- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Банк қызметі
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
Қазақстанның географиялық орны
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.
Қазақстан Еуразия материгінің ортасында орналасқан.
Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.
Жерінің көлемі 2724,9 мың шаршы км. Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау түбегі орналасқан. Қазақстанның оңтүстік – шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.
Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады.Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
3. Мәтін бойынша сөздік жасаңыз.
4. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз: тау массиві, үлкен аймақ, Сарыарқа даласы, әдемі табиғат, ұлан-байтақ дала, биік тау
Қазақстан климаты
Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз.
Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы. Шағын көлдер қуан жылдары түгелдей тартылып, құрғап қалады. Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті. Орта ендіктерде орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан; бұл оңтүстікке қарай далаға, шөлейтке және шөлге ауысады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр. Бұл өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді. Қазақстан жер аумағының 3,3-інде орман. Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы басым өседі.
Тапсырмалар.
Мәтінді оқып аударыңыз.
Мәтін бойынша 20 сөздік құрастырыңыз.
Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.
КЕДЕН
КЕДЕН – мемлекеттік мекеме, барлық шетке шығарылатын және шеттен әкелінетін тауарларды, пошта арқылы жөнелтілетін жүктерді кеден бақылауына алып, баж салықтары мен алымдарын алу мақсатымен құрылған ұйым. Кеден мемлекет шекарасынан өткізілетін тауарларды, көлік құралдарын және басқа заттарды тексереді. Тауар әкелімінің, әкетілімінің немесе транзитінің заңдылығын анықтайды, кеден баж салығын салу үшін заттың сипаттамаларын айқындайды, контрабанда заттарын табу мақсатымен жұмыс істейді.
КЕДЕН КІРІСТЕРІ – елдің шекара арқылы өткізілген тауарларға кеден салығын салу нәтижесінде мемелекеттік бюджетке түсетін қаражат. Олар – кеден баж салығы мен алымдар, тәркіленген (конфискеленген) тауарларды сатудан алынған түсім, айыппұл.
КЕДЕН АЛЫМЫ – кеден баж салығынан тыс алынатын қосымша алым:
1) кеден қоймасынан әкету құқығы үшін алым;
2) шеттен әкелінетін тауарларды есептеуге байланысты статистикалық алым;
3) тауарлар әкелімі мен әкетіліміне рұқсат беру кезінде алынатын лицензиялық алым.
Кеден алымының мөлшері тауар бағасының 1-2 процентінен аспауға тиіс.
Жаңа сөздер:
шетке шығарылатын және әкелінетін тауарлар – түсім –
пошта арқылы жөнелтілетін жүктер – айыппұл –
баж салықтары мен алымдары – аспауға тиіс –
заттың сипаттамаларын айқындайды – тәркіленген тауарлар –
мемелекеттік бюджетке түсетін қаражат – мемлекет шекарасы –
контрабанда заттарын табу – зандылығын анықтайды –
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.
Тауар әкелімінің, әкетілімінің немесе транзиті... заң...лығын анықта...ды, кеден баж салығын сал... үшін заттың сипаттамаларын айқындайды, контрабанда зат...ын табу мақсаты... жұмыс істейді.
4. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.
5. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.
4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У. Экономикалық теория. Алматы, 2001.
6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.
7. БайжомартовҮ.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М. Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (15-тақырып) [қосымша 3, 6]
1. «Қазақстан Республикасындағы кеден қызметі» Сұқбат құрастыру.
2. «Қазақстанның өзен, көлдері, таулары» слайд жасаңыз.
11-тақырып. Қазақстанның экологиясы. Қазақстанның табиғатын қорғау.
Кәсіби мәтін: Демократия формалары. Салалас құрмалас сөйлем. Талғаулықты, Себеп-салдар с.қ.с.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
