Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч_пособие_КН_2 вариант.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3 Бөлім. Медициналық сұхбаттасуды жоспарлау және жүргізу

Медициналық сұхбаттасу – клиникаға салыстырмалы жақында келген термин. Ол бұрын байланыстың әлеуметтік психологиясында қолданылды, одан кейін клиникалық психологияға ауысты. «Коммуникативті дағдылар» пәні шеңберінде ол дәрігердің науқаспен диалогы ретінде анықталады. Бұл термин дәрігердің науқаспен сұхбатты құрудағы жалпы тәсілдерінің оқытылуы жоспарында сәтті ұсынылады. Пропедевтикалық клиникада студенттер «науқастан сұрау» деп аталатын тарауды түбегейлі меңгереді. Бұл сұраудың құрылымына пациенттің шағымдарын нақтылауды, сырқат және өмір анамнездерін жинақтауды қосылады. Сұрау – науқасты тексерудегі ерекше жауапты бөлім болып табылады. Сондықтан да сұрау жүргізу барысында коммуникативті дағдыларды білу аса маңызды. Дәрігерлердің мамандығына, симпатиясына, құмарлықтарына тәуелсіз қолданатын тәсілі – ол өзін науқасқа көрсету.

Дәрігерге біріншіден өзін білу маңызды. Әр адамдның адамдармен қарым-қатынасында өзіндік стилі бар. Кім де кім өзінің қорларымен, шығармашылық мүмкіншіліктерімен және тұлғалық өсуімен ойланса, өзінің нәтижелілігін жоғарлатуға ұмтылады және ... өзінен бастайды.

Әрине, шығармашылық белгісіздікті ұлғайтып, үнемі тәуекелділікті қамтиды және көбісі шығармашылықты шектейді. Сабырлық формасында алынған ұтыс, төменгі нәтижеде тұрған толық емес өзін іске асыруда, ауыр шешімдерде, жоспарлардың бұзылуында ұтылысқа айналады. Сонымен бірге, біздің үнемі өзгерістегі дүниемізде шығармашылықтың болмауы тәуекелділік қана емес, және де қауіпті.

Сонымен, біздің негізгі қарсыластарымыз – біздің ішімізде. Ол кертартпалық, апперцепцияны ұстанушылық, өзінің күштеріне сенбеу және осының барлығының нәтижесі ретінде – жолдың соңындағы түңілу және дипрессия жатады.

Бұл жерде тұлғалық және кәсіптік даму – түңілу мен эмоциональды жадаулықтан өте жақсы құрал екенін ұмытпау керек. Біздің өмірлік тәжірибеміз көбіне бізге қарсы айналып отырады. Бір полюста толық үйлесімдікке, барлық бөлшектерді жіктеуге, қорғалған, қауіпсіз өмір бейнесіне ұмтылатын белсенді және мақсаткер адамдарды континуумға орналастыруға болады. Ал басқасында – шығармашылыққа ұмтылатын, тек негізгі шешімдерді іздейтін және барлық бөлшектерді талқыламайтындарды орналастыруға болады. Берілген континуумда әр түрлі жағдайда болатын мамандар сұхбатта өздерінің нәтижелілігін жоғарлатуға ұмтыла алады.

Бәрінен бұрын дәрігерге өзін, өзінің психикалық үрдістерінің және мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін жақсы білу керек. Психикалық үрдістердің бөлігінің өзіндік сигменттері болады. Олар еріктік реттеулерге бағынышты. Басқаларға тек тікелей ықпал жасауға болады.

Дербес: түйсік, ес, сана, ойлау, ерік, қиял. Дербес емес көңіл-күй, сезім және эмоция. Көбіне дербес емес өмірлік тонус, энергетикалық потенциал, симпатия және антипатия.

Сонымен, тонус және энергетикалық потенциал әлеуметтік тренинг нәтижесінде өз бетімен болуы мүмкін. Өз өмірінің уақыт жолында қозғалуға үйренуге, туылғаннан бастап өлгенге дейін, қажеттілігі барда сол жаста ұзақ уақыт өз бетімен болуға болады.

Өзінің білімін, өзіндік өмірлік тәжірибені мобилизациялай білу маңызды. Өйткені біз өзіміздің сезінуімізден гөрі көп білеміз. Өзінің психикалық үрдістерін тез мобилизациялау, еріксіз үрдістерге тікелей ықпал ету – психотерапевттің маңызды кәсіби дағдысы. Сондықтан да өзінің негізгі психологиялық сапаларын: интуицияны, эмпатияны, апперцепцияны, симпатияны, рефлексивтілікті зерттеу керек.

Интуиция (сезгіштік) — логикалық негіздеусіз, бұрынғы тәжірибені мобильдеуде тез, сайлау негізінде, шапшаң жолмен, санасыз жинақтауда ақиқатқа жету. Интуицияны қосудағы жылдамдықтың мағынасы бар.

Интуитивтік ой қорытындысы қауіптің немесе апперцепцияның дамуын асып өтуі мүмкін. Бұл жағдайда біз дамыған, жылдам интуиция туралы айтамыз. Бұндай интуиция бізге дұрыс шешім беруі мүмкін. Оны диагностикалық және терапевтік үрдістерде қолдану маңызды.

Интуициясы дамыған мамандар қосымша кәсіби мүмкіндіктерге ие болады. Басқа терапевттерде интуиция өзін көрсетпеуі мүмкін (үнсіз интуиция) немесе жалған ақпараттармен қорытындыларды беретін интуиция (зақымданған интуиция). Интуициця үнсіз болған жағдайда, маман оның қорытындыларына сүйену мүмкіндігінен айрылады, және ол оның құралдарын кедейлендіреді.Егер интуиция жалған ақпарат берсе, оның көмегімен алынған қорытындылардан бас тартуға үйрену қажет, өйткені ол көп қателіктерден қашуға көмектеседі.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, көбіне интуиция үреймен зақымданады. Үрей деңгейі жоғары болса, соғұрлым маманның терапевтік мүмкіндіктері төмен. «Еркімен жүзген үрей» бұл қатынаста мейлінше деструктивті. Зақымданған интуицияда трансактивті анализдің ұғымдық аппаратын қолдана отырып, біз көбіне бұзылушылықты адамның Балалық жағдайында болатынын анықтаймыз және оны емдеу адамның Балалық жағдайдағы тұлғаны емдеумен байланысты болады.

Келесі негізгі мінездеме болып басқа адамның рухани және жан дүниесіне кіру қабілеттігі - эмпатия ұсынылады.

Адамның психикалық жағдайына ену және бағалау – эмпатияның қызметі болып табылады. Оның деңгейі туыла біткен қабілеттерге байланысты, бірақ арнайы жаттығуларда жоғарлайды. Эмпатия және күйзеліс, адамға жан ашу – бір-бірімен аз байланысқан ұғымдар. Эмпатия - бұл басқа адамның ішкі дүниесіне күйзеліссіз кіру.

Күйзеліс мүмкіндіктері симпатия деген атқа ие болды. Кейбір адамдарда симпатия деңгейі жоғары және олар үнемі қоршағандарға күйзеледі. Кейде шапшаң және үнемі күйзелу, эмоция ойлау үрдісін, гипотезаны құру қабілеттілігін қиындатады. Басқа көп жағдайларда, симпатия қабілеттілігі маманның науқасқа қосылуына, жақындауына мүмкіндігін және терапияның жалпы нәтижесін жоғарлатады. Басқа, шеткі нұсқауға шектелген, суық, күйзеліске төменгі қабілетті адамдар жатады.

Сіздің симпатияның қаншалықты дамығанын, оның тербелістерінің қандай екенін, оның қорларды терапевтік үрдісте жүдеуліксіз және астенизациясыз қаншалықты қолдану мүмкіндіктерін білу қажет.

Эмпатиясы жоғарғы деңгейдегі адамдарда симпатия көбіне төмен деңгейде болады. Жиі симпатиясы дамыған және эмпатиясы төмен дамыған адамдарды көп кездестіруге болады. Әсіресе, әйелдер арасында симпатияның жоғарғы деңгейі көп кездеседі. Ал ерлер арасында – эмпатия жоғарғы деңгейде. Симпатия жоғары және эмпатия төмен болса, адамның алдануға, жалған хабардар болуға ықтималдығы жоғары. Қандайда симпатия деңгейімен айрықшалансаныз да, сіз, әр бір адам секілді бұрынғы тәжірибе тұтқынында боласыз, апперцепция деп аталатын бұрынғының үктемдігінде өмір сүресіз. Осы көп қолданатын ұғыммен психикалық үрдістердің қазіргі кезде бұрынғы тәжірибеден, білім қорынан, рухани өмірдің жалпы мағынасынан, белсенді психикалық жағдайдан тәуелділігі айтылады. Адамның өмірлік тәжірибесі және оның сезіммен қамтылғандығы көп болса, соғұрлым ол жаңаны көру мүмкіндігі төмен, көбіне барлығын белгілі, зерттелген, апперцепция заңы бойынша түсіндіреді. Одан әрі, қоршаған ортаның жағдайлары мен құбылыстарынан тек таныс, үйренген шектерди ғана көреді.

Бұндай адамдарда жаңа және беймәлімнің үйреншіктіге, ескіге деген мәліметтің арнайы технологиясы қалыптасқан. Бұл адамдар мынадый мақалды алдыға қойып жүреді: «барлық жаңа – жақсы ұмытылған ескі». Апперцепцияға біз әлі ораламыз, ал қазір рефлексияға көңіл аударайық.

Рефлексия ұғымымен адамның өзінің ішкі дүниесін өзіндік тануы түсіндіріледі. Ол адамның рухани және жан дүниесінің ішкі құрылымы мен ерекшелігін ашатын өзін-өзі тану көмегімен жүзеге асады. Рефлексия үрдісі тұлғалық өсуге, жоғарлауға қажет. Позитивті және негативті рефлексия болады.

Позититі рефлексия өзіндік құндылығын және кемшіліктерін шығаруға, біздің құндылықтарымыздың даму жолдарын көруге, және кемшіліктерімізді азайтуға немесе асып өтуге көмектеседі. Нәтижесінде өзіндік тұлғаның позитивті бейнесі сақталады және бекемденеді.

Негативті рефлексияда кемшіліктерді ретінде көрсететілетін мінездемелер өзін-өзі бағалаудың төмендігін нығайтады. Мұндай адам өзінің мүмкіндіктерінің төмендігін үнемі есінде сақтайды. Ол өзіне сыншыл, өз мүмкіндіктерін бағалауда пессимист. Сонымен, біз өз мүмкіндіктерімізге, өз рухани және психикалық жағдайымызға жақсы сезінеміз, біздің сырт келбетіміз, кездесу жүргізілетін жердің күйі сұхбаттасушыға қандай әсер қалдыратынын сезінеміз. Енді жеке технологияларды баяндауға көшуге болады.

Біз әр технология туралы ақпараттарды толық сипаттамасы екендігін сақтай отырып тізбектеп беріп отырамыз. Бұның әр қайсысы жеке мақала немесе кітап пәні болуы мүмкін. Және де, технологиямен шамалы танысу аздау, әр техниканы зерттеп және оны біздің жеке, қайталанбас жүйемізге қосу қажет.

Терапевттің кәсіби мінез-құлқының жалпы стилін мазмұндайтын технологияны сипаттаудан бастаймыз.