- •Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы.
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор- лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
- •Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде.
- •Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде.
- •5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі
- •Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ерекшеліктері
- •Саяси партиялар мен бақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде
- •Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. |
Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады. Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. |
Отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай ? Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны анық. Қоғамда моральдық- адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді. Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай, жалпыға ортақ төзбеушілік ахуалы жасалмайынша, моральдық айыптау, отбасы деңгейінде барлық азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған. Тәрбие аясында адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік сияқты құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі көбі адал, парасатты болу пайдалы емес, кейде бұл қасиеттер жеке өмірінде проблемаларды шешуге және өмір сүруге кедергі келтіреді деп санайды. Осы т ұрғыда қалыптан тыс сана мен м інез- құлық қалыптасады, соңында сыбайлас жемқорлыққа әлеуметке қарсы құбылыс ретінде қарауды қояды. |
Кейбіреулердің санасында сыбайлас жемқорлық пен парақорлық феноменінің халық дәстүрлері мен салтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орнығады. Әрине ешбір ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер адамның сыбайлас жемқорлық теріс қылық жасауға итермелемейді. Пара беру мен алу әрқашан моральдық- этикалық нормалар мен халықтың түсінігіне қарама-қайшы келетін әлеуметтік зұлымдық ретінде талқыланып, қабылданатын. Сондықтан жеке тұлғаның жеке, психологиялық ерекшеліктерін жалпыға ортақ деңгейге экстраполяциялау дұрыс емес және тіпті зиян. Демек, тұлғаның сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың түп-тамыры, себептерін индивидтің ұлттық ділінен емес, керісінше рухани-адамгершілік әлемінен іздестіру қажет. |
Гедонизм құндылықтарын тарату да ерекше алаңдаушылық туындатады. Әдемі, алаңсыз өмір, рахат пен ләззат, жасампаздық еңбекке белсенді түрде қатыспай-ақ ырду-дырду өмірді көрсету қоғамның псевдоидеалдарын жасайды. БАҚ «гламур» құндылықтарын тарата отырып, тұтынушылық психологиясын қалыптастыру көзіне айналуда. Бұл туралы Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында былай деп жазды: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады» . |
Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс- әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға келесідей қорытынды шығаруға болады:
––отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет; ––адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс. |
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылық- тар. |
Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін қалыптастыруға бағытталған ба?
Отбасылық тәрбие, дәстүрлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қандай орын алады?
Қазіргі отбасы не себепті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатыспайды?
Отбасы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге қатысуы үшін не істеуі қажет?
