- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
41. Орыс діни философиясы.
Орыс діни философиясы- XIXғ соңы мен XXғ басындағы орыс халқының философиясының басты бағытының бірі болып табыладыен. Бұл бағытқа орыс әдебиеті мен өнерінің, философиясының кайт көркеюі кіреді. Діни бағыттың басты өкілдері: С.Н.Булгаков; П.А.Флоренский. С.Н.Булгаков барлық христиандық шіркеулерді бір ғана христиандық «экумендік» шіркеуге біріктіру туралы идеяы ұсынды. Жер бетіндегі қайғының себебі: бөліністе деп білді. Қоғамның экономикалық, саяси, рухани салаларға ж\е әрбір саланың өз ішіндегі жікке бөлінуінен. Діндегі христиандық шіркеулердің бөлінуі. Ізгілікке жету жолы адамзатты бір ғана аса күшті абсолютті Құдай мен христиандық шіркеуге топтауда деп білді. Булгаков адам тағдырының алдын ала жазылатындығы ж\е адам өлімінен кейін Құдай алдында берілетін жауап туралы ойларды ақиқат деп санады. Діни бағыттың келесі өкілі философ, священник П.А.Флоренский болды. Оның пікірінше дүние өзара байланыстар мен антиномиялардан құралған тұтастық дейді. П.А.Флоренский келешекте ашылатын техникалық жаңалықтар көмегімен материя ж\е рух арасындағы өзара байланыс, уақыт пен кеңістіктің тұрақсыздығы, салыстырмалылығы туралы жаңа түсінікке қол жеткізуге болатынына сенді. Флоренский ойларының дұрыстығы кванттық механика, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, физикалық математикалық жаңалықтармен дәлелденуде.
42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
Қазақ философиясының бастау бұлағы ежелден негізделіп, өзінің кейбір тарихи шектеулеріне қарамастан ұлтымыздың жарасымды дамуына, философиялық ой-сананың өсуіне гуманистік рух, рухани мол азық берді. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ежелгі философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы өзінің көл-көсір молдығымен де, тарихи деректілігімен де, дүниетанымдық әрекеттілігімен де халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алды. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары неізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызща әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба мәдеиет пайда болған соң бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер –бәрі де өздері өмір сүрген заманның обьективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейді, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар – арнайы реализм, білімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа карсыкүресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні т.б. еді. Осы аталған қөзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа және білімділікке, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының өзінше ерекшелігі деп айтуға болады. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды. Екінші кезең XX ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Үшінші кезең ХХ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шыңдары, жіберілген методологиялық, теориялық және концептуалды қателіктері.
