- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Банк қызметі
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
Инфляция
ИНФЛЯЦИЯ (латын сөзі – қампию) – айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, яғни оның сатып алу қабілетінің құлдырауы. Бұл құнсыздану барлық тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінен болады. Өндіріс, ақша айналысы және мемлекеттік қаржы саласында әрекет ететін себептер кешеніне байланысты туындайды. Бұл – монополияның бағаны тым қымбаттатуы, мемлекеттің өндірістік емес орасан зор шығындары. Айналыстағы ақша өлшемдерінің мөлшері бағалардың қосылуынан артып, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшалардың пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляциядан өндіріс көп зардап шегеді.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. 1784-1794 жылдары Францияда революция кезінде өндірілген ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды.
ДЕВАЛЬВАЦИЯ (ҚҰНСЫЗДАНУ) – басқа елдердің валютасымен немесе алтынмен салыстырғанда ұлттық валюта құнының төмендеуі. Ол елдегі төлем балансы елеулі сәйкессіздікке ұшыраған кезде, яғни тауар мен қызмет бағасы экспортталатын тауарлар мен қызмет құнымен бірдей болған кезде пайда болады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қалыптасқан формасында ұлттық валютаны девальвациялау сыртқы сауданы теңдестіруге жағдай жасайды және мемлекеттік ұйымдардың шешімімен жүзеге асырылады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
2. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
3. Ақшаның құнсыздануы тауар бағасына әсер ете ме?
4. Айналыста қағаз ақшаның көбейіп кетуі, құнсыздануы неліктен?
5. Мәтіннен көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.
6. Қатыстық сын есімді ажыратыңыз.
7. Мәтіннен шылауларды табыңыз.
8. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 2, 15, 18]
1 «Қазақстанның білім беру жүйесі» буклет жасаңыз.
2 «Инфляция қандай себептерге байланысты болады?» шағын әңгіме жазыңыз.
6-тақырып. Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Кәсіби мәтін: Менеджментті дайындайтын үш орталық. Жай сөйлем.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше?
Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орның айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.
Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:
а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы;
ә) табиғатымыздың және жер асты байлығымыз;
б) әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.
Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын, ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құның анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.
Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
2. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма?
Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма?
Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?
Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма?
Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма?
4. Соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
5. Тұңғыш, алғаш сөздерінің синонимдерін жазыңыз.
