Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
141 Кб
Скачать
☆

38.Позитивизм философиясының эволюциясы

Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт. Негізгі позитивизм – "дұрыс пікір”деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798 – 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімден тыс еш нәрсе жоқ, барлық дүние – біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды. Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты. ОГЮСТ КОНТ (August Conte) (1798 − 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Позитивизм өзінің бүкіл даму барысында өзіне ғана төн болған негізгі қайшылықты ескермей келді. Оның өкілдері өмір бойы философияны жоққа шығаруға тырысып баққанда, өздерінің сол философиялық шеңберден асып кете алмағандығын, қайта философияның белгілі бір ағымын дүниеге келтіргенімен ісі болмады. О.Конттың позитивтік философиясы француз ағартушылық философиясымен белгілі бір байланыста болды. ғылымның шексіз мүмкіндігіне күмән келтірмесе де О.Конт ұлы француз ағартушыларының дәйекті материалистік сарынын қабылдаған жоқ. Сонда да оның ғылымдарды жүйелеуі француз энциклопедисттерінің өсиетін жүзеге асырумен барабар әрекет болатын. Конттың пікірінше ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес. Ғылыми ойлаудағы философиялық сарқыншақтардан арылу қажет. Осындай сарқыншақтардың бірі — ғылымның құбылыстардың мәні мен шығу себептерді ашуға ұмтылатындығы. ғылым "неге?" деген сұраққа емес "қалай?" деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оның құбылыстарды суреттеумен және заңдарды тұжырымдаумен шектелуі қажет. Демек, Конт заңдарды тұжырымдау ісі мен себептілікті зерттеудің арасындағы байланысты жоққа шығарғысы келеді. Соңғысы - "метафизикалық" (философиялық) ойлаудың сарқыншағы. Жалпы алғанда, Конттын философиясына дәйектілік тон емес. Өйткені мұнда себептілікті, шынайылықты жоққа шығаратын субъективтілік идеализмнің қағидалары мен жаратылыстанушының көзқарастары бейбіт қатар ұжымдасып жатады. Позитивизм өзінің даму барысында бірте-бірте дүниетанымдық мәселелерден іргесін аулақтатып, тіпті нақтылы ғылымның өзінен де пышақтай бастады. Оның куәсі -XIX ғасырдың көрнекті позитивтері - ағылшын ойшылдары Джон Милль мен Герберт Спенсердің философиялық ілімдері. Олар позитивтік философияның негізгі қағидаларын мойындаумен қатар жалқы мәселелерде өзіндік позиция ұстанды. Атап айтқанда, дүниетанымдық мәселелерден, ғылымнан алшақтау — олардың философиясынан айқын көрінді. Позитивизм (лат.т. «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) - 30 - 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт. Позитивизм ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым.Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті.1.Классикалық позитивизм; (О.Конт, Г.Спенсер); 2.Махизм;3.Неопозитивизм;4.Постпозитивизм.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]