Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

1 Блок. Тест сұрақтары.

1. Мемлекеттік қорық дегеніміз:

А) табиғи кешендерді сақтап қалу мақсатында шаруашылық әрекеттерден шығарылып тасталған ерекше қорылатын табиғи территория;

Б) ауыл шаруашылық дақылдары егілетін, қорылатын территория;

В) жылдың белгiлi бiр маусымдарында аң аулауға рұқсат етiлетiн табиғи территория;

Г) мал бағуға ғана рұқсат етілетін табиғи территория;

Д) су құстарының ұясын қорғау үшін бөлінген территория.

2. Топыраңтың түзілу процесіне қатысатын биотикалық факторлар:

1. атмосфералық қысым;

2. ауа температурасы;

3. желдің жылдамдыгы;

4. тірі организмдердің түрлерді;

5. күн радиациясы.

3. Алғашқы тірі организмдер тек сулы ортада пайда бола алатын еді, себебі атмосферада мына зат болмаған:

1. инертті газдар;

2. СО2;

3. озон;

4. метан;

5. су буы.

4. Биосфераның тірі затының энергетикалық қызметінің нәтижесінде пайда болған қандай заттарды адам өзінің шаруашылық іс-әрекетінде энергия көзі ретінде пайдалана алады:

1. су ресурстарын;

2. судың толысуы мен қайтады;

3. күн радиациясы;

4. көмір және мұнай;

5. жел.

5. Жердің басқа геосфераларынан биосфераның айырмашылығы, оның құрамында:

1. бейорганикалық қосылыстардың болуы;

2. жарық радиациясының болуы;

3. химиялық элементтер мен жарықтың болуы;

4. тірі заттың болуы;

5. химиялық элементтерінің болуы.

6. Төменде келтірілгендердің қайсысы автотрофты организмдерге жатады:

1. саңырауқұлақтар;

2. буылтық денелілер (жәндіктер);

3. құстар;

4. адам;

5. жасыл өсімдіктер.

7. Шөлдік экожүйенің биотикалық факторларына не жатады:

1. топырақтың қышқылдық реакциясы;

2. жел;

3. жантақ өсімдігі;

4. ауа температурасы;

5. тәуліктің жарық бөлігінің ұзақтығы.

8. Биосфераның жоғарғы шекарасының болуы неге байланысты:

1 О3.;

2. СО2;

3. Н2О;

4. N2;

5. С2Н2О5.

9. Жердегi климаттың глобалдық жылуы нәтижесiнде қандай құбылыстар болады:

1. шөлдену процестерінің баяулауы;

2. тау түзілу процестерінің күшеюі;

3. әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуі;

4. әлемдік мұхит деңгейінің төмендеуі;

5. атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон концентрацияның жоғарылауы.

10. Тірі организмдер қауымдастығындағы "паразит-иеленуші" қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. геоэкология;

2. глобалдық экология;

3. аутэкология;

4. демэкология;

5. синэкология.

11. Тірі қалу мөлшері дегеніміз, бұл:

1. популяциядағы бір жылғы төлдердің белгілі бір уақыт аралығында тірі қалғандарының саны;

2. нақтылы қоршаған орта жағдайында бiр жыл iшiнде дүниеге келген төлдердiң саны;

3. нақтылы қоршаған орта жағдайында опат болған дара организмдердің саны;

4. антропогендік әрекет нәтижесінде опат болған дара организмдер саны;

5. сыртқы ортаның ең қолайлы (идеалды) жағдайларында қартайып өлген организмдердің саны.

12. Организмдер мен жансыз табиғат арасындағы байланыстарды зертейтін ғылым:

1. анатомия;

2. зоология;

3. экология;

4. география;

5. ботаника.

13. Продуценттердің экожүйедегі ролі қандай:

1. өлі органикалық заттарды ыдырату;

2. фотосинтез барысында күн энергиясын биологиялық энергияға аудару;

3. энергияны бір организмнен екінші организмге тасымалдау;

4. минералдық заттар қорын түзу;

5. шайынды суларды тазарту.

14. Автотрофты организмдер сулық экожүйелерде қандай систематикалық топ түрiнде кездеседi:

1. зоопланктон;

2. шаян тәрiздiлер;

3. су құстары;

4. моллюскалар;

5. планктон.

15. Қандай экологиялық факторлар абиотикалық факторлар қатарына жатпайды?

1. гидрологиялық және гидрофизикалық факторлар;

2. жер бедері (рельефі);

3. өсімдіктер және оларды тозаңдандыратын жәндіктер;

4. желдің жылдамдығы мен бағыты;

5. ауа температурасы.

16. Экологияның "Аутэкология" деп аталатын бөлімі қоршаған орта факторларының мыналарға әсерін зерттейді:

1. экожүйелердің қызмет атқаруына;

2. популяциялардың негізгі сипаттамаларына;

3. тірі организмдер қауымдастықтарының қызмет атқаруына;

4. түр түзілу процестеріне;

5. дара организмге.

17. Табиғи ортаның биотикалық факторларына жататын мыналар (неғұрлым дұрыс жауапты таңдап ал):

1. сулық экожүйенің тереңдігі;

2. жер бедері (рельеф);

3. ормандық экожүйенiң жер бедерi (рельеф) және жерасты сулары;

4. ормандық экожүйенің флорасы;

5. сулық экожүйенің температуралық режимі.

18. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады:

1. топырақтағы қарашірік қабатының артуы;

2. жанартаулардың (вулкандардың) атылуы;

3. глобалды жылыну эффекті;

4. ауру туғызушы микробтардың санының кемуі;

5. атмосферадағы оттегі мөлшерінің артуы.

19. Эндемиктер қатарына жататын түрлер:

1. барлық құрлықтарда (континенттерде) тіршілік ететін түрлер;

2. сусымылы құмдардың арасында тіршілік етуге бейім түрлер;

3. су түбіндегі жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктерге бекініп тіршілік ететін организмдер;

4. шектеулі ғана географиялық ауданда тіршілік ететін түрлер;

5. әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді түрлер.

20. Тәулiктiк жарықталу ырғағына организмнiң жауап реакциясы қалай аталады:

1. өзгергіштік;

2. фотопериодизм;

3. тыныс алу;

4. фотосинтез;

5. тұқым қуалаушылық.

2 блок. Тапсырмалар.

Көліктік кәсіпорынның бұрғылау білдегінің абразивті металдық шаң тозаңдардың жылдық және максималдық шығымдарын мөлшерін анықтаңыз.

Егер бұрғылау білдектің жұмысы сағатына ____ сағатты құраса.

Қорытынды жасаңыз.

3 блок.

Өркениет мәселелері және ғаламды экологиялық проблемалар. Қышқылды жауындар.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

«Өміртіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

№20 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

« Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Зальцман М.Д._________

«_____»______________2013ж.

№___ Хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]