- •Молотов-Лучанский в.Б., Мациевская л.Л., Цаюкова н.А. Коммуникативті дағдылар
- •1 Бөлім. Коммуникативті үрдіс. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі .
- •2 Бөлім. Тиімді қатынасу әдістері.Қатынасу құралдары
- •2.2 Қатынасудың вербальді және вербальді емес әдістерін қолдану
- •3 Бөлім. Медициналық сұхбаттасуды жоспарлау және жүргізу
- •Дәрігердің конгруэтнті, тиімді мінез-құлқы.
- •4. Бөлім. Науқастың сырқатқа қатысты психологиялық типтері. Дәрігер мен науқастың тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін бөгттер
- •4.2 Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттер
- •5 Бөлім. Мінез-құлқында ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу. Дәрігердің асоциальді тұлғалармен жұмысы
- •5.5 Житс-пен зардап шегетін науқастармен қатынасу. Дәрігер мен науқас арасындағы қатынасу мәселелері: мотивтері, қатынасы және бұйымдары
- •Науқастардың жиі аив/житс жөнінде қоятын сұрақтары
- •6 Бөлім. Дәрігер және қиын науқас. Психикалық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
- •6.3 Есте сақтаудың, естудің, көрудің және сөйлеудің бұзылыстары бар науқастармен қатынасу. Естің спецификалық және спецификалық емес бұзылыстары
- •6.4 Дәрігер тұлағсы. Мамандардың тұлғаарлық қатынасы. Тұлғалық сұрақнамалар және стандартты анализдеудің шкальді әдістері
- •Үйірлік нмесе қатынасу деңгейінің бағалануы
- •Қатынасуда өзіндік бақылауды бағалайтын тест
- •7 Бөлім. Фармациядағы және стоматологиядағы коммуникативті дағдылар
- •7.1 Фармацияда науқастармен қатынасу
- •7.2. Стоматолог маманының науқасы. Дәрігер мен науқастың қатынасу ерекшеліктері.
- •8 Бөлім. Мамандықтың кейбір этикалық мәселелері
- •8.1 Дәрігер тұлғасы және оның психологиялық сипаттамлары. Дәрігердің кәсіптік сапасына әсер ететін сипаттық ерекшеліктері
- •8.2 Этические нормы и аспекты общения с пациентом в чрезвычайных ситуациях
- •8.3 Этические аспекты работы врача с умирающим больным, с его родственниками. Дискуссии об эвтаназии.
Қатынасуда өзіндік бақылауды бағалайтын тест
Тестіні американың психологы М. Снайдер ойлап тапқан. Кейбір жағдайларға жауап ретінде суреттелетін он құрмаласты мұқият оқып шығыңыздар. Әр қайсысын өзіңізге сәйкестіріп дұрыс немесе дұрыс емес деп бағалауыңыз қажет.
1 Басқа адамдардың әдеттеріне еліктеу мен үшін қиын өнер тәрізді.
2 Мен қоршаған ортаның көңілін өзіме аудару үшін ақымақ көріне алар едім.
3 Менен жақсы актер шығар еді.
4 Басқа адамдарға мен бір нәрсені терең уайымдайтын сияқтымын.
5 Топ ішінде мен сирек зейіннің орталағанда боламын.
6 Әр-түрлі адамдармен түрлі жағдайларда мен қатынасты әр қилы жүргіземін.
7 Мен өзімнің шынайы көзімнің жеткен көз-қарасымды қорғай аламын.
8 Адамдармен қатынасуда және істе менен не күтілсе соны орындауға тырысамын.
9 Мен ұнатпайтын адамдарыммен достық қатынаста болуға тырысамын.
10 Мен үнемі сіз ойлаған тәрізді емеспін.
Снайдер бойынша, жоғарға коммуникативті бақылаудағы адамдар үнемі өзін бақылап, қай жерде өзін қалай ұстау керектігін жақсы біледі, өзінің эмоциясын басқара алады.Олар болжамсыз жағдайды ұнатпайды. Ұстанған позициялары: «Дәл осы сәтте қандай болсам, мен үнемі осындаймын».
Санау нәтижелері
«Дұрыс емес» сұрағына бір ұпайдан, «дұрыс» жауабына 1, 5 және 7 ұпайдан саналады.
Ұпай сандарын санаңыз. Егерде Сіз шынайы жауап берсеңіз, онда келесіні оқуға болады.
0 – 3 ұпай – Сізде төменгі коммуникативті бақылау. Мінез-құлқыңыз тұрақты және Сіз жағдайға байланысты өзгеруді қажет деп таппайсыз. Қатынасуда шынайы ашылуға қабілеттісіз. Кейбіреулері Сізбен қатынасуды қолайсыз деп ойлайды.
4 – 6 ұпай – Сізде орташа коммуникативті бақылау, сіз шынайысыз, бірақ өз эмоциональді белгілеріңізде ұстамсызсыз.
7 – 10 ұпай – Сізде жоғарғы коммуникативті бақылау. Сіз кез-келген жұмысқа еркін кіре аласыз жағдайдың өзгеруіне ыңғайлануға бейімсіз.
Коммуникативті икемділікті бағалау тестсі
«Коммуникативті икемділік немесе ептілік» түсінігі тек әңгімелесушіні ғана бағалау емес, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау және достық атмосфераны орнату, мәселені түсіну. Осы қасиеттерді тексеру үшін келесі тестіні ұсынамыз.
I НҰСҚАУ
Кез-келген, яғни досыңыз, бастығыңыз, жетекшіңіз немесе бейтаныс адаммен әңгімелесу кезінде Сізде қанағатсыздануды, ренішті және тітіркендіруді тудыратын жағдайларды көрсетіңіз.
Жағдай түрлері
1 Менің сөйлеуіме әңгімелесушім маған мүмкіндік бермейді, бірақ менің айтарым бар.
2 Әңгімелесу барысында мені қарсыласым үнемі үзе береді.
3 Әңгіме барысында әңгімелесушім менің бетіме ешқашан қарамайды, оның мені тыңдап отырғанына сенімсізбін.
4 Мұндай серіктеспен әңгімелесу уақытты бос өткізу сезімін тудырады.
5 Әңгімелесушім үнемі абыржып, менің сөздерімнің орнына қарандаш пен қағазға көңіл бөледі.
6 Әңгімелесушім ешқашан күлімсіремейді. Менде қанағатсыздық пен үрей сезімі туады.
7 Әңгімелесушім мені сұрақтарымен және түсініктерімен алаңдатады.
8 Мен не айтсамда әңгімелесушім менің екпінімді тез басады.
9 Әңгімелесушім мені теріске шығаруға тырысады.
10 Әңгімелесушім менің сөздерімнің мағынасын теріске шығарады.
11 Мен сұрақ қойғанда әңгімелесушім мені қорғануға күштейді.
12 Кейде әңгімелесушім естімеген кейіп танытып меніен қайтадан сұрайды.
13 Әңгімелесушім мені соңына дейін тыңдамай, келісім беру үшін әңгімені үзеді.
14 Әңгіме кезінде қарсыласым бөтен нәрсемен шұғылданады: шылыммен ойнайды, шыныны сүртеді және т.б., мен оның ықылассыз екендігіне толық сенімдімін.
15 Әңгімелесушім мен үшін қортынды шығарады.
16 Әңгімелесушім менің сөзіме сөзін қыстыруға тырысады.
17 Әңгімелесушім кірпік қақпай маған зейінмен қарайды.
18 Әңгімелесушім маған бағалағандай қарайды. Бұл мені толғандырады.
19 Мен бір нәрсені ұсынсам, әңгімелесушімде солай ойлағандығы жайында айтады.
20 Әңгімелесушім әңгіме кезінде тым жиі басын изеп, күрсініп, қоштағанын көрсетеді.
21 Мен ойынсыз сөйлегенде, әңгімелесушім әзіл, анекдоттарды және қызықты жағдайларды айтып қыстырылсады.
22 Әңгіме кезінде әңгімелесушім сағатына жиі қарайды.
23 Мен бөлмеге кірген кезде ол барлық жұмысын тастап, маған зейін салады.
24 Мен әңгімелесушіме кедергі жасағандай кейіп танытады.
25 Әңгімелесушім өзімен барлығы келіскедігін талап етеді. Кез-келген сөзге: «Сіз келіспейсіз ба?» деген сұрақпен аяқтайды.
Нәтижелерді қортындылау
70 – 100 % – әзірге Сіз нашар әңгімелесушісіз. Сіз өзіңізбен жұмыс істеңіз және тыңдап үйреніңіз.
40 – 70 % – Сізге кейбір кемшіліктер тән. Айтылғанға сын көзбен қарайсыз. Тез шешім қабылдаудан аулақ болыңыз, сөйлеу мәнеріне көңіліңізді көп қадамаңыз.
10 – 40 % – Сіз жақсы әңгімелесушісіз.Оған өз ойын толық айтуға мүмкіндік беріңіз.
0 – 10 % – Сіз тамаша серіктессіз.Тыңдай білесіз. Қоршаған ортаға Сіздің қатынасу стильіңіз ғибрат бола алады.
