- •Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша
- •Астана 2010 мазмұны
- •1 Бөлім. Физикалық химия
- •2 Бөлім. Аналитикалық химия
- •3 Бөлім. Коллоидтық химия
- •Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәнін оқытудың әдістемелік нұсқаулары
- •Глоссарий
- •Зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Химиялық зертханада жұмыс істегенде қолданатын сақтық шаралары
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •Таразы және таразыда өлшеу
- •Химиялық ыдыстардың түрлерімен танысу
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •6.1 Дәрістік сабақтардың тізбесі
- •6.2 Зертханалық сабақтардың тізбесі
- •7. «Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия» пәні бойынша сөж орындау және тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •8.1. Негізгі әдебиет
- •8.2. Қосымша әдебиет
- •9. Курс саясаты
- •10. Білімді бағалау ақпараты
- •11. Бағалау саясаты Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1 Бөлім. Физикалық химия Химиялық термодинамика және кинетика
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Калий гидроксидінің сумен әрекеттесу реакциясының жылу эффектісі
- •3 Тәжірибе. Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау
- •4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі
- •5 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •6 Тәжірибе. Сутегі пероксидінің каталитикалық айырылуы
- •7 Тәжірибе. Қайтымды реакцияның химиялық тепе-теңдігінің ығысуы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Сыну көрсеткіші арқылы ерітіндінің концентрациясын анықтау.
- •Электролит ерітінділері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Криоскопиялық әдіс (Раульдің 3-ші заңы)
- •2 Тәжірибе. Эбулиоскопиялық әдіс (Раульдің 2-ші заңы)
- •3 Тәжірибе. Электролиттің диссоциациялануына еріткіштің әсері
- •4 Тәжірибе. Диссоциациялану процесінің тепе-теңдігінің ығысуы
- •5 Тәжірибе. Бейэлектролиттердің және электролиттердің электроөткізгіштіктері.
- •Судың иондық көбейтіндісі. Буферлік ерітінділер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •4 Тәжірибе. Буферлік жүйелер
- •Электрохимиялық процестер
- •Салыстырмалы электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •2 Тәжірибе. Даниэльдің электрохимиялық элементі
- •3 Тәжірибе. Концентрлі гальваникалық элементтер
- •Фотохимиялық реакциялар
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтар
- •1 Тәжірибе. Фотореакцияның жылдамдығына жарықтың әсері
- •2 Тәжірибе. Тионинның фотохимиялық тотықсыздануы
- •Беттік құбылыстар. Сорбция процестері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Хроматографиялық анализ
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Топырақтың адсорбциялық және ионалмастырғыш қасиеттері
- •3 Тәжірибе. Темір, мыс және кобальт иондарын бағаналық хроматография және қағаздағы хроматография арқылы ажырату
- •5 Тәжірибе. Ав-17 анионитпен суды Сl- -ионынан тазарту
- •2 Бөлім. Аналитикалық химия Аналитикалық химия. Талдау әдістері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •Сапалық анализ негіздері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Маңызды катиондарға арналған сапалық реакциялары
- •2 Тәжірибе. Маңызды аниондарға арналған сапалық реакциялары
- •1. Карбонат анионын анықтау
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1,5368 Г құрамында 0,2262гбар
- •100Г құрамында х г бар
- •Титриметриялық анализ
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі
- •2 Тәжірибесі. Комплекcонометриялық титрлеу
- •3 Тәжірибе. Редоксиметрия титрлеу әдісі
- •3 Бөлім. Коллоидтық химия Коллоидтық жүйелер
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелерді алу
- •2. Тәжірибе. Коллоидтық бөлшектерінің заряд таңбасын анықтау
- •3. Тәжірибе. Пептизация құбылысы
- •4. Тәжірибе. Диализ құбылысы
- •5. Тәжірибе. Коллоидтық жүйелердің электр қасиеттері
- •Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1. Тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердің коагуляция құбылысы
- •2. Тәжірибе. Ақуыз ерітіндісінің коагуляциясы
- •3. Тәжірибе. Өзара коагуляция құбылысы
- •Жоғары молекулалық қосылыстары, олардың ерітінділері
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- •1. Тәжірибе. Жмқ алу жолдары
- •2 Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ісінуі
- •3. Тәжірибе. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділерін алу
- •4. Тәжірибе. Тұзсыздану процесі
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар
- •Берілген реакция теңдеуі бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз:
- •1 Аралық бақылауға дайындық сұрақтары
- •1 Аралық бақылаудың нұсқасы
- •2 Аралық бақылауға дайындық сұрақтары
- •2 Аралық бақылаудың нұсқасы
- •Емтиханға дайындық сұрақтары
- •Қорытынды бақылаудың тест сұрақтарының жиынтығы
- •Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы
- •Реферат такырыптары
Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы
Коллоидтық ерітінділері нағыз ерітінділерге қарағанда тұрақсыздығы аз болады. Коллоидтық жүйелер әртүрлі тұрақтылыққа ие болады:
Агрегаттық тұрақтылық – коллоидтық бөлшектердің өзара бірігуіне және іріленуіне қарсы әсер ету қабілеті.
Кинетикалық тұрақтылық – жүйенің барлық көлемі бойынша дисперстік фазаның біркелкі таралу қабілеті.
Коллоидты жүйелерде фазалар арасындағы беттің ауданы жоғары болғандықтан беттік энергия көп, сондықтан олар бірігу нәтижесінде оны азайтуға тырысады. Бұл процестер когауляция және адсорбция арқылы жүреді. Дисперстік фаза бөлшектерінің бірігуін коагуляция деп атайды. Коллоидтардың коагуляциясы әр түрлі факторлар әсерінен жүруі мүмкін: электролиттер қосу, механикалық әсер, температура, электр тоғы т.б. Лиофобты жүйелердің тұрақтылығына әсер ететін коллоидтық бөлшектерінің электр зарядтары және иондарының сольватациясы болады. Сондықтан коагуляцияның негізінде зарядсыздандыру және иондардың сольватациясын азайту тәсілдері жатады. Әдетте мұны электролит қосу арқылы алады. Электролитті қосқанда диффузиялық қабаттың азаюы -дзета потенциалдың азаюына әкеледі.
Электролиттік коагуляцияның заңдылықтары:
1. Кез келген электролит коагуляция туғыза алады. Ол үшін оның концентрациясы, когауляция табалдырығы деп аталатын бір шамадан жоғары болуы керек. Коагуляция табалдырығы – коагуляцияны туғызатын электролиттің минимальді концентрациясы аталады:

CТ – коагуляция табалдырығы,
Nэл – электролит концентрациясы,
Vэл – жұмсалған электролиттің көлемі,
Vзоль – золь көлемі.
2. Коагуляцияны коллоидты бөлшектердің зарядына қарсы зарядты иондар туғызады.
3. Иондардың заряды неғұрлым көп болса, коагуляциялаушы қабілеті соғұрлым жоғары болады. (Шульце-Гарди ережесі). Егер иондардың валенттіліктері бірдей болса, онда иондар радиусының ұзындығына сәйкес коагуляциялаушы қабілеті де артады.
4. Коагуляция нәтижесінде түзілген тұнбаға коагуляцияға түсуші иондардың біразы болады.
Лиофобты зольдердегі бөлшектердің өздігінен бірігуі автокоагуляция немесе қартаю деп аталады. Автокоагуляция жылдамдығы электролиттік коагуляциядан аз.
Коллоидтық жүйенің кинетикалық тұрақтылығы ауырлық күшімен диффузия күшіне байланысты. Коагуляцияланған бөлшектердің ауырлық күші әсерінен тұнбаға түсуі седиментация деп аталады. Бөлшектердің тұну жылдамдығы олардың өлшеміне, бөлшектер мен ортаның тығыздығына, сұйықтың тұтқырлығына және ауырлық күшіне тәуелді болады. Стокс заңы бойынша сфера тәріздес бөлшек тұтқырлы ортада қозғалғанда келесі формуламен анықталатын кедергі күшіне (f) ие болады:
f = 6 r U
- ортаның тұтқырлығы, н сек/м2
r – бөлшектердің радиусы, м
U – тұну жылдамдығы, м/сек
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы қалай ерекшеленеді? Оларға қандай факторлар әсер етеді?
2. Коагуляция дегеніміз не? Коагуляцияны тұғызаттын заттар мен шарттар?
3. Шульце-Гарди ережесін түсіндіріңіз
4. Коагуляция табалдырығы дегеніміз не?
5. Седиментация дегеніміз не?
6. Стокс формуласы.
№ 14 Зертханалық жұмыс
