Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
141 Кб
Скачать
☆

59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.

Н.Бердяев айтқандай,"бәлкім антоподиция теодицияға баратын бірден – бір жол,бірден – бір өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар”. XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы – құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсатыклассиктік мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. «Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам философияга тәуелді болуы керек», - деген екен орыс философы Н.Бердяев. Өз философиясының зерттеу объектісі туралы Николай Александрович Бердяев 1931 жылы Парижде жарық көрген «О назначеңии человека» еңбегінде былай дейді: «Адам мәселесі – философияның негізгі мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам өзін-өзі танып білгенде ғана философиялық ойлауды бастайтынын түсінген болатын. Болмыс жұмбағының шешімі адамның өзінде». Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Бердяев тұлғаның ең басты сипаты – Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғдры қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға» деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығарма-шылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: «Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық жән саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. Ұят коллективтік категор» емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты». Бердяев тұлғаның революция кезеңіндегі тағы бір өзгерісіне тоқтал ды. Ол Ресей большевизмнен міндетті түрде өтуі тиіс еді, большеви қажеттілік, орыс халқы тағдырының ішкі моменті, экзистенциалдық дилектикасы деп есептеді. Революция, сол арқылы келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше, адамдарды қатты өзгертті. Кешегі қарапайым адамда билік, еркіндік қолына тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның жаңа антр пологиялық типі, бұрынғы орыс интеллигенциясына мүлдем ұқсамайты типі пайда болды. Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық деген жоқ еді. Осыдан келіп, Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық ұғым емес, аристократиялық ұғым деген тұжырымға келді. Бұл пікірмен келісу қиын.

60. В.С.Соловьевтің діни-философиялық идеялары. Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900) – орыс халқының көрнекті философтар-ң бірі. Оның да көзқарастары әлі толық зерттелмеген. В.Соловьев моральдық жан-жақты жетілгендіктің үлгісі – Құдай, ол барлық жағынан адамға үлгі, яғни, адамгершілік дегеніміз Құдай деп түсінеді. Ол «жалпыбірлік» идеясының, немесе болмыстың барлық фор- маларының бірлігі принципінің негізі. В.Соловьевтің пікірінше, адая қоғамы Құдайды абсолют деп таныса, соған ұмтылуға, ұқсауға тырысса православие, католицизм, протестантизм діндерінен құралған «дүниежүзілік шіркеудің» көмегімен «құдайы адам» дәрежесіне жетеді. Соловьев үшін маңызды тақырып болған адамзат пен жеке адамныи ғана емес, Ресей мемлекетінің де тағдыры. Ресей тағдырын Соловьев христиан дінін қабылдаған князь Владимир билік еткен уақыттан бастап христиан дінімен тығыз байланыстырады, орыс мемлекетінің еркіндігі дін мен шіркеу еркіндігінсіз мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пайымдауынша, енді Ресей діни әдеп-ғұрыптарды орындап қана қоймай, өзінің ісі мен өмірін осы діннің негізінде қайта құруы тиіс. Соловьевтің бұл пікірі қазіргіРесей үшін аса маңызды екендігіне сөз жоқ. Ортағасырлық Аврелий Августиннің сөзімен айтсақ, Құдайға деген құр Сенім жеткіліксіз, бұл сенім Ақылмен толықтырылмаса, Құдайға да ақылсыз, соқыр сенімнің жетегіндегі пенделердің қажеті жоқ. Осы мәселемен бірге Соловьев Ресейдің ең үлкен бір қателігін атап көрсетеді. Ол – ұлттық эгоизм . Ұлттық эгоизмнің басқа ұлттарды өзіне өшіктіріп, қарсы қоятындығының мысалы ретінде Соловьев орыстар мен поляктар арасындағы жауластықты көрсетеді. Бұл құбылыс біздің заманымызға дейін жалғасып келе жатыр. Ұлттық эгоизмді жоюдағы Петр І-нің рөлін Соловьев баса атап көрсетеді: «Петрдің реформасының терең христиандық сипаты бар, себебі ұлттың өзін-өзі кінәлауы – адамгершіліктік-діни акт». Соловьевтің ойынша, орыс ұлты басқа ұлттарды өзімен тең деп қарастыруы, ар-ұят ұғымын ұлттық деңгейге дейін көтеруі тиіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Петр І-нің реформалары орыстардың тек басқа ұлттарға ғана емес, әрбір адамға деген көзқарасын өзгертті. Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл, тамаша идея. «Тек осылай жасағанда ғана Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге қатыса алады», – дейді Соловьев. Абайдың қазақ халқын сынағаны секілді, Соловьев те өз халқының жағымсыз қасиеттерін ашық айтып, оны түзетуге шақырады. бұл қадам славянофилдерге ұнамады. Ең бастысы, олар орыс ойшылының өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін, жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін бағалай алмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]