Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тақырыбы: Су және топырақ ластану мәселелері

Жоспар:

1. Әлемдік су қорлары. Дүниежүзілік су әлемінің ластануы.

2. Тұщы судың жетіспеу проблемалары.

3. Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері.

4. Шөлдену мәселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.

Дәріс мақсаты: Студенттерді су қорлары мәселеесімен таныстыру, су ластану көздерін сипаттау және оны тазарту және қорғау жолдарын көрсетіңіз. Студенттерді литосфераның экологиялық мәселелерімен таныстыру, оның ластану көздерін көрсету және осы мәселелерді шешу жолдарын анықтау.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

1. Әлемдік су қорлары.

Судың жердегі әлемдік қоры өте көп. Ол 1353985 мың км3. Жердің 2/3 бөлігін Әлемдік мұхиттар алып жатады.

Әлемдік су қорлары100%

теңіз (тұзды) су 97,5 %

тұщы су 2,5 %

96,5 % Әлемдік мұхит

1,74% мұздықтар

Әлемдік су балансы - Жердегі жауатын жаңбыр буланумен теңесіп отырады. Осы 2 шама жылына 577 мың км3 тең. Бұл жағдайда мұхиттағы булану жаңбырдан жылына 47 мың км3 артады. Құрлықта бұл заңдылық керісінше-булану жаңбырдан 47 мың км3кемиді. Бұл ылғалдылыққа өзен ағысымен құйылады.

Қазіргі уақытта әлемдік су балансы мұхитқа қарай бағытталған. Мұхит буланудан гөрі, суды көп алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріледі. (75% осындай қосымша ылғалды мұздықтардың еруі нәтижесінде алады, 18 %-жер асты су қорларын пайдалану есебінен және 7%-өзендер береді).

Құрлықтағы буланудың жеткіліксіздігі экожүйенің су айналымының реттеу қасиетін жоғалтуы. Экожүйедегі суреттеу факторларына топырақ пен өсімдік жамылғысы жатады.

Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы, ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен, топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.

Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған тұщы су көздері жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы түсінік те алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың олиготрофтылығынан, өздігінен тазару қабілетінің әлсіз болуы мен төмен температурасымен теңеседі. Осы уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан. Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүнежүзілік қоқыс төгетін жер еместігіне көзін жеткізіп отыр.

Атақты француздың мұхит зерттеушісі Жак Кусто: «Егер мұхитты уландыру тоқталмаса, оның тіршілігі жойылуы мүмкін» - деген қауіп айтады. Қазір кең таралып отырған, қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен мұнай өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.

Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақытты қажет етеді.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шаруашылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттар мен азоттың әртүрлі қосылыстарымен биологиялық байланысы.

Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

2. Тұщы судың жетіспеу проблемалары.

Тұщы судың негізгі бөлігі 70% полярлы мұздарда, мәңгі мұздықтарда, таудың шыңдарында қатып жатыр. Тек 30 % құрлықтағы суды өзен мен көлдер құрайды.

Тұщы суды пайдаланудың экологиялық негіздемесі деп жүйелерден алынған судың көлемі, судың қоры және сапасы бойынша негізгі қасиеттерін сақтауын айтады. Осыған байланысты су қорларының жаңару жылдамдығын ескеру керек. Ол өзен суы үшін 12-16 тәулік, көл сулары 17 жылдан кейін жаңарады, ал жер асты сулары 1400 жылда жаңарады.

Адамзат үшін судың жетіспеуі емес таза тұщы судың жетіспеушілігі төніп тұр.

Тұщы судың жетіспеу проблемасы келесідей себептерге байланысты:

    1. Планетада халық санының тез өсуі мен су қорларын өте көп пайдаланатын іс әрекет салаларының дамуына байланысты суға деген қажеттіліктің көбеюі.

    2. Су таситын өзендердің қысқаруы салдарынан тұщы судың жағалауы.

    3. Өндірістік су қоймаларының және тұрмыстық құбырларының су ластануы.

Қазіргі кезде адам тұщы судың табиғи қорынан 0,12-0,15% суды пайдаланады. Ең ірі су тұтынушыға ауыл шаруашылығы жатады.

Ауыз су және шаруашылық мақсат үшін судың сапасын жақсартудың негізгі әдістеріне-ағарту, түссіздендіру және залалсыздандыру жатады. Суды ағарту дегеніміз суда қалқып жүрген заттардан тазарту. (Тұндыру, сүзу).

Суды түссіздендіру-судағы түрлі-түсті боялған коллоидты немесе ертілген заттарынан түссіздендіру. Ол үшін әртүрлі тотықтырғыштарды пайдаланып, суды коагумециялайды (Хлор, калий перманганаты, озон), сорбенттер (активтенген көмір).

Суды залалсыздандыру-судағы ауру туғызатын вирустармен бактерияларды жою үшін жүргізеді. Ол үшін хлорлау, бактериялдық сәулелендіру, озондандыруды қолданады.

Қажетті технологиялық процестермен құрылымдардың үйлесімділігі су сапасының жақсартудың технологиялық схемасын құрайды.

Практикада су дайындаудың технологиялық схемасы реагентті және реагентсіз деп бөлінеді, мұндай схема ауыз суды, тұрмыстық және өндіріске қажетті суларды дайындауда қолданылады.

Құбыр сулары механикалық, физико-химиялық, биологиялық және т. б. әдістерімен тазартылады.

Ауылшаруашылығында мал комплекстерінін құбыр суларын тазалау үлкен проблема болып табылады және олардың жер алқаптарын суару.