Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тақырып: Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері

Жоспары:

1. Қоршаған ортаның ластануы.

2. Атмосфералық ауаның ластануы және атмосфералық ауаны қорғаудың өзекті мәселелері.

3. «Жылу эффектісі»;

4. «Озон тесігі»;

5. «Қышқылдық жаңбырлар»

Дәріс мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі негізгі ғаламдық экологиялық мәселелермен таныстыру, сондай-ақ ҚР негізгі өзекті экологиялық мәселерімен таныстыру.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

1. Қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын,санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз.Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес,зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

  • шығу тегі бойынша:

табиғи және жасанды (антропогенді);

  • пайда болу көзіне байланысты:

а)өндірістік,ауыл шаруашылық,транспорттық және т.б;

ә)нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры),объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы,бүкіл экожүйе),трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

  • әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық,аймақтық,жергілікті;

  • қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера,топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит,тұщы су,жер асты сулары,өзен сулары және т.б.);

  • әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы,ауыл шаруашылық ортасы,өнеркәсіп орындарының ішінде,пәтер ішінде және т.б;

  • әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер),физикалық (радиоактивті,радиациялық жылулық,шу, электромагниттік),физико-химиялық (аэрозолдер),биологиялық (микробиологиялық және т.б);

  • әсер етудің периодтылығына байланысты (өнеркәсіп орындарының қалдықтары),екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);

  • тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот,оттегі,аргон және басқа инертті газдар),тұрақты -5-25 жыл (көмірқышықыл газы,метан,фреондар),тұрақсыз (су буы,көміртегі тотығы,күкіртті газ,күкіртсутек,азоттың қостотығы,озон қабатындағы фреон).

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары.Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.Мысалы,көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін кқлеміне және ұзақ сақталу уақытына,олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы қамтамвсыз етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады,ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс,шлактар және т.б.).

Адам қызметінің көңіл аударалық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес,тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн органикалық қосылыстар бар.Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады.Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Табиғат ресуртарын пайдалану жылулық ластанумен,яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулықбалансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі,топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді.Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді.Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 С-ға артады.Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдырыс жаңдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.