- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
45. Гегельдің диалектикалық әдісі
Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағыдасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Диалектиканы дамытуға, әсіресе, Г. Гегельдің қосқан үлесі мол болды. Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея деп білді. Абсолюттік идея үнемі өзіндік қозғалыста болады, ол дамуының әр кезінде табиғат, адам болмысы түрінде нақты көрініс табады. Абсолютті идея, бұл:-тіршілікте бар жалғыз шын реалдылық;- қоршаған дүние, оның заттары мен құбылыстарының алғашқы себебі;- өзіндік санасы мен жарату қабілеті бар Әлемдік рух. Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б. ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А. Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт оның категориялық құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері болып табылады.Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама, бірі екіншісіне диалектикалық тұрғыда өтіп, жылжымалы, қозғалмалы қайшылықта болып тұрады. Олар – дам процесінің жеке жақтарын бейнелейтін, негізгі емес заңдар. Диалектиканыңнегізгі және негізгі емес заңдары тығыз байланысты.Диалектиканың заңдары және категориялар жүйесі қоғамдық практиканың, мәдениеттің, ғылымның және техниканың өскелең талабына сәйкес үнемі жетілдіріліп, дамытылып, байтылып отырады. Қазіргі ғылыми – техникалық революция жетістіктеріне және тарихтың қазіргі кезеңінің бетбұрыстық сипатына байланысты диалектиканың теориясын жасау мен негіздеу, оның заңдары мен категориялары жүйесін одан әрі жетілдіру – күн тәртібіндегі мәселе.
46. Шопенгауэр және Ницше философиясылық көзқарасы Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі – Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі – адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан. Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты. Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты. деген осындай көзқарас Ницшенің «Заратустра осылай деген» ең мықты сезіледі. Оның кейіпкері «ең жоғарғы адам» (сверхчеловекі өмір ақиқат болмыс қана емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнап сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып, тамырының бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады.
Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша маза-лануының себебі – олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Европа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін ше өмірді сүйген «ең жогаргы адамнан » үлгі алуды ұсынады. гаргы адам » – еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі (образы). Еркіндік – адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі’ тандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған «ең жоғаргы адам » ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы. Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті.
47. Психоанализ философиясының орталық мәселелері психоанализ – ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан » (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан » (бессознательное) және «саналының алдындагыдан » (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол » (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» (Е%о) – саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары » ( Sиреr-еgo) – ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы. Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.
