- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Банк қызметі
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда.
Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.
Тапсырмалар:
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
Туыстық атауларды жаттап алыңыздар.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
Өз отбасыңыздың қоғамдағы қызметі туралы шағын шығарма жазыңыздар.
Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Осы берілген сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдаулар жасаңыздар.
ОТБАСЫ
Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем қырық жеті жаста, ол ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Шешемнің жасы қырық бесте, ол - жеке кәсіпкер. Ағам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қазір құрылыс фирмасында қызмет етеді. Оның жасы жиырма бесте. Қарындасым дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ал мен өзім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жол-көлік факультетінде оқимын.
Біздің отбасымыз Қарағанды қаласының орталығында, төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Туыстарымыздың бәрі осы қалада тұрады. Біз жиі қатынасып тұрамыз. Біз өте тату тұрамыз. Біздің отбасымыздың достары көп. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.
Тапсырмалар:
Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.
Туыстық атауларды жаттап алыңыздар.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
Өз отбасыңыз туралы шағын шығарма жазыңыздар.
Маркетингтік қызмет
Шаруашылық қызметті ұйымдастыру мен басқарудың нарық талаптарына, тұтынушылардың қажеттері мен талап-тілектерін мүмкіндігінше қанағаттандыруға бағытталған жүйе.
Маркетингтің негізгі қызметі: тұтынушылар санына қарай шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтерден сұранымның құрылымы мен мөлшерін талдау, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен тұтынылу қасиетін арттыру шараларын жүзеге асыру, тауарлардың өту, жарнамалық шараларды жүргізу, сатылғаннан кейін сервис қызметін ұйымдастыру.
Маркетингтің негізгі принциптері:
1) сатып алушылардың қажеттерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру;
2) сатып алушының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру;
3) белгілі бір рыноктарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және белгілеген мерзімде тиімді түрде өткізу;
4) кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін (пайдалылығын) қамтамасыз ету.
Маркетинг делдалдары – компанияда тауарларын алармандарға жеткізуіне, өткізуіне және олардың арасында таратылуына көмектесетін фирмалар. Оларға: сауда делдалдары, маркетингілік қызметтер көрсететін агенттіктер мен несие-қаржы мекемелері жатады.
Жаңа сөздер:
Шаруашылық қызметті ұйымдастыру – система организации и управления хозяйственной деятельностью;
басқару – управление;
нарық талаптары – требования рынка;
тұтынушылардың қажеттері мен талап-тілектері – потребности и запросы потребителей;
сұранымның құрылымы мен мөлшерін талдау – анализ структуры и размеров спроса;
жарнамалық шараларды жүргізу – проведение рекламных мероприятий;
сервис қызметін ұйымдастыру – организация сервисного обслуживания;
нақты мүмкіндіктерін дәл білу – точное знание потребностей (потребителя) покупателя;
ұзақ мерзімді нәтижелілігін қамтамасыз ету – обеспечивание долговременной результативности;
алармандарға жеткізу – продвижение (доставка) клиенту;
сауда делдалдары – торговые посредники.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқыңыз.
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздерді, сөз тіркестерін, терминдерді теріп жазыңыз.
Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
Маркетингілік қызмет деген не?
Жарнамалық шараларды жүргізу маркетингілік қызметке жата ма ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.
4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У., Экономикалық теория. Алматы, 2001.
6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.
7. Байжомартов Ү.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М., Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [қосымша 1, 12]
«Анамның асыл қасиеті» тақырыбына әңгіме жазыңыз.
«Маркетинг» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңыз.
5-тақырып. Қазақстанның білім беру жүйесі. «Болашақ» бағдарламасы. Кәсіби мәтін: Инфляция. Одағай. Еліктеу сөздер.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
