Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1865
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Мб
Скачать
☆

2 Тәжірибесі. Комплекcонометриялық титрлеу

Реактивтер: трилон Б, дистеленген су, магний оксиды, концентрлі тұз қышқылы, аммоний хлориді, аммиактың концентрленген ерітіндісі, хромоген қара индикаторы, натрий хлориды, сүт, 10 мл 9 н натрий гидроксидінің ерітіндісі, мурексид.

Құрал-жабдықтар: бюретка, 250 мл конусты колбалар, таразы, шыны таяқшысы, фильтр қағазы, воронка, цилиндр, өлшеуіш колбалар мен пробиркалар, пипетка.

Жұмыс барысы:

Көбісінде талдау үшін 0,1н немесе 0,05н трилон Б ерітіндісін қолданады. 1л 0,05н трилон Б ерітіндісін дайындау үшін таразыда 18,61г (ч.д.а.) затты өлшейді де, көлемі 1л өлшеуіш колбада дистелденген сумен ерітеді.

Алынған трилон Б ерітіндісінің нормальділігі мен титрін 0,1н MgCl2 ертіндісі арқылы анықтайды. 1л 0,1н магний хлориды ерітіндісін дайындау үшін аналитикалық таразыда дәл 4,032г магний оксидін өлшеп, көлемі 1л өлшеуіш колбада 20 мл концентрлі тұз қышқылымен ерітеді де, дистелденген сумен сұйылтады.

Титрлеудың басында конусты колбаға 25мл 0,1н магний хлориді ерітіндісін құйып, оған 10мл аммиакты буферлік ерітіндісін және 0,2-0,3г қара эриохром мен натрий хлориды қоспасын қосады да, 100 мл-ге дейін дистелденген сумен сұйылтады. Магний мен индикатордың ішкікомплекстік қосылыс түзу нәтижесінде алынған ерітінді қызғылт-күлгін түске боялады. Ерітіндіні 600-700С температураға дейін қыздырыңыз. Бюретканы трилон Б ерітіндісімен толтырады да, магний хлориді ерітіндісін титрлейді. Титрленген ерітінді көкшіл-жасыл түске боялғанда титрлеуді аяқтайды. Титрлеуді 3 рет өткізеді.

Талдаудың протоколы:

1. Магний хлориді ерітіндісінің көлемі

2. Магний хлориді ерітіндісінің нормальдік концентрациясы

3. Титрлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің көлемі: V1 V2 V3

4. Тирлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің орташа көлемі Vорт

5. Қосымша берілгені: ЭТр.Б.= 372,2 г/моль

Талдаудың есептеулері:

Тәжірибе. Судың жалпы кермектілігін анықтау.

Титрлеуге арналған колбаға 20мл шикі су құйып, үстіне 1мл аммиакты буферлік ерітіндіcін қосады. Бұл ерітіндіге шарапты-қызыл түс пайда болғанша қара хромоген индикаторының ерітіндісін тамызады да, оны 0,05н трилон Б ерітіндісімен титрлейді. Ерітінді көк түске боялғанда титрлеуді аяқтайды. Титрлеуді 3 рет өткізеді.

Талдаудың протоколы:

1. Титрлеуге алынған судың көлемі Vсу=20мл

2. Титрлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің көлемі: V1 V2 V3

3. Тирлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің орташа көлемі Vорт

4. Қосымша берілгені:

Судың жалпы кермектілігін келесі формула арқылы есептейді:

Тәжірибе. Сүттің құрамындағы кальций иондарының концентрациясын анықтау.

Тәжірибелік сынама (А) ретінде 2мл сүтті 48мл дистелденген сумен сұйылтып, оған 0,4мл 9н натрий гидроксиді ерітіндісін және аз мөлшерде мурексид индикаторын қосады. Ерітінді күлгін түске боялғанша 0,05н трилон Б ерітіндісімен титрлейді. Сонымен қоса параллель жағынан бақылау сынама (В) ретінде сүттің орнына дистелденген суды дәл сол жағдайларда титрлейді.

Сүттің құрамындағы кальций иондарының концентрациясын келесі формула арқылы есептейді:

X=0,2*(A – B)*50%

X – кальцийдің мөлшері, мг%

0,2 – 1мл 0,05н комплексон III ерітіндіге сәйкес келетін кальцийдің мг мөлшері.

A – тәжірибелік сынаманы титрлеуге жұмсалған 0,05н комплексон III ерітіндінің көлемі (мл)

B – бақылау сынаманы титрлеуге жұмсалған 0,05н комплексон III ерітіндінің көлемі (мл)

50% – мг-ды %-ке айналдыру

Жұмыстың корытындысын жазыңыз