Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпус Нова.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде келеседей тұжырымға келуге болады.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің әскери қызмет атқару тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Және Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 18-тарауымен реттеледі. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әскери қызметшілер Осы тарау бойынша жауапқа тартылады.

ҚК-нің 3-бабында көрсетілгендей: ” әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар – осы Кодекстің 18-тарауында көзделген, әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы бағытталған, шақыру бойынша не келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ запастағы азаматтар жиындардан өтуi кезiнде жасаған іс-әрекеттер деп танылады”.

Жоғарыда айтылған заңның мазмұнынан әскери қылмыстар әскери тәртібін реттейтін қатынастарға қарсы бағытталған әрекеттер екенін білеміз.

Әскери қызметшілердің қызметін атқаруға кедергі жасамайтын басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауы, мысалы: тонау, қарақшылық, бұзақылық секілді және т.б. әрекеттер әскери қылмыстарға жатпайды және ҚК-тің басқа тиісті тарауларының тиісті баптарымен жауапкершілік көзделеді.

Әскери қылмыс ұғымы әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жалпы қылмыстық заңнамаға кіргізілуіне қарамастан жеке дара дербес екенін көруге болады.

Әскери қылмыстар үшін тағайындалатын жаза түрлері әскери қылмыстың ауырлығына, олардың ауқымы және тәрбиелік мақсатына қарай белгіленген. Ал әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі қылмыстың келтірген зиянына жасалған әрекеттердің сипаты мен басқа да мән жағдайларға байланысты болып табылады. Осыларға байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің әскери қылмыстарға арналған 18-тарауы қылмыстың қоғамдық қауіптілігіне қарай емес, қылмыс жасаған әскери қызметкердің жеке бас ерекшеліктеріне, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескеруге мүмкіндік беретін қылмыстық жазалау шаралары көзделгенін атап өткеніміз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мақала Гүлсара Төлегенқызы МҰҚТАРОВА, 2013 жыл

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2017 жыл

3. Иногомова-Хегай.Л.В. Уголовное право РФ. Особенная часть. – М. 2006 г

4. Игнатов А.Н., Красиков Ю.А. Уголовное право России. М.: Норма М, 2002 г.

5. Ағыбаев А. Н. ҚР Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқу құралы. 2011 ж

6. Кругликов Л.Л Уголовное право РФ. Особенная часть. – М. 2007 г.

7. ҚР Жоғарғы сотының «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 9;10- тармақтары. -2005. -№10. -28 қазан

8. Мақала Жанат ДОСҚАРИНА. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы. 34-бет. Заң журналы. 15-таралым. 2016 ж.

1 Ағыбаев А. Н. ҚР Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқу құралы. 2011 ж

2 Мақала Жанат ДОСҚАРИНА. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы. 34-бет. Заң журналы. 15-таралым. 2016 ж.

3 ҚР Жоғарғы сотының «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 9;10- тармақтары. -2005. -№10. -28 қазан

4 Мақала Жанат ДОСҚАРИНА. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы. 34-бет. Заң журналы. 15-таралым. 2016 ж.

5 Мақала Гүлсара Төлегенқызы МҰҚТАРОВА, 2013 жыл

6 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. 2017 жыл

7 Ағыбаев А. Н. ҚР Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқу құралы. 2011 ж

8 Гауптпвахта (нем. Hauptwache — басты қарауыл) — кінәлі болған әскери қызметкерлерді тұтқында ұстау үшін жасалған арнайы орын.

9 Ағыбаев А. Н. ҚР Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқу құралы. 2011 ж

10 Мақала Жанат ДОСҚАРИНА. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы. 34-бет. Заң журналы. 15-таралым. 2016 ж.

27