Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭжТН конспет лекц.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

5.7 Сурет – Екі деңгейлі кодтар

Өз кезегінде СБК кодында қателердің көбеюі байқалады. Шынымен, егер қайндай-да бір интервалда қате пайда болса, онда қате келесі импульсте сөзсіз пайда болады. Сонымен, СБК кодын қолданғанда қателердің көбею коэффициенті екіге тең. Қателердің көбею коэффициенті тактілік қаттамалардың (посылка) инверсиясы бар ТПИ (СМI) кодта азайтылады. ТПИ кодын қолданған кезде сигналдың спектрі биимпульстік кодтағы сигналдың спектріне ұқсас болады, бірақ спектрлік тығыздықтың максимумы ТПИ кодында төменгі жиіліктер интервалына ығызқан (0,42ft жиілігіне жақын орналасқан). Сонымен, бұл код талаптардың басым көпшілігіне жауап береді: бұл кодта сигналдардың спектрі тар, спектрдің төменгі жиілікті құраушылары басылған, құрамында тактілік жиіліктің құраушысы бар. ХЭО-Т ТПИ кодын тарату жылдамдығы 140 және 155 Мбит/с болатын цифрлық трактілердің интерфейстері үшін ұсынған.

Үшдеңгейлі кодтар (үтік және квазиүштік кодтар) ЦТЖ дамуының бірінші кезеңдерінде кеңінен қолданылды. Мұндай кодтарға импульстердің таңбасы кезектесіп алмасатын ИТКА (АМI) код жатады (5.8 - сурет ). Бұл кодтың кемшілігі біріншіден, бөгеуілдерге тұрақтылығының төмен болуында (екідеңгейлі кодтардың бөгеуілдерге тұрақтылығынан 6 дБ-ге кем), екіншіден, нөлдердің үлкен қаттамалары (пакеттері) өткенде хрондаушы сигналды бөліп алу мүмкіндігінің болмауында. Бұл код металдық өзектері бар кабельдермен жұмыс істейтін жүйелерге арналғандықтан бірінші кемшілік аса қатал емес, себебі мұндай кабельдерде бөгеуілдерге тұрақтылық айтарлықтай үлкен болады. Екінші кемшілікті жою әдістері жоғарыда келтірілген, бірақ бұл кемшілік модификацияланған импульстердің таңбасы кезектесіп алмасатын кодта МИТКА (МЧПИ) жойылады. МИТКА кодының басқа атауы бірліктердің тығыздығы жоғары болатын БТЖ (НDВ) код. БТЖ-3 кодының мысалы 5.8 - суретте келтірілген. ХЭО-Т БТЖ кодын тарату жылдамдығы 2, 8,5 және 34 Мбит/с болатын цифрлық трактілердің интерфейстері үшін ұсынған.

БТЖ-3 кодында төрт қатар келетін нөлдерді 000V немесе В00V тізбегімен алмастырылады, мұндағы В – импульстердің таңбасының кезектесіп келуін сақтайтын импульс, ал V – кезектесіп келуді бұзатын импульс (5.1 - кесте). V және В импульстерінің арасында импульстердің тақ саны болуы тиіс.

5.1 - кестесінде сонымен қатар В3ZS коды үшін нөлдер қаттамаларын алмастыру тәртібі келтірілген. Бұл кодта бірліктердің тығыздығы БТЖ-3 кодына қарағанда артық болады. ХЭО-Т желілік трактардың кейбір интерфейстері үшін В6ZS және В8ZS кодтарын ұсынады, бұл кодтарда нөлдер қаттамалары сәйкесінше 6 және 8 символмен алмастырылады. В6ZS коды үшін – 0BV0BV.

5.8 Сурет – Импульстердің таңбасы кезектесіп алмасатын кодтар

Егер барлық ЦТЖ бір кабель бойынша жұмыс істейтін болса, онда бір ЦТЖ-ны екінші ЦТЖ-ның қабылдауына тарату ең қауіпті әсер болып табылады (5.9 - сурет, а). Бұл жағдай коаксиалды кабель үшін қарастырылған жағдайға эквивалентті, бірақ эквивалентті генератордағы бөгеуілдің деңгейі

Рпп = Рпер - Аб + 10lgN,

мұндағы Аб — жолдың жақын шетіндегі өшу.

Егер ЦТЖ екі кабель бойынша жұмыс істейтін болса, яғни бір кабель ішінде бір бағыттағы тарату орын алатын болса, онда ЦТЖ арасындағы әсер сипатын 5.9 - суретінің (б) көмегімен ұғынуға болады.