- •Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша
- •Астана 2010 мазмұны
- •1 Бөлім. Физикалық химия
- •2 Бөлім. Аналитикалық химия
- •3 Бөлім. Коллоидтық химия
- •Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулары
- •Глоссарий
- •Зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Химиялық зертханада жұмыс істегенде қолданатын сақтық шаралары
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •Таразы және таразыда өлшеу
- •Химиялық ыдыстардың түрлерімен танысу
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •6.1 Дәрістік сабақтардың тізбесі
- •6.2 Зертханалық сабақтардың тізбесі
- •7. «Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия» пәні бойынша сөж орындау және тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •8.1. Негізгі әдебиет
- •8.2. Қосымша әдебиет
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау ақпараты
- •11. Бағалау саясаты Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1 Бөлім. Физикалық химия Химиялық термодинамика және кинетика
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Калий гидроксидінің сумен әрекеттесу реакциясының жылу эффектісі
- •3 Тәжірибе. Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау
- •4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі
- •5 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •6 Тәжірибе. Сутегі пероксидінің каталитикалық айырылуы
- •7 Тәжірибе. Қайтымды реакцияның химиялық тепе-теңдігінің ығысуы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Сыну көрсеткіші арқылы ерітіндінің концентрациясын анықтау.
- •Электролит ерітінділері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Криоскопиялық әдіс (Раульдің 3-ші заңы)
- •2 Тәжірибе. Эбулиоскопиялық әдіс (Раульдің 2-ші заңы)
- •3 Тәжірибе. Электролиттің диссоциациялануына еріткіштің әсері
- •4 Тәжірибе. Диссоциациялану процесінің тепе-теңдігінің ығысуы
- •5 Тәжірибе. Бейэлектролиттердің және электролиттердің электроөткізгіштіктері.
- •Судың иондық көбейтіндісі. Буферлік ерітінділер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •4 Тәжірибе. Буферлік жүйелер
- •Электрохимиялық процестер
- •Салыстырмалы электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •2 Тәжірибе. Даниэльдің электрохимиялық элементі
- •3 Тәжірибе. Концентрлі гальваникалық элементтер
- •Фотохимиялық реакциялар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтар
- •1 Тәжірибе. Фотореакцияның жылдамдығына жарықтың әсері
- •2 Тәжірибе. Тионинның фотохимиялық тотықсыздануы
- •Беттік құбылыстар. Сорбция процестері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Хроматографиялық анализ
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Топырақтың адсорбциялық және ионалмастырғыш қасиеттері
- •3 Тәжірибе. Темір, мыс және кобальт иондарын бағаналық хроматография және қағаздағы хроматография арқылы ажырату
- •5 Тәжірибе. Ав-17 анионитпен суды Сl- -ионынан тазарту
- •2 Бөлім. Аналитикалық химия Аналитикалық химия. Талдау әдістері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Сапалық анализ негіздері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Маңызды катиондарға арналған сапалық реакциялары
- •2 Тәжірибе. Маңызды аниондарға арналған сапалық реакциялары
- •1. Карбонат анионын анықтау
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1,5368 Г құрамында 0,2262гбар
- •100Г құрамында х г бар
- •Титриметриялық анализ
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі
- •2 Тәжірибесі. Комплекcонометриялық титрлеу
- •3 Тәжірибе. Редоксиметрия титрлеу әдісі
- •3 Бөлім. Коллоидтық химия Коллоидтық жүйелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелерді алу
- •2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау
- •3. Тәжірибе. Пептизация құбылысы
- •4. Тәжірибе. Диализ құбылысы
- •5. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелердің электр қасиеттері
- •Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердің коагуляция құбылысы
- •2. Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы
- •3. Тәжірибе. Өзара коагуляция құбылысы
- •Жоғары молекулалық қосылыстары, олардың ерітінділері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1. Тәжірибе. Жмқ алу жолдары
- •2 Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ісінуі
- •3. Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділерін алу
- •4. Тәжірибе. Тұзсыздану процесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар
- •Берілген реакция теңдеуі бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз:
- •1 Аралық бақылауға дайындық сұрақтары
- •1 Аралық бақылаудың нұсқасы
- •2 Аралық бақылауға дайындық сұрақтары
- •2 Аралық бақылаудың нұсқасы
- •Емтиханға дайындық сұрақтары
- •Қорытынды бақылаудың тест сұрақтарының жиынтығы
- •Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы
- •Реферат такырыптары
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Электролиттердің қасиеттерін сипаттаңыз. I және II текті өткізгіштік-
терді атаңыз. Диссоциациялану дәрежесі және константасы дегеніміз не? Олар қандай шамаларға тәуелді?
2. Электролит заңдарына Вант-Гофф және Рауль заңдарын қалай қолдануға болады? Вант-Гоффтың коэффициентінің физикалық мағынасы қандай?
3. Тұзбен араластырып, мұздың температурасының төмендеу себептерін түсіндіріңіз.
4. Ерген заттың молекулалық массасын, ерітіндінің осмос қысымын және электролиттік диссоциациялану дәрежесін анықтауындағы криоскопиялық әдістің мағынасы түсіндіріңіз.
5. Электролиттың меншікті және эквиваленттік электрөткізгіштік дегеніміз не? Иондардың жылжуының абсолюттік жылдамдығы және тасымалдау саны дегеніміз не? Кольрауш заңын сипаттаңыз.
6. Эквиваленттік электрөткізгіштіктің және шексіз сұйылтудың эквиваленттік электрөткізгіштіктің қатынасының мағынасы.
№ 3 Зертханалық жұмыс
1 Тәжірибе. Криоскопиялық әдіс (Раульдің 3-ші заңы)
Жұмыстың мақсаты: криоскопиялық әдісімен заттардың мольдік массасын, диссоциациялану дәрежесін және осмос қысымын анықтау
Құрал-жабдықтар: Бекман термометрі, химиялық термометр, химиялық стакан, таразы, көлемі 100мл колбалар, пробиркалар, шыны таяқшалар, сым араластырғышы
Реактивтер: глюкоза, мочевина, натрий хлориді (NaCl) және натрий сульфатының (Na2SO4) массалық үлестері әртүрлі ерітінділері, техникалық натрий хлориді, дистелденген су, мұз немесе қар
Жұмыс барысы:
Берілген ерітінділерді мұз кристалдары түзілгенше суытады, сәйкес температураны заттың қату температурасы деп атайды.
Алдымен таза судың, содан соң ерітінділердің қату температураларын өлшейді. Алынған мәндер бойынша ерітіндінің қату температурасының төмендеуін есептейді: tқату = tқату H2O – tқату еріт
Қату температураның төмендеуін біле отырып, ерген заттың мольдік массасын, ерітіндінің мольдік концентрациясын және осмос қысымын, сонымен қоса электролиттер үшін диссоциациялану дәрежесін және изотондық коэффициентін анықтауға болады:
Мольдік
масса:

Мольдік
концентрация:
Осмос
қысымы:

Изотондық
коэффициенті:
![]()
Диссоциациялану
дәрежесі:
![]()
Ерітіндінің қату температурасын өлшеу үшін қолданатын қондырғы стаканнан, бір-біріне салынған өлшемдері әр түрлі екі пробиркадан және термометрден тұрады. Стаканға суытқыш қоспаны (6 бөлік мұз немесе қармен 1 бөлік ас тұзбен араласқан қоспа) салады. Қоспаның температурасы таза еріткіштің қату температурасынан 5 – 6С-қа төмен болу керек.
Суытқыш қоспаға кен үлкен пробирканы түсіріп, оның ішіне зерттелетін еріткіші (ерітіндісі) бар кіші пробирканы салады. Термометрдің сынап бөлігі толығымен еріткішке батырылу қажет, сондықтан еріткіштің мөлшері 4 – 5гр болу керек.
Бұл тәжірибеде өлшеу құны 0,1С болатын термометрді қолдануға болады, ал дәл өлшеулер үшін Бекман термометрін қолданады.
Қондырғыны жинап болған соң, термометрдің сынап бағынасы төмендей бастайды. Бірақ еру процесі баяу жүргендіктен кіші пробиркадағы сұйықтық қатты салқындап кетеді, яғни оның қату температурасы еріткіштің қату температурасынан төмен болады. Сондықтан оны үнемі сым араластырғышпен қатты араластыру қажет. Осы кезде кристалдану процесі басталады да, ішкі жылу бөлінеді және термометрдің сынап бағынасы осы сұйықтықтың қату температурасына дейін көтеріледі. Қателіктерді жою үшін тәжірибені 3 рет қайталап өткізеді. Бұл кезенде қондырғыдағы кіші пробирканы суырып алып, ішіндегі кристалдары ергенше оны қыздырады. Содан соң тәжірибені қайталайды.
Еріткіштің қату температурасын анықтап болған соң, осы еріткіште зерттелетін заттың 0,5 граммын өлшеп, толық ерітеді де, оның қату температурасын жоғарыда көрсетілген нұсқа бойынша анықтайды.
Тәжірибенің нәтижелерін төменде көрсетілген кестеге салып, қорытынды жасаңыз:
|
Зерттеле-тін зат |
Еріткіштің мөлшері (b), кг |
Еріткіштің қату температурасы (t) |
Ерген заттың мөлшері (а), кг |
Ерітіндінің қату температурасы (t1) |
Температуралық депрессия tқату = t– t1 |
|
Глюкоза |
|
|
|
|
|
|
Мочевина |
|
|
|
|
|
|
NaCl |
|
|
|
|
|
|
Na2SO4 |
|
|
|
|
|
