Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммунальная гигиена.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

3. 30 Мамыр 2015 ж. Шыққан 414-бұйрықтың әрекет аумағы туралы сипаттап, жазыңыз.

4.Коммуналдық гигиена саласындағы маманның іс әрекеті ретінде қарастырылатын санитарлық заңнамалар туралы жазыңыз. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру үлгісін көрсетіңіз.

Коммуналды гигиена – елді мекендер жағдайында тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеп соның нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру жағдайын қолайлы етуге және денсаулығын сақтауға бағытталған гигиеналық нормалармен және санитарлық ережелерді жасайтын гигиенаның бөлімі.  Коммуналды гигиенаның негізгі бөлімдері:

1.Су және елді мекендерді сумен қамту гигиенасы.

Бұл бөлімде шаруашылық – ауыз су мен қамту үшін су сапасын гигиеналық нормалауды ғылыми тұрғыда негізделеді, судың сапасы эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және органалептикалық қасиеті бойынша қолайлы, сонымен қатар елді мекенде шаруашылық ауыз сумен қамту нормасы бекітіледі.

2.Су нысандарын санитарлық қорғау.

Су нысандарындағы судың сапасын ғылыми тұрғыда негіздейді. Себебі, ол су орталықтандырылған шаруашылық – ауыз сумен қамту су көздері ретінде және демалу тағы басқа мақсаттарға қолданылады. Су нысандарын ластаушы көздерді зерттеп олардың тұрғындар денсаулығына қауіптілігін тексереді. Су нысандарындағы биологиялық және химиялық ластаушылардың ШРЕМ негіздейді, судың сапасын жоғары болуын қамтамасыз ету үшін су нысандарына іркінді суларды жіберу жағдайын зерттеп анықтайды.

3.Топырақты санитарлық қорғау және елді мекендерді тазарту.

Бұл бөлім топырақты биологиялық және химиялық заттармен ластаушы көздерді және ластану жағдайларын қарастырады, топырақтағы экзогенді химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген мөлшерлерін, атмосфераның жерге жақын қабатындағы ластаушылардың топыраққа көшуін зерттейді, өсімдік текті азық-түліктерге зиянды заттардың жинақталуын ғылыми түрде негіздейді. Елді мекендерде салауатты өмір сүру жағдайын жасау үшін елді мекенді тазартуға қойылатын санитарлық талаптарын негіздейді.

4.Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау.

Атмосфераның ластаушы көздерін және атмолфералық ластаушылардың таралу қашықтығын және қарқымдылығын қарастырады. Атмосфералық ластаушылардың концентрациясын ғылыми тұрғыда негіздейді, олар тұрғындар денсаулығына зиянсыз және өмір сүрудің санитарлық тұрмыстық жағдайын бұзбайтындай болуы қажет (максималды бір реттік ШРЕМ мр және орташа тәуліктік ШРЕМ от концентрациялар).

5.Гост «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения» құжаты негізінде су көзін санитарлық тексеру және таңдау әдістемесін жазыңыз.

  1. СанЕмН №209 16 наурыз 2015 ж. «Су көздеріне шаруашылық ауыз су мақсты үшін су жинау орындарына, шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары құжаты бойынша негізгі ережелерін айқындап жазыңыз.

1. Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарының шекараларын айқындауға, ауыз судың сапасына, сумен жабдықтау және кәріздеу құрылыстарына, суды дезинфекциялауға, жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріндегі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға, ыстық сумен жабдықтаудың бөлек желілері бар жылумен сумен жабдықтау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

2. Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері), орталықтандырылған ыстық жабдықтау жүйелеріне және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қолданылады.

3. Осы Санитариялық қағидалар қызметі сумен жабдықтау объектілерін жобалаумен, салумен, реконструкциялаумен, оларды күтіп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.