- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты. Ертегірек антикалық философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті: 1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.з.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. 2. Классикалық кезең (б.з.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді. 3. Римдік-эллиндік кезең (б.з.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең. Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты. Фалес – б.з.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды. Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбені жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді. Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Элей мектебі-б.з.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. Бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Атомдық көзқарас. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды. Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес. Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді: 1.Сезім арқылы танып-білу; 2. Ақылмен танып-білу. Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.
