Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уч_пособие_КН_2 вариант.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7.2. Стоматолог маманының науқасы. Дәрігер мен науқастың қатынасу ерекшеліктері.

Стоматологиялық тәжірибедегі дәрігер мен науқас жағдайының спецификасын айтатын болсақ, классикалық рольді мазмұннан ауытқитындығын байқаймыз. Дентальді аурулардың ағымы науқас жағдайын өзгертеді. Мұндай аурулардың тек екінші кезеңі ғана әлеуметтік міндеттерден босатады, яғни нағыз науқастың роліне енеді. Қалған уақыттарда тұлғаның тіс мәселесі күнделікті әлеуметтік міндеттермен қатар жүретін, оның жеке жұмысы болып қалады.

Индивдтің өзі жазылуына қызығушылық танытқанымен, әлуметтік жүйеде бұл сұрақ екінші орында тұрады. С. Кигилистің зерттеуі бойынша дентальді аурулар денсаулыққа өте ауыр асқынулар әкелсе де, тіс маманын қатынауға мотив бола алмайтындығын көрсетті. Көбіне стоматолог маманына бару ауырсыну сезімі немесе физиологиялық ыңғайсыздықтар шектен шықса ғана жүзеге асады. Тіс денсаулығының ролі әлеуметтік коммуникацияда едәуір белгілі. Тіс денсаулығы әлеуметтік индикатордың статусын қабылдайды. Шынайы дентальді дефектілер индивидтің әлеуметтік дискриминацияның себебі болады. Стоматологты қатынау тек қана медициналық мотивті факторлар ғана емес, ол сонымен қатар тұтынушы өнімі ретінде болады. Коммерциялық ұйымды стоматологиялық қызметтер науқастан материальді шығындарды талап етеді. Стоматологиялық науқастар қызметті сатып алушы құқығында болады. Науқас тіс маманын қатынауында біршама бөгеттермен кездеседі. Оның негізгісі емдеу үрдісіндегі ауырсыну сезімдері алдындағы қорқынышы. Науқас өзіне ыңғайлы уақытында дәрігерге жазылу және емнің сапасы жөніндегі, сонымен қатар шығындар жайындағы сұрақтары да маңызды рөл атқарады.

Стоматологиялық тәжірибеде стоматолог дәрігер маманы амбивалентті болып сипатталады. Стоматологиялық сфераның амбиваленттілігі, мысалы, «медицина - бизнес» ракурсында туындайды.Стоматологиялық тәжірибе коммерциялық шарттармен ұйымдасқан. 1878 жылы Британдық Медициналық журналында «Медицина – бұл мамандық, ал стоматология – бұл көп мөлшерде бизнес» атты мақаласы жарық көрген. Стоматолог мамандығы беделді және жоғарғы кіріспен сипатталады. Сонымен қатар, стоматолог мамандығы жоғарғы дәрежелі автономды болып келеді. Қандай да бір клиникада жұмыс істеп және өзінің кәсіптік беделін пайдалана отырып, дәрігер өзінің табыс мөлшеріне, жұмыс сағаттарына және шарттарына әсер ете алады. Науқас зардабын жеңілдете отырып, «қолмен жұмыс істеуге» (manual skill) бейімделу дәрігердің қанағаттануының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Дәрігерге байланысты стоматолог кәсібінің қажеттілігі және артықшылығы күшейеді. Стоматологиялық тәжірибедегі дәрігерлер эмоциональді жағдайларға байланысты түрлі қиындықтармен кездесіп жатады.

8 Бөлім. Мамандықтың кейбір этикалық мәселелері

Этика – бұл адам қызметінің әртүрлі сфераларында жиі қолданылатын түсінік. Сондықтан, этиканы философияның бөлімі ретінде шектемеуіміз қажет. Этика ғылым ретінде (грек тілінен ēthiká -дан ếthos – дәстүр, мінез, әдет-ғұрып) моральді және әдет-ғұрыпты оқытады. Термин ретінде алғаш рет Аристотель қолданған.Этика әдет-ғұрыптың тұрақтылығының заңдылықтарын, құндылықтарды, адам қоғамындағы моральдық шарттардың даму этаптарын қарастырады.Тарихи кезеңдерге байланысты тиісті, рұқсат етілген, моральді және аморальді, гуманды категориялары мағыналық метаморфоздарға ұшырады. Дәлдеп айтқанда, қоғамның талаптарына және даму жолдарында. Адамзаттың дамуының жаңаша этапында этикалық принцптер унифицирленген.

Этиканың қолданбалы мағынасы адамдар арасындағы әдет-ғұрып нормаларын, ғылыми ісденістерде, тәжірибелік қызметте қолданылады. «Кәсіптік этика» түсінігі кеңінен қолданылады. Бұл кәсіпке деген көз-қарас жүйелерінің, тәжірибенің, тұжырымның және дәстүрдің, идеяның жиынтығын айтады. Дәрігер және мейірбике этикасының және ғылыми медицинаның әтикасының түсінігі, бұл планетамыздағы медициналық қызмет тарихының әдет-ғұрыптық принцптерін қосады. Бұл жерде ерекше орынды медицина қызметкерінің кәсіптік парызы, кәсіптік компетенттілігі және деонтологиясы алады. Дәрігерлік парыз – бұл тарих бойы жиналған дәрігер мен науқасты, өзара дәрігерлердің және дәрігер мен қоғамның қарым-қатынасын реттеп отыратын нормалар мен талаптар жиынтығы. Кәсіптік парыз дәрігерлік мораль принцпінің ең басты көрінісі болып – гуманизмді көрсетеді (адамгершілік, адамсүйгіштік), ал басқаша алып қарасақ – гуманизм мен дәрігерлік парыз жиі қарама қайшылықты көрсетеді.Дәрігер кімге болса да медициналық қызмет көрсетуден бас тартуға болмайды. Бұл моральдық талаптар Гиппократ антында, Женевалық деклорациясында және басқа да құжаттарда көрсетілген.

Қазіргі уақытта медицина этикасының принцптері биомедициналық этика түсінігімен тұжырымдалып көрсетіледі. Ол медицина қызметкерлер тұлғасын әлеуметтік қорғау қызметін атқарады.

Қазір «биомедициналық этика» төрт түрде немесе модельде қарастырылады:

1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенімін алады. Дәрігерлік принциптер медицинаның әкесі Гиппократпен салынған (460-377гг.), дәрігерлік этиканың бастауы қазіргі уақытта да актуальді, танымал «Антта» көрсетілген.

2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырда дамыған. Негізгі мағынасы болып, дәрігердің науқаспен эмоциональді байланысының негізінде емдік үрдістің құрылуы табылады.

3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж туындаған (авторы Петров). Негізгі принцпі болып «ғұрыптық тазалық», «парызды қадағалау» табылады. 4. Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңаша түрі, негізгі принцпі «адам құқығы мен құндылығын сыйлау» болып табылады.

Биоэтика философиялық білімнің маңызды нүктесі болып табылады, ол жаңаша медицинадағы технологиялық құралдардың өзгерісімен, генді инженерия ғылымының туындауымен, трансплантологияның дамуымен және тәжірибелік, теориялық білімнің ұштасуымен байланысты болады. Қазіргі уақытта түсіктің этикалық мәселелері, жасанды ұрықтану, клондау, сексология және эвтаназия сұрақтары ерекше орын алады. Барлық осы үрдістер дәрігер, науқас туыстарының және ортаңғы мед.қызметкерлерінің алдындағы моральді мәселелерді шыңдады. Науқас сенімін тудыру мақсатында абайлап сөйлеуді және «дәрігердің сабырлы, байыпты мінез-құлқын, науқасқа қамқорлы және мұқият қарауын» талап ететін деонтологиялық этикадан биоэтиканың айырмашылығы құқық шиеленістеріне негізделеді, ол «ұрықтың өмірге деген құқығы», әйелдердің түсікке құқығы және науқастардың эвтаназияға құқықтығы («қайырымды, жақсы өлім»). Бұл жерде дәрігер тұлғасына қойлатын «зиян келтірме» және «өлтіріп алма» деген кәсіптік ережесіне науқастың «қолайлы өлімге деген құқықтығы» қайшы келеді.

Дәрігердің кәсіптік этикасы ең алдымен дәрігерлік парызын орындаушы адам тұлғасына бағытталған.