- •Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
- •Бейсенова р.Р.
- •Экология және тұрақты даму пәнінен лекциялар жинағы
- •Астана - 2010
- •Мазмұны:
- •Тақырып: Экология ғылымының анықтамасы, оның қалыптасуы және дамуы
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді экологияның даму тарихымен таныстыру, ғылымның қысқаша сипаттамасын беру, эколгогия пәнімен, оның міндеттерімен, мазмұнымен және негізгі әдістерімен таныстыру.
- •2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
- •3. Экология бөлімдері.
- •5. Тұрақты даму туралы түсінік.
- •Тақырып: Организм және қоршаған орта
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді тіршіліктің пайда болу теорияларымен және негізгі тіршілік орталарымен таныстыру.
- •2. Биосфера эволюциясы.
- •Ә) Құрлық – ауа тіршілік ортасы.
- •Б)Топырақ тіршілік ортасы.
- •В)Тірі ағза тіршілік ортасы
- •4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
- •Тақырып: Аутэкология
- •2. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары.
- •3. Ортаның негізгі факторларының ағзалар тіршілігіне тигізетін әсері.
- •Биотикалық факторларға адаптация.
- •Гүлдер мен өсімдіктер.
- •Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
- •4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфордтың толеранттық заңы.
- •Тақырып: Демэкология-популяциялық экология
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру.
- •2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •3. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •4. Ағзалар арасындағы қатынастар:
- •Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы
- •Экожүйенің жіктелуі
- •3. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.
- •4. Экологиялық пирамида және оның типтері.
- •5. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.
- •Тақырып: Биосфера туралы в. И. Вернадскийдің ілімі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді биосфера түсінігімен, биосфера жайлы іліммен, биосфера компоненттерімен таныстыру.
- •2. Биосфераның негізгі қасиеттері.
- •3. «Тірі заттар»-биосфераның негізі.
- •4. Зат айналымы және олардың антропогендік іс-әрекеттер нәтижесінде бұзылуы.
- •Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы Жоспар:
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Киото хаттамасы
- •Еқтт-ның (Ерекше Қорғалатын Табиғи Территория) жалпы
- •Қоршаған орта және әлем қауымдастығы. Шекоа (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия)
- •Орталық Азия аймағында экологияны сауықтырудың басты бағыттары
- •Тақырып: Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану – тұрақты дамудың бір аспектісі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді табиғат, табиғи орта, табиғи қорлар түсініктерімен таныстыру. Табиғи қорлардың жіктелуін көрсету және ластаушы заттар жіктелуімен таныстыру.
- •2. Қазақстанның қазба байлықтары
- •3. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
- •4. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
- •5. Табиғатты қорғаудың аспектілері
- •6. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •Тақырып: Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
- •2. Атмосфералық ауаның ластануы
- •3. «Жылу эффектісі»
- •4. «Озон тесігі»
- •5. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырыбы: Су және топырақ ластану мәселелері
- •3. Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері.
- •4. Шөлдену мәселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.
- •Тақырып: Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелер және тұрақты даму
- •2. Қазіргі Аралдың ахуалы және Арал маңындағы әлеуметтік- экологиялық мәселелер.
- •3. Қала экологиясы.
- •Тақырыбы: Энергетикалық кризис және оны шешу жолдары Жоспар:
- •Энергетикалық ресурстартардың топтастырылуы
- •Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •2. Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
- •4. Атмосфералық ауаны қорғау.
- •5. Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар
- •Тақырыбы: Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму
- •2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
- •5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
- •6. Судың ластану мәселесі.
- •Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар
- •2. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
- •3. Әуе бассейнiнiң ластануы
- •4. Радиоактивтi ластану
- •5. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
- •6. Экологиялық мониторинг.
- •7. Табиғатты қорғау шараларын қолдану
Орталық Азия аймағында экологияны сауықтырудың басты бағыттары
Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (Орталық Азия АЭО) Орта Азия ұсынысымен Данияда өткен төртінші жалпыеуропалық конференцияның шешімі негізінде 1998 жылы құрылды. Орталық Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО көлемінде алғашқылардың бірі болып іргетасын қалады. 1999 жылы Орта Азия мемлекеттерінің үкіметі орталықтың штаб-пәтерін Алматыда орналастырып, әр елде оның филиалдарын ашуды ұйғарды. 2000 жылы маусымда Парламентте Қазақстан Республикасы, Еуропалық комиссия және ПРООН арасындағы жұмыс штатының келісіміне қол жеткізілді. Ол- орталықтың негізгі заңдылық құжатына айналды. Экологиялық орталық Үкіметіміздің берген тұрғылықты ғимараты арқасында және Еуропалық комиссияның бөлген гранты нәтижесінде 2001 жылдан бастап белсенді жұмысқа бет бұрды. Орталық Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан республикаларына ортақ халықаралық ұйым. Ол негізінен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы саясатты талқылау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, ұлттық және халықаралық тәжірибелерді пайдалана отырып, аймақтық және шекаралық жобаларды әзірлеп, оны үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің және мүдделі топтар болса,солардың қатысуымен жүзеге асыруды мақсат тұтады. Қалың жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға байланысты қабылданатын түрлі шешімдер процесіне тартуға көмектесіп, экологиялық деректер мен ақпараттар таратады. Бұған қоса, экологиялық проблемаларға арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар ұйымдастырады және бұлардың барлығына ғылыми тұрғыдан баға береді. Қысқасы, Орталық Азия аймағының бес елі өзара бірігіп, экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін күресетін болады.
Қорыта келгенде айтарымыз, елімізде табиғаттың бастапқы қалпын сақтау және дамыту үшін мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қайта құру және ұйымдастыру ісін кеңінен жолға қою керек.
Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар жасап отыру- ғылымның міндеті. Кез келген архитектуралық, шаруашылық объектілерін, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардан келетін экологиялық шығынның бағасын есептеу, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру аса қажет шара ретінде қаралуы керек. Олардың жергілікті тұрғын халықтың денсаулығына тигізетін зардабын анықтау қажет.
Біз бүгін табиғат қорғауды мемлекеттік жүйе органдары арқылы жүргізудің жеткіліксіз екенін жақсы түсінеміз. Табиғат қорғауға еліміздің барлық тұрғындары бірлесе қатысуға тиісті. Табиғатты құрту оңай, ал қалпына келтіру қиын. Сондықтан әркім өз ауласында, өз көшесінде, әрбір ауыл мен қалада, біздің кең байтақ елімізде қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосу керек.
Бүкіл елдің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылым жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет.
Табиғат- біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет.
Сондықтан экологиялық күрес- өмір үшін күрестің негізі болып табылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз.
Экологиялық жағдай типтері қандай?
Тұрақты даму дегеніміз не?
Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін халықаралық бірлестіктер қандай?
Әдебиет:
Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
ДӘРІС № 8
