- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Схоластиканың жалпы сипаты: теоцентризм; басты зерттеу объектісі – Құдай; догмалар – дәлелді қажет етпейтін ақиқаттар үстемдік етті; адамзат күнәсін адам кейіпфндегі құдай Иусус Христос келіп, бар күнәні өз мойнына алып, дүниені сақтап қалғандығы туралы догмат жарияланды; құдайды тану – дүниені тану деп түсіндірілді. Схоластика – Інжілді (Библияны) қатаң нормативтік мәтін, абсолютті ақиқат ретінде қарастырды. Осы кезеңдегі философиядағы ілім «схоластика» (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: 1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғ.ғ 2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІ ғ.) 3. Құлдырау кезеңі (ХIV-ХV ғ.ғ.)
Схоластиканың өкілдері: алғашқы схоластика кезеңінде: Иоанн Скотт Эриугена, Росцелин, Пьер Абеляр, т.б; Кемеліне жеткен схоластика: Александр Гэльский, Фома Аквинский, Роджер Бекон, т.б; Соңғы схоластика: Уильям Оккам, Генрих Сузо, т.б. Солардың ішінде Фома Аквинскийдің шығармашылығын ерекше атап өтуге болады.
Фома Аквинский (1225-1274жж.) – орта ғасыр философиясының орталық фигурасы, көрнекті философ, ортодоксальды схоластиканы жүйелендіруші, томизм бағытының негізін қалаушысы. Негізгі еңбектері: «теология сомасы», «Философия сомасы», «Інжілге түсіндірмелер», «Аристотель шығармаларына түсіндірмелер», т.б. Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі категориясы болып болмыс табылады. Ол бар және ол ақиқат. Соңғы шындық болып Құдай табылады және оның күші үнемі іс-әрекетте.Ф.Аквинский өз еңбектерінде Құдай болмысының бес дәлелін құрастырды:1. Егерде қозғалысты тек механикалық деп алмай толығымен алса бірінші қозғаушыға, яғни Құдайға келмеуге болмайды.2. Егерде дүниедегі барлығының себебі болса, онда бірінші себеп болуы керек, яғни Құдай.3. Дүниедегі мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтардың көптігінің бәрі қажетті абсолютті себептілікпен басқарушы керек, яғни Құдаймен.4. Дүниедегі барлығының жоғарғы дәрежесін өлшеу үшін барлық жоғарғылардың абсолютті өлшемі болуы керек, яғни Құдай.5. Барлық дүниедегі тіршілік етушілер анық мақсаттылық дәрежесі бар, сондықтан соңғы және негізгі мақсат Құдай болуы керек.Ф.Аквинский ілімі христиан шіркеуімен жоғары бағаланды, ол құдіреттілердің қатарына кірді.
14.Платон философиясы
Платон философиясының «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі
Платон (428-347) – объективтік идеализмнің көрнекті өкілі, Сократтың шәкірті болған және Сократты өзіне өмір бойы ұстаз санап өткен ежелгі грек философы. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. П-ның маңызды философиялық шығармалары: «Мемлекет», «Театет», «Федон», «Протагор», «Пир» т.б. Платон философиясының орталығында идеялар туралы ілім тұр. Сезімнен тұратын шындықты П. нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш ф-ға енгізген де сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея – ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де, екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Бірақ идеялар патшалығы - тек қана игі мәндер дүниесі. Сондықтан мұнда қылмыс немесе кір ластық идеясы деген жоқ. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды, дейді. П. жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін таңдана білу керек, - дейді ол.философ дегеніміз шындықты сүю, -дейді Платон. П-ның идеялар әлемі – бұл сатыл түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғары шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) – үлгіге сәйкес көшірменің авторы. П-ның дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. П-ның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемелекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң П. өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі – Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады
Платон дүние, тіршілік барлық нарсе 3 субстанциядан құралатындығын негіздейтін триадалық ілімді ұсынды. Оның іліміне сәйкес дүние 3 негізден тұрады: Тұтастық, Ақыл, Жан.
Сондай-ақ, Платон идеалды мемлекет туралы ілімді ұсынды.
Платон философиясы негізінде ірі, аса маңызды философиялық бағыт ретінде идеализмнің негізі қаланды; алғаш рет философиялық фундаменталды шығармалардың толық жинағы жазылды; алғаш рет табиғаттың ғана емес, қоғам, мемлекет мәселелері терең зерттелді.
