Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭжТН конспет лекц.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6.2 Сурет – «Тіктөртбұрыш» сұлбасы

ОС, ТС, ШС станцияларының әрқайсысы қоректендіруші станция бола алады. Станциялардың арасындағы қашықтық 90 км –ге (өзектердің диаметрі 0,9 мм болған жағдайда) және 110 км (өзектердің диаметрі 1,2 мм болған жағдайда) дейін жетуі мүмкін. Олардың аравсындағы қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пунктердің (ҚРП) саны 28-ден артық болмауы тиіс.

ИКМ-30С жүйесі ИКМ-30 және ИКМ-30-4 жүйелерімен біріктірілуі мүмкін, себебі олардың тоғысу нүктелерінің параметрлері бірдей және олар бірдей ИТКА (AMI) кодын қолданады.

6.3 Сурет – «Үшбұрыш» сұлбасы лекция №7 Синхрондық цифрлық иерархия

1. SDH туралы ұғымы және оның негізгі қасиеттері

2. Негізгі қызметтері мен PDH алдындағы артықшылықтары

3. Желіні басқару және оның қолдану облысы

Цифрлық тарату жүйелерінің артықшылықтары

Әлемнің көпшілік елдерінде байланыс желілерін цифрлық желілерге алматсыру бағыты қабылданған. Бұл цифрлық тарату әдістерінің төмендегі қасиеттерінің болуымен түсіндіріледі:

- жоғары бөгеуілдерге тұрақтылық. Ақпаратты цифрлық түрде, яғни рұқсат етілген деңгейлер саны шектелген және белгілі бір анықталған жиілігі болатын символдардың тізбегімен көрсету осы символдардың регенерациясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл бөгеуілдер мен бұрмаланулардың таратылатын ақпараттың сапасына әсерін азайтады. Бұл жағдайда цифрлық жүйелерді аналогты жүйелер қолданыла алмайтын желілерде қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;

- ақпаратты тарату сапасының байланыс жолының ұзындығына тәуелсіздігі. Сигналдарды үлкен қашықтықтарға таратқан кезде регенерациялау учаскесінің ұзындығы және регенератордың жабдықтары сигналдарды кіші қашықтықтаға тарату кезіндегілдей өзгеріссіз қалады;

- ЦТЖ (ЦСП) арналарының параметрлерінің тұрақтылығы. Арналардың параметрлерінің (қалдықты өшу, жиіліктік және амплитудалық сипаттамалар, т.б) тұрақтылығы және бірдей болуы сигналдарды аналогты түрде өңдейтін құрылғыларымен анықталады. Мұндай құрылғылардың саны ЦТЖ жабдығында аз болғандықтан, цифрлық тарату жүйелерінде арналардың параметрлерінің тұрақтылығы аналогты жүйелерге қарағанда неғұрлым жоғары болады.

- дискретті сигналдарды тарату үшін арналардың өткізу қабілетін тиімді пайдалану. Дискретті сигналдарды тікелей ЦТЖ-ның топтық трактісіне енгізген кезде оларды тарату жылдамдығы топтық сигналды тарату жылдамдығына жақын болуы мүмкін;

- цифрлық байланыс желісін орнату мүмкіндігі. Цифрлық тарату жүйелері цифрлық коммутациялық станциялармен бірге цифрлық байланыс желісінің негізі болып табылады. Цифрлық байланыс желісінде сигналдарды тарату, олардың транзиті және коммутациясы цифрлық түрде жүргізіледі. Мұндай жағдайда арналардың параметрлері желінің құрылымынан тәуелсіз болады. Бұл сапасы мен сенімділігі жоғары болатын икемді тармақталған байланыс желісін салуға мүмкіндік береді;

- жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштер. Сигналдарды цифрлық түрде тарату және коммутациялау цифрлық желінің аппараттық кешенін цифрлық интегралдық сұлбаларды кеңінен пайдаланып толығымен электрондық негізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жабдықтарды шығаруға жұмсалатын еңбекті, нәтижесінде оның құнын, пайдаланатын энергиясын азайтып, жабдықтың түйіндерін жоғары дәрежеде унификациялауға және габариттік өлшемдерін кішірейтуге мүмкіндік береді.

ЦТЖ-ның аталған артықшылықтары цифрлық байланыс желісі жағдайында жоғары дәрежеде білінеді. Мұндай желінің құрамында тек желілік түйіндерде қосылатын және цифрлық коммутациялау жүйелері бар цифрлық тоғысу нүктелерімен аяқталатын цифрлық трактілер және цифрлық абоненттік қондырғылар кіреді. Қазіргі кезде аналогты желіге ЦТЖ-ны енгізу оны болашақта цифрлық желіге түрлендіруге негіз болатын базаны дайындау болып табылады.

СЦИ-дің (SDH) негізгі сипаттамалары

SDH – бұл физикалық тізбектер бойымен жүктемені тасу мақсатында стандартталған цифрлық құрылымдардың жиыны. СЦИ SDH цифрлық ақпаратты жоғары сапамен тарату мен автоматтандырылған басқару, бақылау және желіге қызмет көрсету процестерін біріктіреді. Аппаратураға ЭЕМ-ді енгізу ақпаратты желі бойымен тарату сенімділігі мен ақиқаттылығын арттырды, эксплуатациялық шығындарды төмендетіп, бақылау, басқару және қызмет көрсету функцияларын автоматтандырды (Operation, Administration, Managment, OAM). SDH арқылы қазіргі PDH сигналдары мен жаңа кеңжолақты қызметтер мен жүйелердің сигналдарын (АТМ және B-ISDN) таратуға болады.

Өткізу қабілеті 140 Мбит/с дейін болатын цифрлық біріншілік желінің арналары PDH иерархиясы шеңберінде түзіледі, ал өткізу қабілеті жоғары болатын арналар SDH шеңберінде түзіледі (2.1 - кесте). PDH және SDH иерархиялары өзара PDH ағындарын SDH жүйелеріне мультиплекстеу және демультиплекстеу процедураларының негізінде әрекеттеседі.

2.1 Кесте - PDH және SDH иерархиялары

PDH жүйелері

SDH жүйелері

PDH деңгейі

Тарату жылдамдығы, кбит/с

SDH деңгейі

Тарату жылдамдығы, Мбит/с

Е1

2048

sub-STM-1 (STM-0)

51.840

Е2

8448

STM-1

155.520

Е3

34368

STM-4

622.080

Е4

139264

STM-16

2488.32

SDH жүйесінде синхронды мультиплекстеу/демультиплекстеу жүзеге асырылады. Бұл SDH желісінде таралатын PDH арналарын тікелей бөліп алуға мүмкіндік береді. SDH желілеріне мультиплекстеу технологиясы PDH технологиясына қарағанда анағұрлым күрделі. Синхрондауға, тарату ортасының сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ желінің жұмысына маңызды параметрлерінің саны артты.

Е1 тарату жүйесінің құрамына OSI эталондық моделінің үш деңгейі кіреді: физикалық, арналық және желілік. Физикалық деңгей Е1 ағынының электрлік интерфейсі мен Е1 сигналының параметрлерін сипаттайды. Арналық деңгей иерархияның төменгі деңгейін (НЦА (ОЦК) 64 кбит/с және ТЖ арналарын) Е1 ағынына мультиплекстеу және демультиплекстеу процедураларын, Е1 ағынының циклдік және сверхциклдік құрылымын, қателерді бақылау процедураларын және т.б. сипаттайды. Желілік деңгей толық емес және оның құрамына тек бірнеше процедура кіреді.

Біріншілік желі бойымен таратуды жүзеге асырғанда цифрлық ағын стандартты логикалық құрылымның блоктарына – циклге түрлендіріледі. Циклдік құрылым мультиплекстеу және демультиплекстеу процедураларының жұмысын, басқару ақпаратын таратуды, сондай-ақ қателер параметрі бойынша диагностика жүргізуді қамтамасыз етеді.

Е1-дің циклдік құрылымының негізгі үш нұсқасы бар: құрылымсыз ағын, циклдік құрылымды ағын, циклдік және сверхциклдік құрылымды ағын.

Құрылымсыз Е1 ағыны деректерді тарату желілерінде қолданылады және оның циклдік құрылымы болмайды, яғни ол (НЦА – 64 кбит/с) бөлінбейді.

Циклдік құрылымды Е1 ағыны 32 НЦА 64 кбит/с арнасына, 0-ден 31-ге дейін арналық интервалдарға (Time Slot – TS) бөлінеді. Әрбір арналық интервал үшін 8 бит беріледі, сонда циклдің ұзындығы 256 бит болады. Бұл 125 мкс құрайды. Нөлдік арналық интервал циколдік синхрондау сигналы FAS (Frame Alignment Sigal) үшін беріледі.

Әр түрлі байланыс желілерін салуда қолданылатын жаңа телекоммуникациялық жүйелердің бірі цифрлық синхрондық иерархияға жататын телекоммуникациялық жүйелер жатады (СЦТЖ). СЦТЖ оптикалық-талшықты және радиорелейлік байланыс жолдарының мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалануға, икемді, сенімді, бақылау мен басқаруды жүргізуге ыңғайлы желілерді салуға мүмкіндік береді. СЦТЖ 155 Мбит/с-тан және жоғары тарату жылдамдықтарын қамтамасыз етеді және қазіргі жүйелердің сигналдарынан басқа жаңа, перспективті қызметтердің, соның ішінде кеңжолақты қызметтердің сигналдарын тарата алады. СЦТЖ аппаратурасы программалық түрде басқарылып, оның құрамына сигналдарды түрлендіру, оларды тарату, желілерді оперативті қайта қосу, телекоммуникацияларды бақылау және басқару құралдары кіреді.

Синхрондық цифрлық иерархияның ағындары тарату кадрларының (циклдерінің) тізбегі болып табылады. Мұндай кадрлар синхрондық транспорттық модуль деп аталады (SТМ). Иерархиялық сатыға (деңгейге) байланысты кадрдың нөмірі болады (1, 4, 16, 64 немесе 256). Жеке кадрдың ұзақтығы иерархия деңгейінен тәуелсіз, ол 125 мкс-қа тең, яғни кадрлардың пайда болу жиілігі 1/(125·10-6) = 8 кГц. Синхрондық транспорттық модульдерді тоғыз жолды матрицалар түрінде көрсеткен ыңғайлы. Мұндай матрицаның әрбір ұяшығы 1 байт ақпаратты тасиды. SТМ 8 кГц жиілікпен таратылатындықтан, әрбір ұяшықтың ақпаратты тарату жылдамдығы 8х8х103 = 64 кбит/с, яғни негізгі цифрлық арнаның (ОЦК) жылдамдығына тең.

Біріншілік ағынның синхрондық транспорттық модулінің құрылымы (SТМ-1) 7.1 - суретте көрсетілген. Матрица бағандарының саны ағын жылдамдығын 8-ге (байттағы биттердің санына), 8 кГц-ке (модульдерді тарату жиілігіне) және 9-ға (жолдар санына) бөлгенге тең. Біріншілік ағынның жылдамдығы 155520 кбит/с, болғандықтан, бағандардың саны 155520/8/8/9 = 270. SТМ-1 байттары жоғарғы сол жақ бұрыштан бастап жолдан жолға солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай таралады.