Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопсихология.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆
  1. «Аккультурация» түсінігін этнопсихологияда қолданыңыз

Неміс физигі Ф. Боас біршама уақытта америкалық этнографияда ұлттық мәдениетке қызыға отырып жаңа бағыттар ашты. Оның ойы бойынша, адамдардың психологиясын танып білмей, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын танып білу мүмкін емес және ол этнографиялық методологияның құралған анализі ретінде қарастырды.

Сөйте тұра Ф. Боас аккультурацияның қорытындысы деп, «психологияның динамикалық» мәдеиеті және «психологиялық өзгерістерді» зерттеу керектігін айтты.Аккультурация – белгілі-бір өзара әсерлі, сонымен қатар көптеген мәдениеттердің бірі, алайда аз дамыған жаңа мәдини феномендердің пайда болуы немесе басқа мәдениет элементтерін қабылдауы.

«Аккультурация» түсінігі этнопсихологияда мынадай белгілер бойынша қолданылады.

  1. Тұлғалық белгілер және оның мәдениетпен байланысындағы ортақ белгілерді сипаттаңыз

Тұлға – индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен және т.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайларда адамның өмір сүру кезінде қалыптасады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады.

Адамның тұлға болып қалыптасуы этностан тыс мүмкін емес, онда этнопсихология пәніне «этнос және тұлға» мәселесі кірген маңызды.

Сонымен, Бороноев ұсынған контекске мұндай түсінік, этнопсихологияның пәндік ауданы – этностық сананы оның барлық тарихи формаларында және тұлғаның бағаларын құрастыруға әсер ету жолдары болып табылады.

Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүние танымы мен сенімінен, талғам-мұраты, ұстанған бағыт-бағдарынан, өмірдегі атқаратын рөлінен, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік, қоғамдық прогрестің туындысы. Жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүретін ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, идеологиялық) тәуелді. Оның жеке дара қасиеттері бір сыдырғы тұрақты келеді. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психологиялық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түсіп отырады. Жеке дара қасиеттердің дамып, қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады.

  1. Коммуникацияның мәдени контекстіге тәуелділігі экспресивті мінез- құлық пен мәдениет арақатынасын белгілеңіз

“Мәдениет” атауы латын тілінде алғашында “топырақ өңдеу” дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекетінен табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет түсінілді. Кейіннен “мәдениет” сөзі адам жасағанның бәрі білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыдан алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз – белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілікке құндылықтарының жиынтығы.

Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына келетін болсақ, онда оны адамдардың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет өркенді мәдени құндылықтар жиынтығы, тиісті мәдени ағарту мекемелерінің құндылықтары мен мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]