Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1865
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Мб
Скачать
☆

2 Тәжірибе. Эбулиоскопиялық әдіс (Раульдің 2-ші заңы)

Жұмыстың мақсаты: эбулиоскопиялық әдіспен ұшқыш қоспасы бар заттардың қайнау температураларын анықтау

Құрал-жабдықтар: барометр, көлемі 500мл дөңгелек түпті колбалар, салқындатқыш, химиялық термометр, химиялық стакандар және конус тәріздес колбалар.

Реактивтер: су және органикалық сұйықтар (ацетон, этил эфирі, бензол, хлороформ т.б.)

Жұмыс барысы:

Ескерту: тез түтатын заттардың қайнау температураларын анықтағанда тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Заттың қайнау температурасы оның маңызды константасы болып саналады. Егер сұйықтың ұшқыш қоспасы болса, онда оның қайнау температурасы өзгеріп отырады. Қайнау температурасы сыртқы қысымға байланысты болады. Атмосфералық қысымға температуралық түзету коэффициентін енгізу қажет. Егер барометрмен өлшенген қысым (P) 760мм. сын.бағ.-нан (101,325кПа) төмен болса, онда сұйықтың қайнау температурасының анықталған мәніне мына формуламен табылатын түзету коэффициенті (A) енгізіледі:

Егер тәжірибе кезінде қысым 760 мм.сын.бағ.-нан жоғары болса, онда сұйықтың қайнау температурасының анықталған мәніне мына формуламен табылатын түзету коэффициенті (В) енгізіледі:

Бұл жерде, көптеген органикалық заттардың қайнау температурасы қысым 1 мм.сын.бағ.-на өзгергенде шамамен бірдей мөлшерге, яғни 3–80 градусқа өзгеретіндігі ескеріледі. Қысымға сәйкес түзету коэффициенті өлшенген температураға қосылады.

Қайнау температурасын әртүрлі жолдармен өлшеуге болады. 1-ші суретте көрсетілген қондырғыны құрастырыңыз. 160C-тан төменгі температурада қайнайтын сұйықтар үшін, салқындатқыш сумен суытылу керек. Температура тұрақталып сұйық қабылдағыш ағып бастағанда, қайнау температурасын белгіленген жөн. Термометрдің сынап бағынасы сұйық денгейінен кемінде 2см-ден жоғары орналастырылады. Термометрде конденсацияланған сұйық термометрден бірқалыпты аға бастағанша колбаны қыздыра береді. Егер ағатын сұйық таза болса, онда термометр оның тұрақты қайнау температурасын көрсетеді.

Атмосфералық қысымды барометрмен өлшейді.

Оқытушымен берілген органикалық сұйықтардың қайнау температураларын анықтап, төмендегі кестені қолдана отырып, олар қандай заттар екенін табыңыз:

Кесте 1 - Кейбір сұйықтардың қалыпты қысымдағы қайнау температуралары

Заттың атауы

tқайнC

Заттың атауы

tқайнC

Этил эфирі

35,6

Бензол

78,2

Күкіртті көміртегі

46,3

Көміртегі (IV) хлориді

78,5

Ацетон

56,5

Бутил спирті (үшінші)

85,0

Хлороформ

61,2

Су

100,0

Метил спирті

64,6

Толуол

110,8

Гексан

69,9

Ксилол

139,3

Этил спирті

78,3

Тетрахлорэтан

146,3

3 Тәжірибе. Электролиттің диссоциациялануына еріткіштің әсері

Жұмыстың мақсаты: электролиттің диссоциациялануына полярлы және полярлы емес еріткіштердің әсерлерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: пробиркалар, шыны таяқшалар.

Реактивтер: дистилденген су, ацетон, құрғақ сусыз мыс (II) хлориді (CuCl2)

Жұмыс барысы:

Екі пробиркаға аз мөлшерде сусыз CuCl2 салып, бірінші пробиркаға 1 – 1,5 мл ацетоннан, екінші пробиркаға дәл сондай көлемде судан құйыңыз. Тұз толық ерігенше пробиркадаға ерітінділерді шыны таяқшалар арқылы араластырыңыз. Ерітінділердің бояларының өзгеруін байқаңыз. Қай ерітіндіде тұздың диссоциациялануы өтеді, егер ерітіндіде Cu2+-иодардың түсі көкшіл болып келетінін ескерсек?

Тұздың диссоциациялану теңдеуін көрсетіп, жұмыстың қорытындысын жазыңыз