Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммунальная гигиена.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

4. Сумен қамтамасыз ету түрлерін көрсетіңіз және сипаттаңыз, гигиеналық баға беріңіз.

Халықты сумен орталықтандырылған жабдықтау — сутоғандарын халықтың ауыз су, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшін орталықтандырылған сумен жабдықтау тәртібінде пайдаланған кезде шаруашылық ауыз су құбырлары меншігінде немесе пайдалануында болатын заңды ұйымдар бас саға құрылыстарының бекітілген жобаларына және арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарына сәйкес сумен жабдықтау көздерінен су алып тұру қақы. Аталған заңды ұйымдардың алынатын судың есебін алуды ұйымдастырып, сумен жабдықтау көздеріндегі судың жай-күйін үнемі байқап отыруға және жергілікті өкілді әрі атқарушы органдарына, табиғат қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын, геология және жер қойнауын қорғайтын мемлекеттік органдарға су көздеріндегі, су сапасының белгіленген мемлекеттік стандарттардан ауытқуы туралы хабарлап отыруға міндетті.

Халықты сумен орталықтандырылмаған жабдықтау — сутоғандарын халықтың ауыз су, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшін орталықтандырылмаған сумен жабдықтау тәртібінде пайдаланған кезде заңды ұйымдар мен азаматтардың жалпы және арнайы су пайдалану талаптарын сақтай отырып, суды тікелей жер бетіндегі немесе жер астындағы су көздерінен алу қақы. Осы мақсаттарға арналған бас саға құрылыстарын пайдалану су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органмен келісім бойынша аумағында бас саға құрылыстары орналасқан атқарушы органдар белгілеген ережелерге сәйкес жүргізіледі

Орталықтанған ауыз сумен қамтамасыздандырудың бір қатар артқшылықтары бар: a)суды үздіксіз беру б)суды көп мөлшерде беруі в)күзетілуі

5. Санитарлық күзету аумағына қойылатын санитарлық талаптарды жазыңыз. Жер асты және жер беті суларымен қамтамасыз етуде санитарлық күзету аумағының шекарасын анықтау әдістемесін жазыңыз.

1)Санитарлық қорғау аймақ барлық орталықтанған су құбырларында орнатылады.

2)Санитарлық ұорғау аймақты ұйымдастыру мүмкіндігі су көзін таңдау сатысында анықталуы керек.

3)Санитарлық қорғау аймақты жобалау санитарлық, микробиологиялық,санитарлық химиялық ,гидрогеологиялық гидрологиялық зерттеулерді жүргізуде бастау керек

4)Санитарлық қорғау аймақтың жобасы және суды қорғау шаралар жоспары мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау орындарыммен келісімделуі тиіс

5)Ақпайтын су қоймалары үшін бірінші белдеудің шекарасы суды алу орнынан акваторияның барлық бағыттары бойынша және сулы алу орнына жақын орналасқан жағалауы бойынша судың арнасынан ең кемінде 100м

Жер асты су көздері

1)СанПин барлық талаптарына сәйкес келу керек

2)Санпин талаптарына сәйкес келу керек мысалы сүзу залалсыздандыру т.б

3)2-класты талабына сәйестендіріп қосымша реагенттерді қолданып сәйкестендіру

Жер үсті су көздері:

1)a)Негізгі әдістер және арнайы әдістер

b)Залалсыздану әдістерін қолданады

2)1-кластағы қосымша микросүзгіштерді қолданады

3)Барлықкластардағыәдістерді қолданады.Мысалы:тотықсыздану,түссіздендіру

6.Ауыз суды дайындау әдістеріне гигиеналық баға беріңіз. Ауыз суды тазартудың негізгі және арнайы әдістерін жазыңыз.

Ауыз суды тазалау деп суды тазалауда адамның суды ішуінің  қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз етуші деңгейіне дейін әртүрлі қаспалардың концентрацияларын төмендету, яғни гигиеналық нормативтерге дейін жеткізуді түсіну керек.

Жер асты су көздерінің суы көбінесе СанПиН 03.01.057.97 «Питевая вода» құжатының талаптарына сай келеді де, ластардан сенімді қорғалған. Осындай су көздерінен орталықтанған сумен қамтамасыздандыруды ұйымдастырудың негізгі принцпі болып су көзіндегі судың бастапқы сапасын сақтау  саналады.

Ал жер беті су көздеріндегі судың құрамында СанПиН «Ауыз  су» құжатымен шектелген әр түрлі  ингредиеннтер болуы мумкін. Ауыз су туралы түсінік, әрқашанда ауыз су мөлдір және түссіз болу керектігімен байланысты болған. Табиғатта осы  талапқа тек жер асты және бұлақ сулары сай келеді де, ал өзен және көлтаған сулары бұған мүлдем сай келмейді.

Судың сапасын жақсарту әдістері екі үлкен топқа бөлінеді:

  1. Жақсартудың негізгі әдістері.

  2. Суды өңдеудің арнайы әдістері. 

Жер беті су көздерінен алынатын суды тазартудың негізгі әдістеріне жататындары; 

  1. суды мөлдірлендіру 

  2. түссіздендіру

  3. заласыздандыру.

Жер беті су көздерінен алынатын суды тазартудың негізгі міндеті - ол суды қалқымалы заттардан толығымен тазарту (мөлдірлендіру) және оның түсін көзге көрінбейтіндей деңгейге дейін төмендету. Судың сапасын жақсарту әдістері мен тәсілдері және су құбырын тазалау қондырғыларының құрамы су көздеріндегі судың қасиеттеріне байланысты алынады.

Суды мөлдірлендіру деп оның құрамынан қалқымалы заттарды шығаруды түсіну керек.       

Суды түссіздендіру- ол оның құрамындағы шынайы еріген заттарды және коллоидтарды шығару.

Бірқатар жағдайда арнайы әдістерді қолдануға тура келеді, оның мақсаты судың құрамынан  қандайда-бір нақты химиялық қоспаларды шығару немесе, керсінше - адамның организмге қажетті элементтерді суға қосу болып табылады.

Суды тазартудың негізгі әдістерінің қондырғыларының құрамына келесі құрылымдар кіреді:

  1. коагуляциялауға арналған қондырғылары мен сыйымдылықтары (резервуар)

  2. тұндырғыштар

  3. сүзгіштер

  4. хлорлауға арналған қондырғылары мен сыйымдылықтары

Суды алдын-ала, фито және зоопланктоннан тазартудың маңызы зор, себебі олар тазалау қондырғыларында өсіп-өніп, олардың жұмысын қиындатады. Суды алдын-ала планктондардан және ірі қоспалардан тазарту үшін микросүзгіштер және барабанды торлар қолданылады.

Суды мөлдірлендіру  үшін қолданылатын, әдетті механикалық  тұндыру және сүзу әдістері арқылы өлшемдері 0,1мкм жоғары қалқымалы  заттарды ұстауға болады. Судың құрамынан  коллоидты заттарды шығару үшін, алдын-ала  олардың құрамын бұзу және коагуляциялау қажет.

Су құбырының  тазалау қондырғыларында судағы қоспаларды коагуляциялау.

        Судағы қоспаларды коагуляциялау деп бөлшектердің молекулярлық тартылу күштерінің әсерінен олардың бір-біріне жабысу нәтижесінде өтетін, коллоидты және дисперлирленген бөлшектерінің ірілену процессін айтады.