Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭжТН конспет лекц.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

7.1 Сурет – stm-1транспорттық модулінің құрылымы

Алғашқы 9 SТМ-1 бағаны қызметтік ақпаратты тасиды. 4-ші жолдан басқалары секциялық бастауды (заголовок) SОН құрайды. Бастаудың құрамына синхросигнал, қызмет көрсету және басқару байттары кіреді. Бастау регенерациялық секцияға RSОН және мультиплексті секцияға МSОН бөлінеді. 10-дан 270-ге дейінгі бағандар ақпараттық жүктеме аясын түзеді. Бұл аяға белгілі бір ережелердің негізінде жүктеме сигналдары енгізіледі. Жүктеме сигналдары мен SТМ кадрының арасындағы фазалық қатыстар 4-ші жолда және бірінші 9 баған ішіндегі (РТR) көрсеткіштерінде (указатель) көрсетіледі. Көрсеткіштердің көмегімен SТМ ағынының жеке құраушыларын демультиплекциясыз бөліп алуға болады.

Бірінші деңгейден жоғары ағындар SТМ-1 ағындарының белгілі бір санын синхронды-фазалық мультиплекстеу арқылы алынады. Жоғары деңгейдің модульдерінің матрицасын көлемді түрде көрсеткен ыңғайлы: SТМ-1 №1 матрицасына дәл сондай SТМ-1 №2 матрицасы қойылады. Мультиплекстеу синхронды-фазалық болғандықтан, әр түрлі нөмерлі SТМ-1 модульдерінің бірдей блоктары беттеседі. Сондықтан SТМ-N (N-ші деңгейдегі) модуліндегі қандай да бір байттың орнын анықтау үшін тек SТМ-1 модуліндегі дәл сондай байттың орыны және модульдің нөмірін белігеу керек.

RSОН және МSОН енгізу және қабылдау нүктелерінің арасындағы жабдықтардың жиыны сәйкесінше регенераторлық және мультиплексттік секцияларды түзеді. Олар техникалық қызмет көрсету элементтері болып табылады.

SТМ-1 модульдерінің блоктары мультиплекстеудің алдында түзіледі, сондықтан синхронды және синфазалы біріктіріледі. Жүктеме аялары мен көрсеткіштер алдын ала түзіледі, нәтижесінде SТМ-1 молудбдерін түзгенде осы аялардың компоненттері өзінің көрсеткіштеріне қатысты өзара біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеке көрсеткіш мультиплекстеу кезінде өзгертілуі тиіс. Бұл операция көрсеткіштерді үйлестіру деп аталады. N модульді SТМ-N модуліне біріктіру процедурасы тура мультиплекстеу деп аталады. Бірақ берілген деңгейдің модульдерін тізбектеп түрлендіруге болады, яғни SТМ-1-ді SТМ-4-ке, SТМ-4-ті SТМ-16-ке және әрі қарай біріктіруге болады. Мұндай мультиплекстеу каскадты деп алатады. Каскадты мультиплекстеу кезінде байттардың орналасу тәртібі тура мультиплекстеу әдісіндегідей болу үшін арнайы ереже қолданылады. Бұл ереже бойынша бірінші деңгей ағындары байт бойынша біріктіріледі, төртінші деңгей ағындары 4 байт бойынша біріктіріледі, ал он алтыншы деңгейдің ағындары 16 байт бойынша біріктіріледі және әрі қарай (7.2 - сурет). Суретте SТМ-16 каскадты мультплекстеу тәртібі көрсетілген, мұндағы СМ — синхрондық мультиплексорлар, А, В, ..., Р индекстері — біріктірілетін SТМ-1 ағындары, индекстердің жанындағы цифрлар байттардың нөмірлері.

7.2 Сурет – stm-16 каскадты мультиплекстеу

Синхрондық жүйелердің жолдық сигналдары оптикалық талшықтардың бойымен бірліктерге жоғары, ал нөлдерге төмен деңгейлер сәйкес келетін кодпен таралады.

Статистикалық қаситеттерді арттыру үшін (нөлдер мен бірліктердің үлкен қаттамаларының пайда болу ықтималдығын төмендету) сигнал скрембленеді. Бұл процедура кезінде екі бастапқы ағынды псевдокездейсоқ тізбекпен екі модулі бойынша қосады. СЦТЖ-да түзуші полиномы 1 + Х6 + Х7 болатын псевдокездейсоқ тізбектер қолданылады. Бастаудың (заголовок) бірінші жолынан өткенде (бұл жол скрембленбейді, себебі оның құрамында синхросигнал болады) скремблер «1111111» бастапқы күйге өтеді. Модульдің келесі биттері жүктеме блогының бірінші битінен бастап скрембленеді. Скремблердің құрылымдық сұлбасы 7.3 - суретте көрсетілген. Скремблер кері байланысы бар ығыстыру регистрі болып табылады. Таратушы жабдықта деректер скрембленеді, ал қабылдау жабдығында дәл осындай сұлба деректерді дескремблеу үшін қолданылады.