Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар

Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су - өмір нәрі» деп бекер айтылмайды. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік процесі жүрмейді. Жер бетінің 77,5 % су алып жатыр. Су қорларына - өзен- көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, мұзды және қарлы аймақтағы су, атмосфералық ылғал кіреді. Жер шарының сулы қабатын, яғни өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, тоған, су қоймалары және шалшықты-батпақты жерлер жиынын – гидросфера деп атайды.

Су – түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, айқын капиллярлық қасиеті бар. Суды, негізінен тіршілік иелері – адамзат, жан-жануар, микроорганизмдер және өсімдіктер дүниесі пайдаланады. Су, тірі организмдердің дене кұрамына кіріп, ондағы зат және энергия алмасуына қатысады. Денедегі су мөлшері 10-12 % кемісе, адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-қолы дірілдеп жалпы жағдайы нашарлай бастайды. 20-25 % кемісе өмір сүруі тоқтайды. Бір адам жылына 50 тонна суды пайдаланатын көрінеді.

Судың жылуды аз жоғалтып, көп жинайтын қасиеттеріне байланысты, жылу тарту жүйелерінде ол кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында да, су көп мөлшерде қолданылады. Көптеген өндірістік процестерде – кептіру, жылыту, энергия алу, жүк тасу, коммуналдық – шаруашылық т.б. қажеттіліктер үшін су таптырмайтын ресурс көзі.

Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.

Басқа заттармен салыстырғанда судың өте көп аномалиялық (ауытқулық) қасиеттері бар.

  1. 00С ден 40С дейін қыздырғанда судың көлемі көбеймейді, керісінше азаяды.

  2. Басқа деңгейлердей емес, су көлемі қатқанда сығылысудың орнына үлкейіп, оның тығыздығы төмендейді.

  3. Қысым көтерілгенде судың қату температурасы көтерілмейді, ол төмендейді.

  4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.

  5. Булану кезінде жылу сіңіріледі, ал будан конденсациялану мен қату кезінде керісінше жылу бөлінеді.

Су табиғатта үш агрегатты күйде: сұйық, қатты және газ тәрізді түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады.

Мыңдаған жылдар бойы тарихында адам баласы тұщы судан тапшылық көрмей, өзінің тұрмыс қажеттерін толық қанағаттандырып келді. Алайда «судың да сұрауы бар» емес пе? Адам баласының мәдениеті мен техниканың, өндіріс құралдарының жетілуі, осы арқылы халық санының артуы суға өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Адам баласының суға деген қажеттілігі арта түсті. Бұл қажеттіліктің артқаны сондай, өндірістер шоғырланған және халық тығыз орналасқан жерлерде су тапшылығы анық байқалып отыр. Ғалымдардың есебі бойынша жер шарындағы барлық суды адам баласына бөлетін болса, әр адамға 3800 миллиард литрден су келеді екен. Алайда, сонша көп судың екі пайызға жетер-жетпес бөлігі ғана ішуге жарайтын тұщы су. Судың жетіспеуі осыдан шығып отыр. Сондықтан, қазіргі адам баласының назары теңіздің ащы суларын тұщыландыру мәселесіне ауып отыр.

Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5% құрайды, немесе 35 млн.км3. Бұл сулардың орташа тұздылығы 1г/л аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м.3. Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктида мұздарында – 97% Антарктидада мұздың ең қалың 4,78 км теңіз қабаты және дүние жүзі бойынша ең таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген. Оның мөлдірлігі тазартылған судыкіндей. Жер шарындағы барлық өзендер 650-700 жыл ішінде қанша су берсе, тау мұздарында да сонша су бар. Адамзаттың өз тіршілігіне пайдалана алатын судың мөлшері тек 3% (өзен, көл және су қоймаларының сулары), су көздерінің басым көпшілігін пайдалану өте қиынға түседі.

Жер жүзі бойынша мыңға жуық тұщыландыру қондырғылары бар. Олар тәулігіне 1,5 млн. текше метр су тұщылайды. Бұл әрине аз. Оған қоса тұщыланған суды қажетті мөлшерге дейін минералдандыру өте қымбатқа түседі. Сондықтан бұл әдіс жақын араның ішінде қажетті мөлшерде тұщы су береді деп айту қиын. Дегенмен техникасы жетілген жағдайда болашақта адамдарды сумен қамтамасыз етуде белгілі орын алуы тиіс.

Суды көбейтудің тағы бір жолы – мәңгілік суды еріту. Мұның әдісі көп. Мысалы полярлық мұздарды сол жерде ерітіп қажетті жерге тасу. Бұл өте қымбатқа түседі және еңбекті көп қажет етеді. Тау мұздарын ерітіп және қайтадан қолдан қар жауғызу арқылы қажет кезінде су алып тұруға болады. Мұздан су алудың көптеген әдістерінің ішіндегі тиімдісі – мұзтауларды еріту болып табылады. Оның саны өте көп. Н.Н.Горскийдің деректері бойынша совет зерттеушілері Антарктидадан ғана 4165 текше км су беретін 31000 мұзтау тапқан. Оларды Африка және Солтүстік Америкаға және тағы басқа жерлерге жеткізудің жобалары да бар. Мұзтауларды ауыз су ретінде пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оның тасып әкелген жердің ауа райына ықпалы есептелді. Бұл әдіс адам баласын су тапшылығынан құтқара алады, бірақ жақын арада іске аса қоятын шаруа емес.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері қандай?

  2. Табиғатты пайдалану дегеніміз не?

  3. Табиғатты тиімді пайдалану дегенімз қандай?

  4. Табиғатты тиімді пайдаланудың мотивтері қандай?

  5. Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-саяси аспектілері қандай мәселермен айналысады?

  6. Адамның биосфераға әсері қандай?

  7. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жіктелуін көрсетіңіз.

  8. ҚР қорықтарын сипаттаңыз.

  9. ҚР ұлттық саябақтарын атаңыз.

  10. ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерді атаңыз.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Табиғатты қорғау. Е.Мамбетқазиев. Алматы, 1990ж.

  2. Табиғатты қорғау және көркейту. Н.Н.Родзевич. Алматы, 1980ж.

  3. Охрана природы. А.И.Воронцев, Н.З.Харитонова. Москва, 1977г.

  4. Экология Казахстана. Байтулин И.О. Алматы, 2003ж

ДӘРІС 14