Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч_пособие_КН_2 вариант.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5.5 Житс-пен зардап шегетін науқастармен қатынасу. Дәрігер мен науқас арасындағы қатынасу мәселелері: мотивтері, қатынасы және бұйымдары

АИВ/ЖИТС сұрақтарымен кеңес беру дәрігерлердің негізгі кәсіптік міндеттеріне жатады. Медицина қызметкерлерінің айтуынша науқастардың АИВ/ЖИТС сұрақтарымен қажеттіліктерінің аздығын көрсетеді.

Дәрігер мен науқас арасындағы қатынастың мотивтері және бұйымдары

Науқастардың АИВ/ЖИТС сұрақтарына байланысты қызығушылықтарының факторлары.

АДАМДАР ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ: АИВ/ЖИТС-на күмәндәрі бар "қауіпті топ" өкілдеріне – наркомандар, бейберекетті жыныстық қатынаспен өмір сүретін адамдар және таныстарының, туыстарының және достарының арасында АИВ жұқтырған адамдар топтары жатады. Тек кейбір адамдар ғана АИВ/ЖИТС жайындағы сұрақтарға деген өз қызығушылықтарының себебін түсіндіре алады. Бұл адамдардың үлкен бөлігі қызығушылық себептерін талқыға салғылары келмейтіндігін байқатады.

ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН КӨРСЕТКІШТЕР: мұндай адамдар АИВ/ЖИТС-ның негізгі симптомдары, клиникалық көріністері және зерттеу мүмкіндіктері жайында мамандандырылған кеңес қызықтыратындығын айтады.

АДАМДАР ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ: кейбір адамдар АИВ/ЖИТС-ын жоспарлы түрде зерттеуге бағыттама алғандықтарынан кейін, ол жайындағы мамандандырылған кеңесті алғылары келетінін айтады, мысалы: хирургиялық операция алдында немесе сырқаттың ұзақ ағымда жүруіне байланысты

АДАМДАР ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ: Хирургиялық операция алдында. Бұл топтағы науқастар өз сұрақтарын хирургтарға және мейірбикелерге бағыттайды.

ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН КӨРСЕТКІШТЕР: бұл топтағы адамдардың қызығушылық көрсеткіші болып, нақты медициналық мекемеде АИВ-пен инфицирлену қаупінің бағалануымен тұжырымдалады.

АИВ/ЖИТС жайындағы кәсіптік медициналық ақпаратқа ерекше мұқтаж - бұл жасөспірімдер, оларға АИВ-тің жұғу жолдары жайындағы ақпараттар жетіспейді. Сонымен қоса, жасөспірімдермен кәсіптік жұмыс істеудің дағдылары мен білімінің жетіспеушіліктері байқалып жатады: жасөспірімдермен қатынасудың психологиясы аймағында, дәрігер және мейірбикенің жасөспірімдермен арасындағы сенім атмосферасының жеткіліксіздігі. Әдетте жасөспірімдер АИВ/ЖИТС жайында әңгіме қозғағаннан қашқақтайды, себебі олар өздерінің сексуальді қатынасы жайында немесе наркотиктерге деген қатынасын әшкере болып қалатындығынан қорқады.

  • Дәрігерлердің жасөспірімдермен жұмыс істеу әдістерінің тиімділігі жөніндегі көз-қарастары әр-түрлі: индивидуальді немесе топтық жұмыс.

  • АИВ-пен инфицирленген науқастар АИВ/ЖИТС бойынша маманданбаған дәрігерлерге кеңеске сирек келеді. Қаралған жағдайда қойлатын сұрақтары аурудың табиғатына немесе диагностика және еміне қатысты болмай, осы дәрігердің компетенциясына кіретін мәселелер жайында болады, мысалы: гинеколог маманынан АИВ анасынан баласына берілетіндігі жөнінде сұрауы мүмкін. Мұндай науқастардың мінез-құлқын медицина қызметкерлері АИВ инфицирленген науқастардың құпиялануымен сипаттайды, мед.мамандарының пікірі бойынша бұл науқастарға «өздерінің АИВ-статусы жайында айтуға құлықтарының жоқтығы» тән, олар емді арнайы мамандандырылған медициналық орталықтардын алуына байланысты, басқа дәрігер мамандарына қажеттілікті сезінбейді. Мұндай науқастар АИВ/ЖИТС жөнінде жеткілікті хабардар болады. .

  • АИВ/ЖИТС зақымданған науқастардың туыстары ауру жөнінде ақпарат алу мақсатындағы көмекті өте сирек сұрайды.

  • АИВ/ЖИТС жөнінде кеңес алу үшін келетін науқастар жас адамдар болған (14-35 жас аралығында) төменгі білім деңгейіндегі науқастарға қарағанда жоғарғы білім деңгейіндегі науқастар АИВ/ЖИТС жөніндегі мамандармен кеңес алғанды жөн көреді.

  • АИВ/ЖИТС сұрақтарына қызығушылық себебі: ол өз денсаулығын қорғау және сақтану шараларын қолдану жөнінде емес, ал оның инфекцияны жұқтыру қаупі негізінде туындайды.

  • Көптеген мед.қызметкерлері, науқастың «қауіпті топқа» жатуына байланысты АИВ/ЖИТС мәселелеріне қызығушылық танытады дейді.