- •6 Лекция №6. Байланыс жолында қолданылатын кодтар 42
- •1 Сурет – Көпарналы байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы
- •1.1 Сурет – ктж-ның ықшамдалған сұлбасы
- •1.2 Сурет – ажб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •1.3. Сурет – в–3–3 жүйесінде жолдық спектрді құру сұлбасы
- •1.4. Сурет – к–60 жүйесінің сұлбасы
- •1.5. Сурет – Қорғаныс интервалы
- •1.6. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •3 Сигналдардың негізгі параметрлері
- •1.7. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның жұмыс істеу принципі
- •2.1. Сурет – Телефондық сигналдың динамикалық деңгейлері ықтималдығының тығыздығы мен оның динамикалық диапазоны
- •4.1Сурет – Сигналдың аналогты-цифрлық түрлендіруі
- •4.2 Сурет – Тікбұрышты импульстердің тізбегі (а) және Кск әр түрлі болатын тізбектердің спектрлік құрамы (б)
- •4.3 Сурет – Амплитудалық-импульсті модуляцияның түрлері:
- •4.4 Сурет – аим-1(а) және аим-2 (б) кезіндегі сигналдардың спектрлері
- •4.5 Сурет – Кск бірге ұмтылғанда аим-1 және аим-2 спектрлері
- •4.6 Сурет – Кванттау қатесінің пайда болуы
- •4.7 Сурет – Екілік кодтың түрлері:
- •4.8 Сурет – Рефлексті код лекция №5
- •Бөгеуілдер мен бұрмаланулардың түрлері
- •5.1 Сурет – Регенерациялау учаскесінің құрылымдық сұлбасы
- •5.2 Сурет – тжф арқылы өткендегі импульстің формасы
- •5.3 Сурет – Кабель учаскесінің тікбұрышты импульстің формасына әсері
- •5.4 Сурет – Флуктуациялық бөгеуілдер мен I ретті символаралық бөгеуілдердің қосылуы
- •5.5 Сурет – жжф арқылы өткендегі импульстің формасы
- •5.6 Сурет – бірліктер тығыздығы жоғары (а) және төмен (б) болғандағы II ретті бұрмаланулар
- •5.7 Сурет – Екі деңгейлі кодтар
- •5.8 Сурет – Импульстердің таңбасы кезектесіп алмасатын кодтар
- •5.9 Сурет – бір кабельді (а) және екі кабельді (б) жұмыс кезінде цтж арасындағы өзара әсер
- •5.10 Сурет – қрп (нрп) шахмат тәртібі бойынша орналастырғанда цтж арасындағы өзара әсер лекция №6 Цифрлық телекоммуникациялық желілер
- •6.1 Сурет
- •Плезиохрондық цифрлық иерархия
- •6.2 Сурет – «Тіктөртбұрыш» сұлбасы
- •6.3 Сурет – «Үшбұрыш» сұлбасы лекция №7 Синхрондық цифрлық иерархия
- •7.1 Сурет – stm-1транспорттық модулінің құрылымы
- •7.2 Сурет – stm-16 каскадты мультиплекстеу
- •7.3 Сурет – Скремблердің құрылымдық сұлбасы:
- •7.4 Сурет – Скремблердің шығысында тізбектің түзілу сұлбасы
5.2 Сурет – тжф арқылы өткендегі импульстің формасы
ТОБЖ-дағы дисперсия импульстердің бұрмалануына әкеледі. Бұрмаланған импульстердің формасы метал сымды кабельде сияқты гауссианаға ұқсас келеді.
5.3 Сурет – Кабель учаскесінің тікбұрышты импульстің формасына әсері
5.4 – суретте бірінші ретті бұрмаланулар мен флуктуациялық бөгеуілдің осы импульстерге қосылған кездегі импульстердің өзара әсері көрсетілген.
5.4 Сурет – Флуктуациялық бөгеуілдер мен I ретті символаралық бөгеуілдердің қосылуы
Суреттен нөлдік импульсті мұндай жағдайда (екі бірлік импульстердің арасында) анықтауға болмайтындығы көрсетілген. Тракттағы II ретті бөгеуілдер сигналдың спектрін төменнен шектейтін элементтермен анықталады (төменгі жиіліктер фильтрін ТЖФ түзетін). Металдық жұптары бар кабельдерде мұндай элементтер ролін сызықтық трансформаторлар атқарады. ТОТЖ-да ұқсас рөлді трактардың электрлік бөліктерінің бөлуші конденсаторлары атқарады. Мұндай жағдайлар үшін тракті параметрлері τн = (Rc+Rн)Ср немесе τн = L1/( Rc||Rн) болатын бөлікпен аппроксимацияланады. Rc және Rн сәйкесінше сигнал көзінің кедергісі мен жүктеменің кедергісі. Онда uвых = uвх е-t/τн және тікбұрышты импульстің формасы 5.5 – суретте көрсетілгендей болады. τв << τн болғандықтан 2 ретті бөгеуілдер қауіпті болады, себебі бұл импульстің әсері келесі трактілерге таралады. 5.6 – суретте символаралық II ретті бөгеуілдердің бірліктер тығыздығы жоғары (5.6 – сурет, а) және төмен (5.6 – сурет, б) болатын сигналдарға әсері көрсетілген. Бірліктердің тығыздығы жоғары болғанда импульстік тізбектің төмен қарай ығысуы бацқалады (сигналдың тұрақты құраушысы басылады). Импульстердің төбелері шешім қабылдау шегіне жақындай түседі және оларды анықтау қиындау түседі. Егер сигналдағы бірліктердің тығыздығы төмен болса, онда тұрақты құраушы сәйкесінше кіші болады және оның басылуы айтарлықтай өзгерістерге әкелмейді.
5.5 Сурет – жжф арқылы өткендегі импульстің формасы
5.6 Сурет – бірліктер тығыздығы жоғары (а) және төмен (б) болғандағы II ретті бұрмаланулар
Символаралық бұрмалануларды түзету
Трактың амплитудалық-жиілікті және фазалық сипаттамаларының (АЖС және ФС) коррекциясын жүзеге асырғанда символаралық бұрамаланулады айтарлықтай азайтуға болады.
Трактың АЖС және ФС-ның коррекциясы төменгі жиіліктерде регенератордың түзетуші күшейткішінің көмегімен жүзеге асырылады, яғни тек 1 ретті бөгеуілдерді бәсеңдетеді. Төменгі жиіліктер аумағында коррекция эффективті емес, сондықтан 2 ретті символаралық бөгеуілдері спектрінің төменгі жиілікті құраушылары айтарлықтай үлкен болмайтын сызықтық кодты таңдау арқылы бәсеңдетеді.
Жалпы жағдайда АЖС және ФС-ның коррекциясы трактың өткізу жолағын шексіз жоғары жиілікке дейін кеңеюді талап етеді. Бірақ бұл жағдайда регенератордың өзіндік бөгеуілдерге тұрақтылығы шексіз төмендейді, себебі бұл бөгеуілдердің спектрі біркелкі болып келеді, ал сигналдың негізгі энергиясы тар жиіліктер жолағында шоғырланған. Сонымен, корректорға қойылатын талаптар символаралық және өзіндік бөгеуілдерді жою тұрғысынан қайшы болып келеді.
Әр түрлі ЦТЖ жолдарында қолданылатын кодтардың түрлері
Әрбір балансты кодқа жеке цифрлық соманың өзгеру диапазоны сәйкес келеді. Бұл диапазонның шамасы сигнал спектрінің құрамындағы төменгі жиіліктер құраушаларының деңгейін анықтайды. Егер қабылдау жағында Zi+j мәні белгілі диапазоннан артық кеткен жағдайда сызықтық тракта қателер білінеді.
Алфавиттік және алфавиттік емес кодтардың барлығының ортақ кемшілігі қателердің көбею мүмкіндігінде. Кодтық кестелерді, яғни екілік символдар тобының М-ші код символдарына (олардың жалпы саны 2n, яғни (2n)! тең) сәйкес келю кестелерін таңдаған кезде бұл жағдайды ескерген жөн. Кодтық кестелерді таңдау критерийлерінің бірі ретінде декодтау процесі кезінде дара қателердің көбею коэффициентін минимизациялау критериін қолдануға болады. Екідеңгейлі кодтардың бөгеуілдерге тұрақтылығы ең үлкен болады, себебі бұл кодтардың рұқсат етілген деңгейлерінің саны минималды. Екідеңгелі кодтар оптикалық-талшықты байланыс жодары дамыған сайын кеңінен қолданылады, себебі мұндай жолдарда деңгейі басқа болатын кодтар қолданылмайды. Екідеңгейлі кодтардың мысалдары 5.7 - суретте көрсетілген.
Оптикалық-талшықты ЦТЖ-ларда NRZ коды (нөлге қайта оралмайтын код) кеңінен қолданылады. Синхрондық иерархиялы ЦТЖ-ларда әрқашан NRZ коды қолданылады. Нөлге қайта оралатын код RZ S3(0) және S2(t) типі импульстерінен құралады. Бұл кодтың жалғыз артықшылығы спектрінің құрамында тактілік жиілікті құраушысының болуында.
Абсолютті биимпілсьтік кодттарда АБК (ВIL) төменгі жиілікті құраушылар жойылады. Мұндай кодтарда бірлік импульс S3(0), ал нөлдік импульс S4(0) типті биимпульстермен таратылады. АБК кодының негізгі кемшілігі сигналды «теріс» қабылдау мүмкіндігі болып табылады, бұл жағдайда бірлік символдар нөлдік символдармен, ал нөлдік символдар бірлік символдарымен алмастырылады. Бұл кемшілік салыстырмалы биимпульстік кодта СБК (DBI) жойылады. СБК кодында бір бұған дейін болған импульстің өзгеруімен, ал нөл осы импульсті қайталаумен беріледі (5.7 - сурет).
