- •Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
- •Бейсенова р.Р.
- •Экология және тұрақты даму пәнінен лекциялар жинағы
- •Астана - 2010
- •Мазмұны:
- •Тақырып: Экология ғылымының анықтамасы, оның қалыптасуы және дамуы
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді экологияның даму тарихымен таныстыру, ғылымның қысқаша сипаттамасын беру, эколгогия пәнімен, оның міндеттерімен, мазмұнымен және негізгі әдістерімен таныстыру.
- •2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
- •3. Экология бөлімдері.
- •5. Тұрақты даму туралы түсінік.
- •Тақырып: Организм және қоршаған орта
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді тіршіліктің пайда болу теорияларымен және негізгі тіршілік орталарымен таныстыру.
- •2. Биосфера эволюциясы.
- •Ә) Құрлық – ауа тіршілік ортасы.
- •Б)Топырақ тіршілік ортасы.
- •В)Тірі ағза тіршілік ортасы
- •4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
- •Тақырып: Аутэкология
- •2. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары.
- •3. Ортаның негізгі факторларының ағзалар тіршілігіне тигізетін әсері.
- •Биотикалық факторларға адаптация.
- •Гүлдер мен өсімдіктер.
- •Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
- •4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфордтың толеранттық заңы.
- •Тақырып: Демэкология-популяциялық экология
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру.
- •2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •3. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •4. Ағзалар арасындағы қатынастар:
- •Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы
- •Экожүйенің жіктелуі
- •3. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.
- •4. Экологиялық пирамида және оның типтері.
- •5. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.
- •Тақырып: Биосфера туралы в. И. Вернадскийдің ілімі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді биосфера түсінігімен, биосфера жайлы іліммен, биосфера компоненттерімен таныстыру.
- •2. Биосфераның негізгі қасиеттері.
- •3. «Тірі заттар»-биосфераның негізі.
- •4. Зат айналымы және олардың антропогендік іс-әрекеттер нәтижесінде бұзылуы.
- •Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы Жоспар:
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Киото хаттамасы
- •Еқтт-ның (Ерекше Қорғалатын Табиғи Территория) жалпы
- •Қоршаған орта және әлем қауымдастығы. Шекоа (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия)
- •Орталық Азия аймағында экологияны сауықтырудың басты бағыттары
- •Тақырып: Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану – тұрақты дамудың бір аспектісі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді табиғат, табиғи орта, табиғи қорлар түсініктерімен таныстыру. Табиғи қорлардың жіктелуін көрсету және ластаушы заттар жіктелуімен таныстыру.
- •2. Қазақстанның қазба байлықтары
- •3. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
- •4. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
- •5. Табиғатты қорғаудың аспектілері
- •6. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •Тақырып: Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
- •2. Атмосфералық ауаның ластануы
- •3. «Жылу эффектісі»
- •4. «Озон тесігі»
- •5. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырыбы: Су және топырақ ластану мәселелері
- •3. Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері.
- •4. Шөлдену мәселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.
- •Тақырып: Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелер және тұрақты даму
- •2. Қазіргі Аралдың ахуалы және Арал маңындағы әлеуметтік- экологиялық мәселелер.
- •3. Қала экологиясы.
- •Тақырыбы: Энергетикалық кризис және оны шешу жолдары Жоспар:
- •Энергетикалық ресурстартардың топтастырылуы
- •Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •2. Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
- •4. Атмосфералық ауаны қорғау.
- •5. Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар
- •Тақырыбы: Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму
- •2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
- •5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
- •6. Судың ластану мәселесі.
- •Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар
- •2. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
- •3. Әуе бассейнiнiң ластануы
- •4. Радиоактивтi ластану
- •5. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
- •6. Экологиялық мониторинг.
- •7. Табиғатты қорғау шараларын қолдану
Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар
Жоспар:
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
Әуе бассейнiнiң ластануы
Радиоактивтi ластану
Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Экологиялық мониторинг
Табиғатты қорғау шараларын қолдану
1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
Қазіргі кезде адаммен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарының халық санының жедел өсуімен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтеді. Әсіресе 20 ғасырдың ортасынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы иелеріне бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көз қарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан- табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сікінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Екіншіден бұл жылдары дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті (1.200 млн), яғни халықтың екі есе көбеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал бұл содан соң 100 жылдықта екі есе көбейген. Ендігі кезекте екі есе өсу үшін не-бәрі 40-ақ жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыртын үақыттың мерзімінен жаңылды. Табиғатың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны артты. 20 ғасырдың басында жалпы халықтың 10% ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50%-ке жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқы 54%-ке жетті. Осынша көп адамның оның экологиялық жағдайларын (келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негізінде, бұл салада – қазір орын алып отырған қателікке жол берілмес еді. Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлықта соншалықты мол, әрі алуын-түрлі. Ұлан байтақ өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. Жер бедері бірде тайгага ұқсаса, бірде шөлге ауысады . Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға кезігесің. Аспанмен таласқан асқар таулар көз тартады.
Республиканың солтүстігінен басталынатын шексіз, шексіз дала Орталық Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстік пен қңтүстік шығысқа қарай Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларының сілемелеріне, Жоңғарлар Алатауы мен Тянь-Шаньға иек артады . Республика аумағын төрт аймаққа-орманды дала, дала шөлейтжәне шөл –бөлуге болады.
Біздің «Табиғат» экологиялық одағының құрылғанына 15 жыл болды. Бұл еліміздің ең алғашқы «Жасылдардың» бірі. Осы жылда еліміздің табиғатын қорғауда қыруар іс тындырдық.Ең алдымен біз Сорбұлақ кем дегенде 50 мың адамның өмірін қиып кетуі әбден мүмкін. Балқаш, Күрті аудандардағы түгелдей дерлік Алматыдан келетін қалдық судың астына қалады.Біздің ұсынысымыз апаттың алдын алу үшін Сорбұлақтан шығатын канал салу.Әйтпесе күндердің-күнінде күдігіміз шындыққа айналып. Канал салуға шамамен 20-30 миллион доллар қажет.
Қазақстанда Балқаштан басқа Арал, Семей полигоны, Каспий сияқты экологиялық апат аймақтары бар. Тіпті ең әсем жерлеріміз Бурабай мен көкшетаудың өзі де құрып бара жатыр. Бұл туралы мәселе көтеріп жатыр. Семей Павлодар аймақтарындағы керемет ормандар қурап барады. Ол ормандардың тарихы сонау мұз дәуірі кезінен басталад. Сол жердің тұрғындарыағаштарды қырқып алу үшін ормандарды әдейі өртейді екен. Үш облыстың прокуратурасында айтқанымыздан кейін бұл мәселе біршама қолға алынды.
Егемендік алған соң біз: «Қазақстанның әрбір тұрғыны Наурыз кезінде бір-бір ағаш отырғызуымыз керек»- деп бастама көтердік.Және өзіміз де жыл сайын акция өткізіп жүрміз. Қалай болғанда да бастамамыз елдің құлағына жылы шалынып жұрт Наурыз сайын ағаш отырғыза бастады. Қазақстанда «Жасыл-Ел» деген бағдарлама қабылданды.
Сондай-ақ бізде Каспийге тамған мұнайдың, балық аулаумен заңсыз айналысып жүрген адамдардың кесірінен бекерге балық азайып жатыр.Тіпті балықтарды есейіп уылдырық шашуға жеткізбей өлтіріп жатыр.Мысалы, белуга (бекіре балықтың бір түрі) деген балық 18 жасында ғана уылдырық береді. Біз оған жеткізбей қырып-жойып жатырмыз. Қайбір жылдары бекіренің тұқымын Балқашқа әкеліп, сонда өсіру туралы дабыл қабылдады. Біз осы мәселені қолға алып, тәжірибе жасап көрдік. 4-5 жылдан бері бекіре балықты өзіміз шағын су қоймасында өсіріп жатырмыз. Мұны өкімет адамдары қолдап, оны ары қарай дамытуға ұмтылып отыр. Балық шаруашылығы комитеті ашылды. Фермерлер де осы балықты өсіруге қызушылық таныта бастады. Жалпы бекіре өте сапалы балық болып табылады.
Табиғат байлығы шексіз емес. Осыны қазіргі адамдар түсінбейді. Мысалы, енді бір 20-30 жылдан кейін біздің жер асты байлықарымыздың- мұнайымыздың да, көміріміз бен теміріміздің де шеті көрініп қалды. Сол кезде біздің балаларымыз көп қиындыққа ұшырайды. Осыны бәріміз қазірден бастап ойлауымыз керек. Жерасты байлығынкейінгі ұрпақтарға қалдырмай, шет елге сыпыра сатып жатырмыз. Бұл -дұрыс емес. Мүмкіндігінше мұнайды да басқа қазба байлықтарды да сақтауымыз қажет. Мұнай дегеніміз тек қана жанармай емес, ол нағыз химия. Одан түрлі нәрсе жасап шығаруға болады. Қазір әлемге халықаралық терроризм күшті қауіп тудырып отыр. Күзетті қанша күшейткенмен де станса ғимараттарының қауіпсіздігін 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Бір бұрышында болмашы ғана жарылыс болса, АЭС өзінен-өзі жарылып кетуі де мүмкін. Бізде АЭС-тан басқа да энергия бере алатын балама қуат көздері жеткілікті. Олар-жел,күннің сәулесі және тағысын тағы. Осы энергия көздерін пайдалануға, дамытуға қаржы бөлінсе, оларды іске асыру қиындық тудырмайды. Бізде жел жиі соғып тұрады ғой. Мысалы Жоңғар қақпасында жел бір толастамайды. Сол желдің бір-ақ пайызы қуаты бүкіл Қазақстанды энергиямен қамтамасыз ете алады. еліміздің басқа да өңірлерінде жел жетерлік. Жерді бекерден бекер құрғатып жатқан күннің сәулесін пайдалануға болады. Қауіпсіз энергия көздерін игерудің өзі оңай жұмыс емес.Бәрібңр ертең мұнай біткен кезде, осыларды пайдалануға тура келеді.
Айта берсек біздің еліміздегі экологиялық проблемалар шаш етектен. Әрине оның бәрін шешу керек-ақ. Қазіргі біздің алдымызда тұрған басты мақсатымыз- Балқаш, Сорбұлақ секілді ірі мәселерді шешу болып табылады. Мұның екеуі де кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселе.
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан террториясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай – 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан 5 есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бібін алмастырады: орманды дала (6%), дала(28%), шөлейт (18%),шөлді (40%). Қазақстанняң Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау және Маңғыстау обылыстары жатады . Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5% - ынан кем бөлігін құрайды.Ал ұлттық өнімнің шамамен 16% - ын құрайды . Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры – 3 – 3,5 млрд. Тонна және газдың – 2-2,3м Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95 %-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүгізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деграциясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйеларге әсер етіп , шөлдену процестерінің жүруне, биокөптүрліліктің жойылуна әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары . Канцерогенді көмірсутектердің концентрациясың жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2 – 4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш .
Мұнай өндірілетін жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына , өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен , парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.
В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған . Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы , урбанизацияланған территориялардағы атмосфералық ауаның ластануы , ормандардың деграциясы, ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс обылыстар – Шығыс Қазақстан , Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау – кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп ,мұнай өңдеу , азық – түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін ( 4 млн.ға) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресустарының 50% -ын құрайды.Ресустардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан обылысына кіреді.
Ертіс - Нұра – Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресустары – неғізгі су көзі.
Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселер аймағында жатыр.Шығыс Қазақстан обылысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамассыз етеді және ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық су беруді жоспарлау , Қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін .
Тек бір Шығыс Қазақстан обылысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған .Су түбінде ластану мөлшері 200 мг/кг құраған.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуіқаупі төндіруде.
Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен , фенолдармен , формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.
Семей ядролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып , 300 мың га территорияда радиоактивті жауын – шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліктің кемуіне әкеліп соқтырды.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. Доллар, ауаның ластануы – 266 млн. Доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
С аймағына – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамассыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық меселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ешкерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда обылыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал және Алакөл – Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт континенталды шөл аймағында жатыр.
Ауыл шаруашылығының ұлттық өнімдегі үлесі 12% . 1990 жылы мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімнің 61% - ын құраса, ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 38 % - ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 млн га жерді алып жатыр . Бірақ оның көлемі тұздану мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен , ластанумен байланысты. 1990 – 1996 жылдар аралығында 10 млн га – дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып , 17 млн га егістік жерлер өндірістен шығарылады.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі . Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50 – 70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапссының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану , Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін . Қазірсу ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда . Халықтың ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2 – 3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15,3 – ке кеміген . Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп – суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай және қорытындылай келе ұлттық деңгейде ең алдымен шешуші талап ететін маңызды экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
су ресурстарының тапшылығы;
жайылымдар менн егіс танаптарының иазуы;
урбанизацияланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы;
мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы;
қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
ормандар мен ерекше қорғауға алынған территориялардың жетіспеуі;
су қорларының шайынды сулармен ластануы;
радиациялық ластануы.
