Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммунальная гигиена.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

7. Елді мекенде топырақтың санитарлық жағдайын бағалау көрсеткіштерін

анықтап, толық жазыңыз.

Топырақты санитарлық қорғау және елді мекендерді тазарту.

Бұл бөлім топырақты биологиялық және химиялық заттармен ластаушы көздерді және ластану жағдайларын қарастырады, топырақтағы экзогенді химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген мөлшерлерін, атмосфераның жерге жақын қабатындағы ластаушылардың топыраққа көшуін зерттейді, өсімдік текті азық-түліктерге зиянды заттардың жинақталуын ғылыми түрде негіздейді. Елді мекендерде салауатты өмір сүру жағдайын жасау үшін елді мекенді тазартуға қойылатын санитарлық талаптарын негіздейді.

8. Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша негізгі шараларды жазыңыз.

Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау.

Атмосфераның ластаушы көздерін және атмолфералық ластаушылардың таралу қашықтығын және қарқымдылығын қарастырады. Атмосфералық ластаушылардың концентрациясын ғылыми тұрғыда негіздейді, олар тұрғындар денсаулығына зиянсыз және өмір сүрудің санитарлық тұрмыстық жағдайын бұзбайтындай болуы қажет (максималды бір реттік ШРЕМ мр және орташа тәуліктік ШРЕМ от концентрациялар).

5.Елді мекендердегі физикалық факторлардың гигиеналық маңызы.

Тұрғындардың денсаулығына және өмір сүру жағдайына шу, діріл, электромагниттік өрістер секілді физикалық факторлардың әсерін зерттейді. ШРЕД және тұрғындар денсаулығына физикалық факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алуға бағытталған шараларды ғылыми тұрғыда негіздейді.

Атмосфералық ауадағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау бойынша В.А.Рязанов (1903-1968) РСФСР еңбек сіңірген дәрігері, АМН СССР академигі, профессор. 1926 жылы Воронеж университеті медициналық факультетін бітіріп санитарлық дәрігер болып жұмыс жасаған. 

9. Жарықтануға қойылатын негізгі талаптарды көрсетіңіз, табиғи жарықтандыруды ашып жазыңыз.

Табиғи жарық. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы.

Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. Бірақ ҚНменЕ талаптары сақталған күннің өзінде көптеген жағдайлар кері әсер етіп, табиғи жарықты сандық және сапалық жағынан біршама төмендетуі мүмкін. Бұндай жағдайларға бөлме интерьерінің бояуы, жиһаздар мен басқадай құрал-жабдықтардың түр-түсі мен орналасуы, терезенің өлшемі мен конфигурациясы, санитарлық жағдайы, терезе алдының биіктігі т.с.с. жатады.

Күнделікті санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.

Алынған мәліметтер СанНменЕ, ҚНменЕ сияқты нормаландыру құжаттарының талаптарымен салыстырылады. Қажетті жағдайда ұсыныс, нұсқаулар беріледі. Негізгі бөлмелердің терезелерінің бағыты барлық климаттық аудандарда, барлық оқу-тәрбие мекемелері үшін оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс болып табылады. Терезе өлшемдері мен конфигурациясы және саны - жарық коэффициентін, яғни оның жеткіліктілігін анықтап біркелкілігін сипаттайды. Стандартты типтік терезелердің биіктігі 2-2,5м, кеңдігі 1,8-2,0м, формасы жарық ағынын (әсіресе жоғарғы жағынан) жақсы өткізуі керек. Сондықтан терезенің жоғарғы жағы мейілінше төбеге жақын (0,15-0,3м) орналасқаны дұрыс. Екі терезенің аралығы 0,5м көп болмауы керек.

Терезе алдының биіктігі типтік жобамен салынған оқу орындарында 0,7-0,8м, мектепке дейінгі мекемелерде 0,5-0,6м. Терезе алдына гүлдер, өсімдіктер өсіруге күндізгі мезгілде, перделерді жабық ұстауға болмайды. Терезенің шаң басу, ластануы табиғи жарықты 40%-ға дейін төмендетеді. Сондықтан оларды мектепке дейінгі мекемелерде аптасына 1 рет, орта оқу орындарында айына 1-2 рет ішкі жағынан жуып, тазалау қажет, сыртқы жағынан тазалануы жылына 3 реттен кем болмауы керек. Қыста қырау басудан сақтандырмаса табиғи жарық 60-80%-ға дейін төмендейді.

Бөлмелердің бояуы, жиһаздардың түр-түсінің жоғары шағылысу коэффициенті мен жарқырауы оның контрастылығының дұрыс бөлінуіне жағдай жасайды, сондықтан балалар мекемелеріне арналып ұсынылған бояулар түрлерін қолданған дұрыс.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде таңертеңгі, кешкі уақыттарда, әсіресе күз, қыс кездерінде табиғи жарықпен қатар, жасанды жарықтандыру жүйесі де қолданылады.

Жасанды жарық - негізгі бөлмелердің жасанды жарықтандырылуына санитарлық бақылау жүргізген кезде “жарықтандыруды өлшеу хаттамасы” толтырылады, сонымен қатар оның сандық және сапалық жақтары да сипатталады. Ол үшін бөлменің жасанды жарықтандырылуы табиғи жарық спектріне жақын ба, біркелкілігі қандай, жарқырауы көзге қолайсыз емес пе сияқты сұрақтар анықталады. Бұл сұрақтарды анықтау үшін жасанды жарық көздерін (люминисцентті шам, қыздырғыш шам), жарықтандыру жүйесін (жалпы, аралас), шырақтардың типтерін (түзу шағылысу, таралуы), олардың іліну биіктігі, орналасу тәртібі, шамдардың электрлік қуаты (жалпы Вт, меншікті үлесі-Вт/м2) анықталады.

Жасанды жарықтың нормасы ҚНменЕ беріледі. Қолданылатын жарық көздері үнемді, әрі ыңғайлы болуы керек. Люминисценттік шамдар қойылатын талаптарға сай келеді деп есептеледі. Олардың жарықтандыруы қыздырғыш шамдарға қарағанда жоғары, және берілетін жарықтың спектрлік құрамы табиғи жарықтың спектріне жақындау келеді. Қыздырғыш шамдарға қарағанда люминисцентті шамдар жылу көзі болып табылмайды, яғни бөлме ауасын қосымша қыздырмайды және олар жарықтандыру беті кең, түзу жарық көзі болып табылады. Сәулелері үлкен көлеңкелер туғызбайды. Қолданылуы 2-2,5 есе арзанға түседі.