰҰ Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі нормативтік құқықтық актіні білдіреді, онда әлем елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнамасын әзірлеу бағдарлары мен бағыттары көрсетілген. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 6-бабында сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп құрамында көрсетіледі. |
Осы жағдайда көптеген елдердің қылмыстық заңнамасы көлемін ұлғайту үрдісіне ие болды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекс 467 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті нысандары қылмыс ретінде сараланады. Қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа 21 қылмыс құрамы жатқызылған. Мысалы, «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық, «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар», «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар», «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар», «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар». |
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 3-тармағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың толық тізбесін айқындайды. Парақорлықтың жалпы сипаттамасы. Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсаттарда пайда көру үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың мұндай анықтамасы БҰҰ Бас ассамблеясы 1979 жылы 17 желтоқсанда қабылдаған құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық Кодексінде қамтылған. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың қауіпті және көп тараған көріністерінің бірі болып табылады. |
Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал арқылы) және жасырылған (25%-ға жуығы заңды іс-әрекеттер сияқты, қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.) Қорқытып алу тәсілдері: 1) пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіре алатын іс-әрекеттерді жасау қаупін төндіріп, пара талап ету; 2) оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды салдарын болдырмау мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі жеткізуі (рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс қалу). Пара беруші өзінің заңды мүдделерін қорғап, пара беруге мәжбүр болған жағдайда, яғни пара беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда жауапкершіліктен босатылады. |
