Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01b8e0b6-8c38-11e3-bf6e-f6d299da70eeшужык же консерві нд..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Фаршты қабықшаларға тығу және пішін беру

Дайын болған фаршты шұжық батондарын дайындауға жібереді. Шұжық фаршын табиғи, белокты және жасанды қабықшаларға тығындайды. Табиғи ішек қабықшаларын тығындар алдында астаудағы суға салып қояды, сонан соң жақсылап жуады, олардың тұтастығын және беріктігін тексереді. Фаршты тығындауға арналған шприцтер, насос принципі бойынша жұмыс істейді. қабықшаны фаршпен толтыру үшін оны металл түтікшеге /цевка/ кигізеді.

Цевка - шприцтің аузына бекітілген металл түтікше, қабықшаның диаметріне цевканың диаметрі дәл келуі керек (16-60 мм). Шприцтер бір, екі және көп түтікшелі болуы мүмкін. Фаршты шұжықтың түріне байланысты әртүрлі қысыммен тығындайды. Пісірген шұжықтарды аз қысыммен тығындайды, өйткені пісірген кезде фарш көлемін ұлғайтады. Ысталған шұжықтарды, керісінше, көп қысымда тығындайды, өйткені кептіру кезінде батондардың көлемі қатты кішірейеді.

Тығыз болу үшін батондарды кендір жіппен (шпагат) байлайды. Байлауына қарап шұжықтың түрін анықтауға болады. Сосискаларды байламайды, айналдырады. Бұл операция механикаландырылған. Шұжықтарды байлау үстелінде шприцтерге тигізе қояды. Шприцтеу кезінде фаршпен бірге қабықшаға ауа да кіріп кетеді. Ауаны шығару үшін қабықшаны арнаулы істікпен шанышқылайды. Бұл процесс штриктеу деп аталады. Вискоз бен целлофан қабықшаларды тесуге болмайды. Байлаған сон батондарды таяқтарға іліп, рамаларға қояды. Бір рамада бір түрлі ғана шұжық орналастырылады (100-250 кг). Батондар бір-біріне тимеуі тиіс.

Шприцтеу дегеніміз - механикалық жолмен шұжықтың қапшығын етке толтыру. Бұл құрылымына байланысты үздікті қозғалыс және механикалық үздіксіз қозғалыстағы, пневматикалық және гидравликалық шприцтер, арнаулы машиналар арқылы жүзеге асады. Механикалық шприцтерде поршенді қозғалысқа тиісті дөңгелек жүйесінен келеді, гидравликалықта майдың қысымына қарай байланысты, айдалмалы сораптың поршені мен электроқозғалтқышпен жұмыс істейтiн пневматикалық шприцтің поршені қысылған ауа арқылы қозғалады. Шприцтердің конструкциялары қозғалыстың жылдамдығын, оның тазалығын анықтап, зерттеп отыруы қажет. Аз энергияны жұмсап жоғары өнім шығаруы керек. Сонымен қатар олар жұмыста қауіпсіз болуы керек. Көбіне шұжық шығаратын өндірістерде гидравликалық шприцтер кеңінен қолданылады, өйткенi олардың құрылысы оңай, жұмыс істеуге ыңғайлы. Гидравликалық шприцпен жұмыс icтey үшін алдымен қақпағын ашып поршенді ең төменгi деңгейіне дейін түcipiп, ауа қалмастай қылып қақпағын жабады да, қабықты етпен толтырады. Шприц - дозалы гидравликалық Е 8-ФНА. Олар қақталған, жартылай қақталған шұжықтарға және шұжықпен сарделкаларға арналған. Шұжықтың eтi бункерге салынып, электроқозғалтқышқа қосылады. Мұндай кезде май редукциялды клапанмен, золотникпен, қысымымен гидроцилиндipлі тетікті аяққа барады. Аяғында цилиндірдің поршені астыға түседі. Циилиндірдің пopшeнi аяқ қабы вакуумды құрайды. Конусты клапан астыға түсiп, тартылған ет (фарш) сақиналы тесіктeгi цилиндрға өтедi. Штектi аяққаптың фаршты цилиндр ауаның артық қысымынан туады, соған байланысты ол шлангтан өтiп, золотниктi штек вакумды золотникке әсер етеді. Тартылған еттің вакумделуі болғанда, штек астыға түседі. Штектiң сигналды лампасы алғашқы жағдайға келгенше, толтырудың толық үрдісі детектордан өтеді.

Сораптан шыққан май күшті және дозалық гидроцилиндрге, қапқа түседi, сонымен қатар май гидромоторға барады. Мұндай жағдайда реттегіш дросемитек және қорғанышты клапанның көмегі мен өнімге байланысты болады. Гидромотор айналу білігі бекітілген цевкамен шестерна, кривошип және шатунның көмегімен іске асады. Дозалық стакан осьтің бойымен, тартылған етті цилиндр орналасқанда қозғалады. Қысыммен тартылған ет дозалық стаканға түседі және поршеньге тығындалады, штек арқылы поршеньге беріледі. Оның алдыңда редукциялық клапан және дозалық стакан жұмысқа кіріседі, тартылған етке толады. Үрдіс дозаға дейін жалғана береді. Шығатын жерi дозалық стакан цевкамен бірігеді, май атмосфералық қысыммен штек арқылы дозалаушы поршеньге беріледi, қысыммен тартылған ет цевка арқылы қабықшаға түседі. Тартылған ет түсе береді, поршен дозалаушы цилиндрге тығындалмайды. Тізе асты ры­чагы жіберілгенде ғана шприцтеу үрдісі тоқтатылады.

Жоғары өнімді үздіксіз шприц. Бұл шприцті қолданғанда аз уақыт кетеді және оларды тура механизімдi сызықпен косу керек. Вакумдi үзілмейтін шприц шұжықтың түйіршіктенуі, қабықшаның рычагын азайту, үзілмейтін вакумдi шприц ФШ2-ЛМ құрыштан пісірілген станина тұрықтан, жұмысшы ішек, жетек, вакуумды жүйе және қосатын басқыштан тұрады, тік бұрышты меха­низм станинаға жалғасқан. Оның жоғарғы жағында тұрықпен жұмысшы ішек бар, екi қос цилиндірлік расточек тығыздайды, қай жағынан болсын қарсы жағынан қайнатып жатқанда тартылған ет жарылып кетуі мүмкін. Кептipiлген және шикiлей қақталған шұжықтарды кepiciншe толық нығыздайды. Шприцтің үрдісі міндетті түрде тартылған ет бірдей батон арқылы орындалуы керек. Ауасын шығару үшін, жоғарғы бөлімін цевкада ашыңқырап қалтыpy керек. Батондар цевкадан кейін байлауғa ашық күйінде жіберіледі.

Байлау. Шприцтеуден кейiн шұжықтардың батондарын шпагатпен байлайды. Шұжықтарды өзінің аты мен сорты бойынша, арнайы кестемен әртүрлі қылып байлайды, технологиялық келісіммен және технологиялық нұсқау бойынша жасайды, кабықтарды артына карай таңбалайды және шұжықтардың сұрыптары батон бойлай байлаусыз жіберіледi. Ішек қабықшасы шұжық батонынан 2см-ден артық шықпауы керек және шпагаттың соңы 7см кетіп қалуы мүмкін. Батоның ұзындығы 15см кем болмау керек. Тығыз нығыздалған және дұрыс байланған батондар жақсы табысқа жетеді. Шұжық батондары келесі қажетті операциядан өтеді: батонның соясын ашық байлау, батонды таяқша (палка) қылып, ілгек етіп байлау. Ал ілу үшін кейбір шұжықтарды байламайды, оларды бөлек-бөлек батондарға бұрап-бұрап салады.

Шұжықтарды арнайы үстелдерде, қолмен бөлек байлайды. Конвейерлi үстел РЗ-ФПЯ шұжықтарды шприцтейді. Бірдей торцан тұрыққа жетек приводы, жұмысшы ішек бекітіледі, басқа жағынан цевкаға бекітілу үшін конус бар. Цилиндірлi расточканың тұрықтың жоғары жағында 1-2 вакумдi бункер тартылған ет үшін қойылады. Әр шнектің ұшы консолды білікке кигізіледі, редукторға басқа жағы бос росточка тұрыққа жатады. Жұмысшы шнектің жетегі асинхроннан, электроқозғалтқыш және редуктордан тұрады. Вакуумдық жүйеде майлы цистерна сораптан электроқозғалтқышпен байланысқан эластикалық муфтаның көмегімен майлы бөшкеде, вакуумды бастай және жалғастыратын рәзіңке түтіктен тұрады. Қосатын басқыш (педаль) екі бұратын рычаг өске бекітілген. Аяқпен басқышқа басқан кезде және бұратын рычагты қосқанда, магнитті жіберілетін электроқозғалтқыш қосылады. Шнектi шприц тартылған етке берілгенде қабықшаға шнек арқылы айналумен қамтамасыз етіледі. Сондықтан тартылған ет винтовкамен араластырылады.

Шағын өнеркәсіптерде тартылған етті шприцқа ірі механизмнің көмегімен колбамен кіргізеді, нәтижесінде түсіру арқылы және арнайы ожау (ковш) арқылы түбіне дейін салады. Сондықтан ожауды түбіне қояды да, түбiн ашады және тартылған етті шприцқа береді. Ожаудың сыйымдылығы шприцтің сыйымдылығымен бірдей. Шприцттеу үрдісі кезінде тартылған еттің сапасы сақталуы керек. Пісірілген шұжықтарда механикалық берілу шприцтелген батондарды байлау үшін қолданылады, конвейерлі үстел P5-ФПЯ ленталы конвейер каркастан үстелдің қақпағынан, конвейерлі таспадан, шпагатпен кесу үшін, тартылған етті қысу үшін қолданылатын орындықтардан тұрады. Байлағыштар көбінесе А.С. Борковскийдiң Мәскеулік байлау тәсілін қолданады.

Ет кәсіпорындарында шұжық өнiмдерiн дайындауға, механикалауға арналған әртүрлі автоматтар кеңінен қолданылады, солардың бipi M1-ФУР маркілі автоматы. Бұл автомат пісірілген шұжықтарды павиден таспадан тұратын шекпен қаптап және батондардың ұшын алюминидi сымдардан тұратын металл қысқыштармен бекітіп отыруға арналған. Автомат M1-ФУР – пісірілген шұжықтарға арналған толтырғыштан, өзара түтіктермен байланысқан бipіктіргіштен тұрады. Ал толтырғыш - сораптан және шнектi қоректендіргіштен тұрады. Автоматтың шұжықтарды бipiктiретiн бөлiгi басқа приводтан сваркалық кұрылымынан, итергіш механизациясынан, қысу, блок катушкадан, бағыттауыш тетіктен (пульттан), каучукті дәнекерлейтін (сваркалайтын) басқармадан және конвейерден тұрады. Повидендi қабықшаны (пленканы) пісіретін кұрылым дәнекер құрылымындай жүреді. Шұжықтың тартылған еттерi (фарш) бункерге түседі де, шнектердің көмегімен түтiк арқылы қолмен түзелткіш түтікке жіберіледi. Одан iшекке түседі де батондардың ұштары қыстырғышпен (скрепка) қыстырылады. Тартылған еттер (фарш) ішекке әр уақытта түсіп отырмайды. Тартылуы механизмнің роликтарымен қабықша тұрақты жылдамдықта рулонға айналып шығып және сваркалық кұрылымнан қыстырғышпен қысатын механизмге түседi. Бекіту механизмi қыстырғышты (скрепка) салып және толтырылған батондарды бip-бірінeн бірдей бөлікке бөлiп отырады. Тасымалдағыштар арқылы шұжықты батондар автоматтық аймақтан әкетіледі.

Л5-ФАЛ автоматы целофанды таспадан екі қабатты ішек жасап, оны шұжыққа тартылған етпен толтыруға қысқыш дайындап, оны батон ұштарына тағып тұруға, сонымен қатар батондарды бip-бірімен автоматты түрде бөлiп отыруға арналған. Автомат тартылған етті вакуумдеуден және берілу механизмінен тұрады. Сонымен қатар ішекті дайындау, маркіленген таспаны тағу, батондарды берiп тұру, қысқыштар тағу, рамалар, электро-механикалық приводтан, басқару тетігінен және электрлі шкафтан, тағы басқа механизмдерден тұрады. Ішкі ішекті арнайы түзетін механизм пішін түзуші воротникте, үзiлicсіз түтікті ішектерді алып тұруға арналған. Шынжыр арқылы келіп түскен түтікті ішекке маркіленген таспа тағылады, онда шұжықтың түрлері жазылады.

Жылтырдың екінші қабаты, жылтыр ленталы бобинаның айналуы арқылы тағылады. Ленталы бобинаның шынжыр өсінен бұрышында орналасқан және ол өзгерiп отырады. Дайын ішек екi рәзіңке ролик арқылы шынжырға араласады, бірдей айналу пайда болады. Дайындалған, үздiксiз iшектердi тартылған еттермен толтыратын ортаңғы басқыш - екі шнектi шприцтермен жүредi. Оның өнімділiгi тартылған еттің түріне байланысты және оны реттеуге болады, ол үшін вариатордың көмегімен ішектерді айландыра отырып, жиілікті өзгертіп отыру керек. Шприц арқылы өткен тартылған ет вакумделеді. Толтырылған ішек конвейермен қысқыш тағатын механизмге түседі, онда бір уақытта батонды тартады, екі қысқышты дайындау, оларды батонның екi шеттерiнe тағу және батондарды бір-бірінен арнайы пышақтармен кесіп отыру жүредi. Бұл автоматта сонымен қатар автоматты түрде шұжықтарды өлшейтін машиналар да бар. Шұжық өнімдерінің өндірісінде де неғұрлым переспективтi бағытта жұмыс істейтiн негіздердiң бipi, ағынды механикаландырылған машиналар.

Шұжықтардың нығыздалуы (осадка). Нығыздалу бұл – шұжық қабықшаларын толтырылған қалпында, ілінген күйінде ұстау. Нығыздалу шұжықтарды жылумен өндеу процесіндегі алғашқы операция болып табылады. Ол белгілі бір температура, ылғалдылық режимінде арнаулы камераларда жүргізіледі. Шұжықтардың түріне, ұстау ұзақтығына байланысты нығыздалу қысқа немесе ұзақ мерзімді болады. Қысқа нығыздалу пісірілген шұжықтар, сосиска, сарделька үшін - 2-4 сағ, жартылай ысталған шұжықтар үшін 4-6 сағ, пісіріліп ысталған шұжықтар үшін 24-48 сағат; ұзақ нығыздалу шикілей ысталған шұжықтар үшін 5-7 сөтке.

Нығыздалған шұжықтардың қабықшасы кеуіп, фарштың түсі тұрақталады, әрі күрделі ферменттік және микробилогиялық процестер жүреді. Бұл процестердің қорытындысы бойынша ерекше дәм және хош иіс пайда болып, екінші реттік құрылым түзіледі, түсі тұрақтанады. Шикілей ысталатын шұжықтарды пісірмейді, сондықтан олардың нығыздалу кезінде пісіп-жетілуі қажет. Төменгі оң температурада ет ұлпасының ферменттері және микрофлора өз қызметтерін тоқтатпайды. Осы қажетті процестерді жылдамдату үшін фарш құрамына сүтқышқылды бактериялар, ашытқылар қосу қажет.

Шикілей ысталған шұжықтарға арнайы бактериялық қоспалар, ашытқылар қосу өндірістік процесті қысқартады, өйткені етті тұздау мен ыстау уақытын 40-50%-ға азайтады, немесе ол қажет емес деген сөз. Онкологтардың зерттеуі бойынша, түтін канцерогендік заттардың көзі болып табылады. Нығыздалғаннан кейін пісірілген шұжықтар, сосискалар мен жартылай ысталған шұжықтар қақталуға жіберіледі. Ливер шұжықтарын арнаулы иіс және дәм беру үшін ыстайды. Ысталған бұйымдарды қақтамайды.

Етті тартқаннан кейін ішектерге салады, тартылған етті батонда ұстау барлық шұжықтар үшін бірдей, тек ливер шұжығы ғана ішекке салынбайды. Шұжықтың сыртына байланысты өнімдерді ішекке салып ұстау әртүрлі болады, ішекке салудың ұзағы және қысқасы болады. Қысқа уақытта тұндыру 1-6 сағатта орындалады. Тұндыру үрдісінде қосылған бөлімдер арасында химиялық қосылыстар қалпына келіп, тартылған еттің тығыздығы артып, консистенциялы болады. Тұндыру кезінде тартылған еттің түрін сақтайтын реакция жүріп, натрий нитраты қосылады. Қабықша кепкенде ылғал кетіп, азаяды. Тұндыру кезіндегі өзгерістер шұжық өнімінің сапасын арттырады. Көптеген өндірістерде тұнба шприцтеу кезінде 120°С өткізеді. Ұсақ тұнбаны (5-10 күн) шикідей кептірілген шұжыққа пайдаланады. Көп күн тұрғанда, оның ішінде химиялық байланыстар түзіледі. Артық ылғал буланады. Тұнбалаудан соң, тартылған еттің консистенциясы, түрі, иісі, дәмі жақсарады.

Тұндыру кезінде микроорганизмдердің өсуіне қарамастан шірінді микрофлораның көбеюіне жол берілмейді. Бұның үлкен практикалық пайдасы бар. Ұзақ тұнбаны арнайы камераларда өткізеді. Онда арнайы тәртіп болады. Ал ауа температурасы 2-4оС, ауа ылғалдылығы 85-90% болғанда, қабықшаны көп кептіруге болмайды, себебі ол әртүрлі ақауларға әкеліп соғады, мысалы шұжықтың бұжырлануына. Тұнба бар камераларда арнайы жабдықтар орнатылған. Арнайы микроклиматты жасау үшін қабырғадағы батарея мен ауа суытқыш кондиционерлер қажет.

Қақтау - шұжық бұйымдарының бетін жоғары температурада қысқа мерзімде өндеу. Оның мақсаты - қабықша мен беткі қабаттың механикалық беріктігін арттыру. Бұл кезде өнім микроорганизмдерге төзімді болады, беті бурыл-қызғылт түске боялады, және ыстау заттарының өзіне тән иісі мен дәмі пайда болады. Қақтау кезінде өнім кебе бастайды. Мысалы, сосискалар - 10-12% пісірілген шұжықтар - 5-7%, жартылай ысталғандар шұжықтар - 7%-ға дейін салмағын жоғалтады. Ыстау түтіні мен ауаның қоспасының салыстырмалы ылғалдылығы 3 % -дан кем болмауы керек, өйтпесе қабықша өзінің серпімділігі мен созымдылығын жоғалтады, не 25%-дан жоғары болмауы керек, мұндай жағдайда қақтау процесі баяулайды. Қақтау камералары ыстау камерасына ұқсас, ондағы температура 60-100оС аралығында. Шұжық батондарының диаметріне байланысты, қақтау ұзақтығы сосискалар үшін 15-30 мин, басқа шұжықтар үшін 2сағат 30 минут. Қақтау соңында шұжық батонының ішіндегі температура 40-45оС болады.

Ыстау. Ыстау дегеніміз - ет өнімдерін толық жанбаған ағаш түтінінің құрамындағы ыстау заттарымен өңдеу. Ыстау түтінінің технологиялық қасиеттері негізінен фенол фракциясында болатын, хош иісті заттардың мөлшеріне байланысты. Сусыздану, кебу және фарш құрамындағы ас тұзының біріккен әсерінен ыстау шұжық бұйымдарының микроорганизмдерге төзімділігін арттырады. Ыстау кезінде шұжыққа енген заттар оған өзінше ащы, бірақ жағымды иіс пен дәм береді. Бұл әсіресе шикілей ысталған шұжықтарды өндіру кезінде қажет. Ыстау кезінде шұжықтың кебуі қатар жүреді. Ыстаудың екі түрі бар ыстық (35-50оС) және суық (18-20оС) ыстау. Ыстық ыстау кезінде коллаген пісіп, белоктар жартылай денатурацияға ұшырайды. Ыстау заттарының негізгі бөлігі шұжықтың сыртқы қабатында жиналады, ал ішкі қабатта олар 15-20 сөткеден кейін табылады.

Ет өнімдерін ыстау олардың сыртқы түрі мен түсін өзгертеді. Ыстау тәртібі дұрыс сақталмаса, өнімнің тауарлық түрі нашарлайды. Өнімнің беті толық дайын болмағанда ақшыл болып қалады немесе көп ысталса, қарайып кетеді. Ыстау заттарының бактерияларды жою немесе олардың өсуін тоқтату қабілеті өте жоғары, бірақ микроорганизмдердің түріне де байланысты. Ыстауға ең шыдамдылар мүктер, споры бар микроорганизмдер. Түтіннің әсеріне шыдамсыз микроорганизмдер ішек таяқшасы, протей және стафилококк. Дегенмен ыстау заттарының бактерияларға әсері небәрі 5 мм беткі қабатта ғана сақталады. Яғни, ыстау өнімнің беткі қабатында оны бұзылудан сақтайтын қорғаныс аймағын жасайды.

Шұжық бұйымдарын ыстау кезінде тығыз байланысты екі диффузиялық процесс жүреді: фарштың сусыздануы және ыстау заттарымен қанығуы. Шикілей ысталатын шұжықтарды ыстау өзара байланысты төрт процестен тұрады: ыстау, кебу, биохимиялық өзгерістер және құрылым түзілу. Бұл шұжықтарда белоктардың денатурациясы мен микробтық бұзылуы болмас үшін 18-22оС-та ыстайды. Сортына байланысты ыстау уақыты 2-ден 5 сөткеге дейін. Жартылай ысталған, пісіріліп ысталған шұжықтарды пісірген сон ыстайды. Бұларды 35-50оС- да 24 және 12 сағат ыстайды. Пісіріліп-ысталған шұжықтарды бірінші рет пісіру алдында 50-60оС-да 60-120 мин ыстайды. Бұл режим қақтау процесіне ұқсас, содан соң пісіреді де, 10-15оС 3-5 сағат салқындатады. Соңынан, 40-50оС-да 24 сағат ыстайды. Ыстау кезінде шұжықтар алғашқы салмағының 10%-на жуығын жоғалтады. Жеке дара өнімдерді алдын-ала жуылған соң ыстайды. Ыстау тәртібі өнімнің түріне байланысты. Шикілей шығарылатын өнімдерді суық әдіспен (18-20оС) ыстайды. Мысалы, совет және сібір сан еттерін (окорок) 18-22оС 5 сөтке ыстайды. Қалған өнімдерді 35-45оС-да, жауырынды 1-3 сөтке, төстікті 12-18 сағат, ораманы 2 сөтке ыстайды. Ыстау алдында тұздалған өнімдерді 2-3 сағат кептіріп алады. Пісіріліп-ысталған бұйымдарды 35-45оС-да, 10-12 сағ ыстайды. Шұжықтар мен тұздалған өнімдерді ыстау үшін қолданылатын техникалық құралдар: термоагрегаттар, әмбебап камералар, автоыстағыштар қолданылады.

Тұңдырудан кейін шұжықтың түрін ыстау үрдісінен өткіземіз. Ыстағанда шұжықтың беті 70-110°С бу газының ықпалынан өтеді. Шұжық қабықшасының түріне байланысты ыстау 30 минуттан 2,5 сағатқа дейін созылады. Ыстау үрдісінде батонда 30-35°С, яғни денатурацияның алғашқы сатысынан өтеді. Жоғары температураның арқасында шұжық қабықшасының сапасы арта түседі. Ол микроорганизмдер жетпестей жағдайға жетіп, қызғылт түске бояйды.

Бу газының арқасында ылғалдылығы азайып, монополитті өнім алуға көмегі тиеді. Булану кезінде, ыстау кезінде өзіне тән хош иіс пен дәм алады. Рецептура мен диаметрінің қабықшасы 7-12 % салмағы азаяды. Егер ыстау дұрыс жүрмесе, шұжықтың бұзылуы мүмкін. Ыстау камерасы отпен, бумен және жылумен ысталуы мүмкін. Қазіргі кезде бу алу үшін түтіндеу генераторы ДЭ-ФДЗГ қолданылып жүр. Бу алудан кейін, қалған ыстау, тазалау үшін гравитациялық тазартқыш пайдаланады. Ыстау кезіндегі үрдістерінің кемшіліктері еңбекшілердің маманданғанын талап етеді. Ыстау мен булаудың арасында уақыттың көп өтуі, шұжықтың сапасының күрт төмендеуі мен бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да ысталған шұжық бірден булануға жіберілмейді.

Жылумен өндеу. Қойылған мақсаттарға байланысты жылумен өндеудің түрі мен сипаты әртүрлі болады: беттік өндеу, жидіту, үйту, қақтау, пастеризациялау, стерилдеу, түгел тереңдікте қыздыру, пысытқылау, пісіру ыстық ауада пісіру /запекание/, қуыру, майды еріту, т.б. Қыздыру тәсілдері әртүрлі: сумен, бумен, ыстық ауамен, айнымалы тоқпен, қыздыру ортасымен түйісу арқылы не түйіспей қыздыру. Ет өнімдерінің негізгі құрамды бөлігі су болғандықтан, қыздыру судың құрамды бөліктерге әсер етуі кезінде өтеді. Төменгі температураларда (100оС- дейін) суда қыздыру кезінде ерігіш ақуыз заттарының жылулық денатурациясы, коллагеннің пісуі мен гидротермиялық ыдырауы, витаминдер мен ерігіш заттардың өзгеруі, микроорганизмдердің вегатативті формаларының жойылуы сияқты процестер жүреді.

Пісіру - дегеніміз шұжық бұйымдарының ортасындағы температурасы 68-70оС-қа жеткенше қыздыру. Бұл қыздыру белоктардың денатурациясын, коллагеннің гидротермиялық ыдырауын, май мен ерігіш заттардың қолайлы бағытта өзгеруін, вегетативтік микрофлораның толық жойылуын қамтамасыз етеді. Коллогеннен пайда болған глютин құрылым түзілу кезінде маңызды рөл атқарады. Глютиннің ерітіндісі қату кезінде көп ылғал байланыстырады. Шұжықтарды пісіру үшін қызырғыш орта ретінде ыстық су, бу және бу мен ауа қоспасы қолданылады. Ыстық суда пісірудің басқаларға қарағанда біраз артықшылығы бар. Ол салмақтың аз жоғалуы, қабықшаның аз деформациясы, өнімнің бетінің ашық түстігі. Бірақ бұл әдіске көп жұмыс күші керек. Сондықтан ол қуаты аз кәсіпорындарда қолданылады. Қуаты зор кәсіпорындарда пісіру үшін бу немесе бу мен ауа қоспасы қолданылады. Бұл үшін рамаларға ілінген шұжық батондарын камераларға кіргізеді. Камералардағы температура шұжық кіргізерде 100оС, пісіру кезінде 75оС мөлшерінде болу керек, ал пісірудің соңында оны 85оС-ға көтереді. Пісіру ұзақтығы шұжықтың түріне, сортына батондардың диаметріне байланысты болады. Мысалы, сосиска мен сарделькалар үшін 20-30 минут, шұжықтар үшін 120-150 минут. Өнімнің дайын болғанын батонның ортасындағы температура арқылы біледі, ол 68-70оС-дан төмен болмауы керек. Бір камерада өнімнің бір түрін, бір сортын, бірдей қабықшада және бір диаметрде пісіру керек. Сонда өнім ақаусыз, сапалы болады.

Шұжықтың кез-келген түрін қайнатады. Қайнату арқылы өнімді аспаздық сатыға дейін әкеледі. Бұл 68-72°С болады. Бұл температура вегетативті микрофлорының 99% өледі. Бұлшықетті ақуыз денатурациялары да өзгеріске ұшырайды. Оның құрылымы, физика-химиялық қасиеттері өзгереді. Дәнекер ұлпасының ақуызы пісіп, әр бөлікке бөлінеді, жұмсарады және суды жалғайды. Қайнатудан кейін бұлшықет және дәнекер ұлпалары сөлге қорыту ферменттеріне бөлінетіндей жағдайға жетеді. Бұл қайнаған шұжықтың тез қорытылатынын және ағзаның тез қабылдайтынын көреміз. Қайнату кезінде май еріп, сумен эмульсия түзеді. Сол арқылы консистенция мен шұжықтың дәмін арттыра түседі. Бірақ қайнату кезінде аз ғана керекті дәрумендердің кейбір түрлері жойылып кетеді. Шұжық өнімдері бу камералары мен су қазандықтарында, ал әмбебапты термокамерада 75-80оС температурада қайнайды. Батон орталығындағы температура 68-70оС болады. Қайнату кезінде су қазандықтарында шұжықты ыстық суға салып қайнатады. Су 85-90оС температурада болуы керек. Температураны термометр мен термобулармен өлшейді. Қайнату (1,5-3 сағат) шұжық пен шұжық қабықшасының диаметріне байланысты. Шұжықты 15-20 минут, ал диаметрі үлкен шұжықты 1,5-3 сағат қайнатады. Қайнату үрдісінің толық болмауы, өнімнің толық бұзылуына әкеліп соғады. Температураның артуы, көп қайнауы да өнімді бұзады. Шұжықты ВНИКИМП қайнату тәсілі бойынша қайнатады. Бұнда температурасы 100-110оС, жылдамдығы 1,5-2,5 м/с, ылғалдылығы 30-80%, қайнату ұзақтығы - 30 минут. Батон ішіндегі температура 70-78оС болғанда, өнімді тез өңдеу үшін жоғарғы тоқпен (ТВЧ) және өте жоғарғы (СВЧ) тоқпен қайнатады. СВЧ, ТВЧ арқылы қайнаған кезде ағзаға керек дәрумендер сақталып қалады. СВЧ-да қайнағанда тағамның құндылығы, жай қайнатуға қарағанда артады.

Қазіргі кезде көптеген жаңа құралдар бар. Олардың көмегімен бірнеше операцияларды бірақ атқарады. бұнда қайнату үшін 20 кПа бу керек. Бу тунелді термокамерада қолданылады. Онда қайнатылған соң, салқындату үрдісі жүреді. Шұжық өнімдерін қайнатудан кейін, форсунок суымен салқындатылады.

Әбден пісіру /Запекание/. Әбден пісіру қабықшасыз шығарылатын шүжық өнімдерінде қолданылады. Оларды металдан жасаған қалыптарда пісіреді. Мұндай бұйымдарға ет нандары, паштеттер жатады. Әбден пісіру температурасы пісіру мен ыстау температураларынан әлдеқайда жоғары. Әбден пісіру кезінде ет нандарынын бетінде қатты қабыршақ пайда болып, ол фаршты зиянды факторлардан сақтайды. Ет нандарын температураны 70оС-дан жоғарылата отырып 150оС дейін 3,5 сағат уақытта әбден пісіреді. Бұл салмағы 2кг ет нандары үшін дұрыс, өнім ортасындағы температура 68оС жеткенде дайын болады. Кәсіпорындарда ет нанын, сан етті, буженина, карбонад т.б. өнімдерді газ бен не электр тоғымен қыздырылатын айналмалы пеште әбден пісіреді. өнімнің бетіндегі қабыршағы жұқа әрі жұмсақ болу үшін пештегі өнімнің бетіне бу жіберуге болады. Әбден пісіргеннен кейін өнімді 6-10оС-қа дейін суытады, соден кейін буып-түйеді.

Салқындату. Салмақ жоғалтуды азайту үшін, бұзылудан сақтау үшін, жылумен өнделген шұжықтарды ауамен немесе суық сумен салқындатады. Екі сатылы салқындатуды да қолдануға болады, бірінші - суық сумен, содан кейін - камерада суық ауамен. Сумен салқындату өте жылдам, әрі салмақ жоғалту азаяды және батондардың бетіндегі май, күйе т.б. лас заттар жуылады. Бастапқы кезде өнімдерді батоннның ортасындағы температура 27-30оС жеткенше, температурасы 10-15оС сумен душтың астында 10-30 минут салқындатады. Сумен салқындатып болған соң, шұжық өнімдері сол рамаларымен суыту камераларына жіберіледі. Ондағы температура 4оС, салыстырмалы ауа ылғалдылығы - 95%. Суыту ұзақтығы 4-8 сағат. Суыту сонында өнімнің температурасы 8-15оС болуы керек. Бұдан төмен температураға дейін суытуға болмайды, өйткені тасымалдау кезінде олар ылғалданып, сыртқы түрі бұзылуы мүмкін. Целлофан қабықшадағы шұжықтарды душ астында суытуға болмайды.

Ет өнімдерін кептіру. Кептіру шикілей ысталған, кептірілген, пісіріліп- ысталған шұжықтар және тұздалып ысталған шошқа өнімдері өндірісінің технологиялық циклінің аяқтаушы сатысы болып табылады. Кептірудің мақсаты - ет өнімдеріндегі ылғалдылықты азайту, ас тұзының және ыстау заттарының мөлшерін көбейту арқылы олардың шірітуші микрофлораға төзімділігін күшейту. Шикілей ысталған не кептірілген өнімдерді кептіру өте күрделі технологиялар мен микрорганизмдер тудырған күрделі физика-химиялық және биохимиялық өзгерістер болады. Бұл кезде алғашқы клеткалық құрылым бұзылып, дайын өнімге тән біртектес, біртұтас құрылым пайда болады.

Шұжықтар мен ысталған өнімдерді кондиционермен жабдықталған арнаулы камераларда кептіреді. Кептіру ұзақтығы өнімнің түріне байланысты. Шикілей ысталған шұжықтарды 25-30 сөтке, кейде 90 сөтке, пісіріліп-ысталған шұжықтарды 5-10 сөтке, жартылай ысталған шұжықтарды 0,5-2 сөтке кептіреді. Кейінгі кезде кептіру техникасы мен тәртібін жетілдіру үшін көптеген жұмыстар істелінуде.

Кептіру камераларының асты-үстінде ауа жіберетін желдеткіштері бар. Ауа беру бағыты жүйелі түрде алмасып отырады. Тұздалып-ысталған шошқа еті өнімдері, олардың құрамында 45% ылғал қалғанша кептіріледі. Бұл процестің ұзақтығы - төстік үшін - 1, сан ет үшін - 5-7, сүбе, мойын үшін - 10 сөтке.

Буып - түю және сақтау. Тасымалдау кезінде шұжық бұйымдарының тауарлық түрі мен сапасын сақтау үшін оларды жергілікті жерде сату үшін металл не ағаш жәшіктерге салады. Шұжық бұйымдарын аспалы жолдары немесе стеллаждары бар камераларда, арнаулы температура мен ауа ылғалдылығында сақтайды. Суытылған күйінде пісірілген шұжықтарды 48 сағатқа дейін, ливер шұжығын 8 сағатқа дейін сақтауға болады. Жартылай ысталған шұжықтарда 12оС-дан төмен температурада 10 сөтке сақтайды. Шикілей ысталған шұжықтарды жәшіктерде немесе бөшкелерде құрғақ және қараңғы бөлмелерде сақтайды. Оларды 12оС температурада, 75% ылғалдылықта - 4 айға дейін, -2-4оС температурада 6 айға дейін, -7-9оС температурада 9 айға дейін сақтауға болады.

Тұздалған етті денсаулық сақтау министірлігі бекіткен полиэтиленнен жасалған ыдыстарда ыстайды. Етті тот баспайтың металдардан жасалған (алюминиден, құрыштан) науаларда ұстайды олрдың өлшемдері 370х350мм сыйымдылығы 20кг, ішінде еті бар науаларды 3 немесе 4 қабатты поддондарға бөледі. Содан соң арнайы арбалар мен етті ұстайтын камераларға апарады. Камерада ыдыстарды бірінің үстіне бірін тік қылып тізеді.

Ливер шұжықтары. Ливер шұжықтарын көбінесе пісірілген субөнімдерден (өкпе, бауыр, аяқ, құлақ т.б.) жасайды. Бұған қолданылатын шикізаттар әртүрлі, олар құрылымы жағынан басқа шұжық түрлерін жасауға келмейді. Бауыр өкпе, қарын т.б коллогені бар шикізаттарды ұзақ уақыт пісіру керек. Ливер шұжықтарының фаршынан жағылатын консистенция алу үшін оған май және тұтқырлық беретін жабысқақ заттар қосады. Шикізатты пісіргенде пайда болған желатин суытқанда ұйып, серпімді, бірақ сонша берік емес қаңқа /каркас / құрайды.

Ливер шұжықтары мен паштеттер жасайтын шикізат - бактериялар жақсы өсетін орта болып табылады. Олардың басым көпшілігі қыздыруға төзімді, пісіру кезінде өлмейтін микроорганизмдер, 1кг турамадағы жалпы микробтар саны 500 мың клеткаға жетуі мүмкін. Қазіргі кезде ливер шұжықтарын жасаудың екі тәсілі - бар ыстық және суық. Суық тәсілде шикізатты пісіреді, 0оС таяу салқындатады, содан соң өндіріске жібереді. Куттерде фарш дайындау кезінде қосатын сорпаның температурасы ұю температурасына таяу. Куттерлеу орнында температура 10-15оС жоғары болмауы керек. Ыстық әдісті шикізатты пісіріп, ыстық күйінде өндіріске жібереді, әрі температура 50оС төмен болмауға тиіс, қосатын сорпаның температурасы 80оС төмен емес. Өнеркәсіпте негізінен ыстық әдіс қолданылады, өйткені бұл кезде үздіксіз тасқынды өндіріс ұйымдастыруға болады.

Ливер шұжықтарына қажет шикізатты сіңір-тамырлардан, безден тазартады, кесектерге бөліп, кеседі, содан соң пісіреді. Берік коллагендері жоқ шикізатты (ет, бауыр, бас еті) аз уақыт пысытқылайды (15-20 мин) ал коллагені көп шикізатты 3-4 сағат пісіреді. Субөнімдердің түрлерін жеке-жеке пісіреді. Пісіру кезінде алынған сорпаны суалтып, фарш дайындау кезінде куттерге қосады. Пісірілген немесе пісіткіленген шикізатты сүйектен, шеміршектен, сіңірден тазалап, ет тартқышта (волчок) содан кейін куттерде ұсақтайды. Соңынан куттерге тұз, дәмдеуіш заттар, сорпа (20%-ға дейін) қосады. Тілді тұздауда пісірілген шұжықты өндіруде арнайы тұздықтар, яғни 0,08% натрий нитриті мен тығыздығы 1,116 г/см3 және 0,05% қант дайындалады. 100л тұздықты дайындау үшін 1,087 гр см3 тығыздықта, 91,77л суға 13,54 кг тұзды ерітеді және натрий нитритінің 25% ерітіндісінен 3,48л қосады. 100 л тұздықты тағайындауда 1,116г см3 тығыздықта 92,54л суға 18,04кг тұзды ерітеді, 5,8кг қант және натрий нитритінің 25% ерітіндісімен 3,57л су қосып араластырады. Дайын тұздықтарды қайнатады. Қос қабат мәрлі арқылы сүзеді және 3-4оС дейін салқындатады. Тазаланған тілдерді таза ыдысқа салады, одан кейін шикізаттың салмағына қарай 30%, тығыздығы 1,087 гр/см3 тұздықты құяды. 4-5 күннен кейін тұздықты төгеді де, тілдерге жаңадан тығыздығы 1,116 гр/см3 тұздықты құяды және тағы да 0-4°С температурада 12-18 күн ұстайды. Тілді тұздағаннан кейін 2-3 сағат жуады, 88-90°С температурада пісіреді. Шошқа тілі - 1,5 -2; сиыр тілі 2-2,5 сағатта піседі, содан соң салқындатады. Егер субөнімдер цехында тілдерді өңдеу кезінде тілдері алынбаған болса, сол теріні алып тастайды.

Ет өнеркәсібіндегі бірлестіктердің тәжірибесі бойынша тілдерді тезірек тұздаумен қатар пісіру өндірісі бағытталады. Тілді пісіру үшін үлкен ыдысқа су құяды, қант, тұздарды қосады да араластырады, содан соң натрий нитритін қосады да, қайтадан араластырады. Дайындалған тұздықты қайтадан пайдалануда тығыздығы 0,4 см3 тұздықты қолданады. Дайын тұздыққа 1/1 қатынасында тілдерді салады, кішкене ұстайды, содан соң қайнатады. Екі түрлі әдісті қолдануға болады: 1 әдіс бойынша тұздықты 40-45°С дейін жылытады және шошқа тілін 2 сағат, сиыр тілін 2 сағат ұстайды. 2 тәсіл бойынша тілдерді 18-20°С температурада 15-16 сағат ұстайды, одан кейін тұздықты 40-45°С дейін апарады да, 1 сағатқа дейін ұстайды. Одан кейін тілдер тұздықта 87-90° дейін қайнайды. Егер тұздауда тілдер таза емес болса, онда қайнату ұзақтығы 0,5 сағатқа өседі. Пісірілген тілдерді жылы сумен жуады, тазаланбаған тілдердің терісін алады. Ал субөнімдерді (сиырдың еріні ұлтабар, қарын, асқазан, өкпе, көкбауыр), пісірілген шұжықты өңдеуде бөлек-бөлек 3 % тұз қосып тұздайды. Субөнімдерді тұздауда 2,5 % натрий нитритінің комбинцациялық ерітіндісін қосады, (100кг субөнімге 75 гр натрий) ұлтабар пен қарынға натриадты қоспауға болады. Тұздалған субөнімдерді ыдыста (тазикте), ковушты ыдыстарда 0-4°С жоғары емес температурада 18-24 сағат ішінде ұстайды. Бас еті тіл және жүректі сылудан кейін құрлымы бойынша бұрғыда (волчокта) ұсақтайды 2-16 немесе 25мм мөлшерінде болады, оны сиырдікі сияқты тұздайды.

Шошқа майын шұжық үшін шикізаттың салмағына қарай тұздық қоспасымен 2 күн ұстайды, оның құрамы 97,12 % тұздан және 2,8 % қанттан тұрады. Одан соң пірестеледі және 1,087 гр/см3 тұздықта натрий нитриті 0,075 % - 0,5% қант, шикізаттың салмағына қарай 30-40% құяды. Шошқа майын тұздықта 10-12 күн ұстайды, содан соң тұздықты төгеді және 1 күн тұздықсыз тұрады. Тұздалған шошқа майын 20°С температурадан жоғары емес суда 2-3 сағат жуады. Одан кейін сумен шаяды, ол 2-3 сағатта сорғиды.