- •Этнопсихолгия психологияның бір саласы ретіндегі міндеттерін жазыңыз
- •Этнос ұғымын кітапта қарастырылған түрде жазыңыз
- •Этнопсихологияның ең негізгі категориясын жазыңыз
- •Этнопсихология түсінігін анықтаңыз
- •1. Антропологиялық психология;
- •2. Кросс-мәдени психология.
- •Этнопсихология түрлерін кітап негізінде тізімдеңіз
- •Этнопсихолгиямен этнопедагогиканың ортақ белгілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз
- •Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын өз сөзіңізбен жазыңыз
- •1. Антропологиялық психология;
- •2. Кросс-мәдени психология.
- •Этнопсихологиялық зерттеулердің қосымша әдістеріне мысал беріңіз
- •Адамдардың рухани-психологиялық өміріндегі этностық ерекшеліктерін өз сөзіңізбен жазыңыз
- •Антикалық ойшылдардың еңбектеріндегі әртүрлі халықтардың өмір сүру ережесін тұжырымдаңыз
- •Ұлттық қадір қасиет деген ұғымды тәжірибеде қолдануды бағалаңыз
- •Ресейдегі психикалық этнографияны құрудағы орыс географиялық қоғамның рөлін бағалаңыз
- •Д. И .Овсянико-Куликовскийдің (1853-1920) этнопсихологияның дамуына қосқан үлесін эксперимент ретінде көрсетіңіз
- •XIX ғасырдың 60 жылдарында публицист және социолог н.Я.Данилевскийдің еңбектерін зерделеңіз
- •Қазақ фольклорының жанрларында этнопсихологиялық ойлардың көрінісін жасаңыз
- •Ш.Уалиханов бүкіл әлемдік өркениет қорын ззерттеуші ретінде түсіндіріңіз
- •А.Құнанбаев қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы жазыңыз
- •Ы.Алтынсарин қазақтардың этностық ерекшеліктері жайлы суреттеңіз
- •Қ.Жарықбаевтың этнопсихологиялық көзқарастарын жаңғыртыңыз
- •Н.Елікбаевтың этнопсихологиялық көзқарастарына мысал келтіріңіз
- •К.Жүкеш пен с.Жақыповтың этнопсихологиялық көзқарастары салыстырыңыз
- •Халқымыздың жалпы дамуы тарихына сүйене отырып біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін өз сөзіңізбен жазыңыз
- •Психологиялық антропология («Мәдениет және тұлға» теориясы, ф.Боас,), р.Бенедикттің «Мәдениеттердің конфигурасиясын» шығармасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын көрсетіңіз
- •Негізгі этнопсихологиялық бағыттар мен мектептерді топтастырыңыз
- •Ұлттық сипаттағы зерттеулердегі психоанализге тәжірибе қойыңыз
- •Этникалық стреотиптің құрылымы мен функциясын реттеңіз
- •Г.Триандистің көзқарасы бойынша, күшті нәтижелер комплексті emic-etic қолданылады, etic категориясы және emic тәсілі бойынша мәселені шешіңіз
- •Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеудің қарапайымдылығы , жүргізу жеңілдігіне қарамастан біршама қиындықтар кездеседі. Осыған байланысты мәселені шешіңіз
- •Бейімделудің қиын болуына байланысты, қарама-қайшы жағдайлар болған кезде мәселені шешіңіз
- •М.Херсковцитің «мәдени-релятивизм» теориясына қосқан үлесін жазыңыз
- •Ф.Хсюді психологиялық антропологиялық негізі қалаушы ретінде суреттеңіз
- •Этнопсихологиядағы мәдени орталықтандырылған тәсілдер (м.Мид, р.Бенедикт) және бөлу мен реттеудің ерекше әдісінің ұлттық сипаты туралы жазыңыз
- •Ұлттық сипаттағы зерттеулердегі тұлғалық- орталықтандырылған тәсілін жаңғыртыңыз
- •Ф.Бок және оның «психологиялық антропалогиядағы негізгі мектептер мен тәсілдердегі» классификациясын топтастырыңыз
- •Шетелдік этнопсихологияның қазіргі жағдайын өз сөзіңізбен жазыңыз
- •А.Инкелес, д.Левонсон «әлем суреті» тұжырымдамасына мысал келтіріңіз
- •Американдықтардың ұлттық мінезінің белгілеріне мысал келтіріңіз
- •Американдықтардың өмір сүру салтына мысал келтіріңіз
- •Немістер мен француздардың ұлттық мінез-құлқының ортақ белгілерін сипаттаңыз
- •Ағылшындардың ұлттық мінезін зерттей отырып тәжірибиеде қолданыңыз
- •«Аккультурация» түсінігін этнопсихологияда қолданыңыз
- •Тұлғалық белгілер және оның мәдениетпен байланысындағы ортақ белгілерді сипаттаңыз
- •Коммуникацияның мәдени контекстіге тәуелділігі экспресивті мінез- құлық пен мәдениет арақатынасын белгілеңіз
XIX ғасырдың 60 жылдарында публицист және социолог н.Я.Данилевскийдің еңбектерін зерделеңіз
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында публицист және социолог Н.Я. Данилевский (1822-1885) адамдардың этностық ерекшеліктерін анықтау мен жіктеуге арналған тұрғының өзіндік концепциясын батыс оқымыстыларына ұсынған еңбегі «Ресей және Европа» деп аталады. Оның ойынша, тарихи даму жолында пайда болған адамзат цивилизациясының он тарихи мәдени типі бар. Олар бір-бірінен үш негізгі сипатпен ерекшеленеді: 1) этнопсихологиялық ( Данилевский тілінде халықтардың психикалық құрылымында көрінеді.); 2) адамдарды нақты бір этникалық қауымдастықтарға біріктіретін тәрбиенің тарихи қалыптасқан формалары мен амалдарының айырмашылықтары; 3) Рухани бастаудағы айырмашылықтар ( психиканың діни ерекшеліктері).
Данилевский мәдени-тарихи типтердің бірі славяндар деп бөліп, негізгі сипаттамаларын қарастырған. Ол славяндарды европалық типтермен салыстырады. Ресейдегі этнопсихологияның дамуына ерекше үлес қосқандардың қатарына Н.И. Надеждинді, К.Д. Кавелинді және К.М. Бэрді жатқызуға болады.
Қазақ фольклорының жанрларында этнопсихологиялық ойлардың көрінісін жасаңыз
VI ғасырда Жетісу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «түрік» деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жауапкершілік дәстүр маңызды орын алады.
Соңғы кездері қазақ психологиялық ой-пікір тарихы жаңа ғылыми деректермен толысып отыр Осыдан 500 жылдай бұрын ортағасырлық ғұлама-ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты үлкен еңбек жазыпты. Мұнда шипагерлік (дәрігерлік) мәселесімен қатар қазақ тарихы, тіл, әдебиет, этнография, анатомия, фихиология, медицина, философия ғылымдарынан да мағлұмат берілді. Осынау еңбекте психология саласынан да көптегн қызықты деректер мол. XVIII ғасырда өмір сүрген Тауасарұлы Қазыбек бектің « Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты еңбгі тек сол кездің рухани өмірін ашатын төл туынды ғана емес, ол сондай-ақ халқымыздың ұлттық психологиясынан көптегн тың мағлұматтар бертін кемел дүние. Бұл айтылғандарды зерттеп, жұртшылық кәдесіне жарату алдағы жердегі зерттеу жұмыстарының басты міндеттері болып отыр.
Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар Шал, Дулат, Мұрат,Махамбет т,б. Қазақтың күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларының әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғап, жан мен тән, өмірдің сан алуан қыр сыры туралы толғаныстарының, ақыл кеңес, өсиеттерінің қазіргі жастарымызға тәрбие беру үшін маңызы зор.
Әль-Фараби идеяларынің этнопсихологиялық аспектілерін сипаттаңыз
Ш.Уалиханов бүкіл әлемдік өркениет қорын ззерттеуші ретінде түсіндіріңіз
Қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды.Оның «халық рухы» дейтін ұғымы жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б) сан алуан.
Дала халқының сана сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері- ұлы демократ ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин , А, Құнанбаев. Қазақ топырағында қоғамдық прогесс үшін ғылым- білімнің маңызын ерекше көре білген Ш. Уәлиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған , жан- жақты білімді озат ойлы , ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші , жалынды публицист, жан сырын ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Небары отыз- ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты. Шоқан туған әдет ғұрпының түрлі жақтарын талдай келіп , қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап , олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық. Ы.Алтынсарин де Шокан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады.
