Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммунальная гигиена.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

29. Ауаның температурасын анықтау әдістемесін сипаттап жазыңыз және гигиеналық баға беріңіз.

Ауатемпературасы – атмосфера-ның жылулық күйін сипаттайтын метеорологиялық өлшемдердің бірі. А. т. метеорол. ст-ларда жерден 2 м биіктікте, күн сәулесі түспейтін арнаулы үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда аспирациялық термометрімен өлшенеді. А. т. ауа райына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Жер шарында А. т-ның таралуы – Күн радиациясының жер бетіне жетуіне және сіңуіне, жер бедерінің сипатына және сәуле шашуына, сондай-ақ жалпы атмосфера айналымына байланысты. Жер бетінде байқалған ең төм. температура Антарктидада («Восток» ст-сында – 89,2°С), және Якутияда (Оймякон – 71°С), ал ең жоғ. температура (58°С) әл-Әзизияда (Ливия) тіркелген. Тропосфера қабатының жоғ. шекарасында (12 км) температура – 70°С-қа дейін төмендейді. Ал стратосферада (13 – 50 км) озон қабатының ультракүлгін сәулесін жұтуынан ауа температурасы 5°С-қа дейін көтеріледі. Одан жоғ. қабаттарда температура төмендейді. Тропосферада А. т. тік бағытта (әрбір 100 м сайын) шамамен 0,5 – 0,7°С-қа төмендейді. Тәулік бойында А. т-ның ең жоғ. нүктесі сағат 15-те, ең төм. нүктесі күн шыққаннан кейін 45 мин өткен кезде байқалады. Қазақстанда қаңтардың орташа температурасы солт-те (Петропавл қ.) – 19С, оңт-те (Шымкент қ.) – 4°С. Республикамыздың шығысында (Марқакөл көлі маңында) қыстың кейбір күндері ауаның температурасы – 55°С-қа төмендейді. Шілде айының орташа температурасы Қазақстанның көпшілік жерінде ең жоғ. температура 32°С-қа, қиыр оңт-те кейбір айларда 47°С-қа жетеді.

30.Оқу бөлмелерінде жасанды жарықтандыру деңгейін өлшеу әдістемесін сипаттап жазыңыз және гигиеналық баға беріңіз.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін көру қызметінің дұрыстығын сақтау проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.

Табиғи жарық. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы.

Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. Бірақ ҚНменЕ талаптары сақталған күннің өзінде көптеген жағдайлар кері әсер етіп, табиғи жарықты сандық және сапалық жағынан біршама төмендетуі мүмкін. Бұндай жағдайларға бөлме интерьерінің бояуы, жиһаздар мен басқадай құрал-жабдықтардың түр-түсі мен орналасуы, терезенің өлшемі мен конфигурациясы, санитарлық жағдайы, терезе алдының биіктігі т.с.с. жатады.

Күнделікті санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.

Алынған мәліметтер СанНменЕ, ҚНменЕ сияқты нормаландыру құжаттарының талаптарымен салыстырылады. Қажетті жағдайда ұсыныс, нұсқаулар беріледі. Негізгі бөлмелердің терезелерінің бағыты барлық климаттық аудандарда, барлық оқу-тәрбие мекемелері үшін оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс болып табылады. Терезе өлшемдері мен конфигурациясы және саны - жарық коэффициентін, яғни оның жеткіліктілігін анықтап біркелкілігін сипаттайды. Стандартты типтік терезелердің биіктігі 2-2,5м, кеңдігі 1,8-2,0м, формасы жарық ағынын (әсіресе жоғарғы жағынан) жақсы өткізуі керек. Сондықтан терезенің жоғарғы жағы мейілінше төбеге жақын (0,15-0,3м) орналасқаны дұрыс. Екі терезенің аралығы 0,5м көп болмауы керек.