- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Банк қызметі
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
Ақ бидай (ертегі)
Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.
Бұлаққа барып, тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді.
Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады.
Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.
Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды.
Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқып аударыңыз.
2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.
3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.
Менеджмент
1. Өндіріс басқармасы. Нарықтық экономика жағдайында өндірістің тиімділігін арттыру пайданы көбейту мақсатымен өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдары мен нысандарының жиынтығын қамтиды.
2. Өндіріс қызмет процесінде адамзат қатынастарын басқару және тұтынушылардың өндірушілермен өзара байланыстары туралы ғылым. Шаруашылық қатынастарының күрделенуіне, нарықтағы іс-қимылдардың стратегиясы мен тактикасына қарай менеджментке көп көңіл бөлінеді. Басқарудың озық тәжрибесін пайдалану, басқару қызметіне жаңа көзқарастарды әзірлеу, жоғары қаржы-экономикалық нәтижелерге қол жеткізудің аса маңызды резервтері мен факторлары болып табылады.
МЕНЕДЖЕР – кәсіпқой басқарушы, кәсіпорынның бас директоры, президент немесе дирекция (басқарма) мүшесі, концерндер, трестер, синдикаттар, т. б. бөлімдердің жетекшісі, қызметке білікті басшылық жасайды. Менеджер ұжымының ішкі байланыстарын жетік білуі керек. Казіргі кезде менеджерлер социология, психология, өндірісті ұйымдастыру негіздерін білулері қажет.
Жаңа сөздер:
өндіріс басқармасы – тиімділігін арттыру –
пайданы көбейту мақсатымен – әдістер –
құралдары мен нысандары – адамзат қатынастарын басқару –
ұжымының ішкі байланыстарын білу – басқарудың озық тәжірибесі –
тұтынушылар мен өндірушілердің жаңа көзқарастарды әзірлеу –
өзара байланыстары –
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
4. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табыңыз.
5. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.
2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 3, 6, 15]
1 «Ас-адамның арқауы» (Еңбек, ас, жер туралы) мақал-мәтел.
2 «Менеджмент» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңыз..
13-тақырып. Өсімдіктердің тіршілік формалары. Қазақстанның «Қызыл кітабы» туралы. Кәсіби мәтін: Лицензия. Сабақтас құрмалас сөйлем (Қимыл-сын, себеп, қарсылықты, шартты)
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
